Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды


Дәріс№1. Құқықтық антропологияның философиялық-теориялық негіздері



бет58/79
Дата18.08.2022
өлшемі0,99 Mb.
#148135
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79
Байланысты:
Философия силлабус

Дәріс№1.
Құқықтық антропологияның философиялық-теориялық негіздері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Адам мәселесі сана мәселесі сияқты философиядағы ең күрделі, шешімін таппай келе жатқан, әрі шешімі табылмайтын мәселе.
Философиялық антропология – кең мағынада, - адам табиғаты мен мәні туралы ілім, ал тар мағынада – XX ғ. батыс философиясындағы ағым, - өкілдері – Шелер, Плесснер, Гелен, Ротхакер, Хенгстенберг, Портман, Ландман және т.б.
Антропология (грек., antropos – адам, логос – ілім) – адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ілім;
Антропогенез – адам қалыптасуының эволюциялық процесі;
Антропогенез – адам мен қоғамның шығу тегі;
Ғылыми антропологиямен айналысқандар – К.Линней, Ж.Ламарк, француз археологы Б.Де Перт; Ч.Дарвин 1871 ж. «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыптау» деген кітап жазды. Ч.Дарвиннің теориясын қолдаушылар Т.Хаксли, Э.Геккель – адамның шығу тегінің симиалдық (лат., simia – маймыл) теориясының негізін салды.
Шимпанзе мен адамның – 91% гені ұқсас, гиббонмен – 76%, макака – резус – 60%; Ал морфологиялық белгілері бойынша ұқсастық: горилла – 385, шимпанзе – 369, орангутанг – 359, гиббон – 117; Брахиация – ағашқа шығу мен өрлеу. Ғылымда Шығыс Африка – адамзаттың алғашқы отаны деген пікір бар.
Адам нәсілінің шығу тегінің екі гипотезасы:

  • моногенетикалық гипотеза – адам нәсілі бір атадан шыққан, яғни Homo sapiens sapiens кезеңінде қалыптаса бастаған;

  • полигенетикалық гипотеза – адам нәсілі әртүрлі, бір-бірімен байланысы жоқ, әртүрлі материктерде өмір сүрген маймылдан шыққан. Антропология адамның шығу тегінің, эволюциясының абиотикалық, биотикалық және әлеуметтік факторларын зерттейді.

Маймылдың адамға айналуын қамтамасыз еткен негізгі алғышарттарды гоминидтік триада, яғни – тік жүру, қол мен мидың дамуын құрайды.
Антропогенездің негізгі кезеңдері:
Кайнозой дәуірі (67 млн. жыл бұрын – қазіргі заман) бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

  • Палеоген (67 млн. – 27 млн жыл бұрын): палеоцен (67 – 54 млн.), эоцен (54 – 38 млн.), олигоцен (38 – 27 млн. жыл бұрын);

  • неоген (27 – 3 млн бұрын): миоцен (27 – 8 млн.), плиоцен (8 – 3 млн);

  • ширектік (3 млн. бұрын – қазіргі заман): плейстоцен (3 млн – 20 мың жыл бұрын), голоцен (20 мың жыл – қазіргі заман).

Олигоцен дәуірінде (30 млн. жыл бұрын) ежелгі приматтар, ағаштық антропоморфтық маймылдар – дропиктер өмір сүрді.
Неоген дәуірінде рамапитектер (14 – 6 млн. жыл бұрын) Африка мен Үндістанда, кениапитектер (14 – 12 млн. жыл бұрын), австралопитек (лат., australis – оңтүстік, грек., pithekos – маймыл) – 9 – 2,5 млн. жыл бұрын өмір сүрді.

  • Homo habiles – епті, шебер адам, 2 – 3 млн. жыл бұрын Олдувайлық шатқалда (Танзания) тіршілік етті. Homo habiles австралопитек пен архантроптың (питекантроп пен синантроп) аралығында тұрды;

  • Homo erektus – тік жүретін адам, 1 млн жыл бұрын. Питекантроп (pithekos– маймыл, antropos – адам), синантроп (лат., Sina – Қытай). Бірлесіп аң аулау, отты пайдалану, дыбыс шығару, көмейдің жетілуі;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет