Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды



бет73/79
Дата18.08.2022
өлшемі0,99 Mb.
#148135
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   79
Байланысты:
Философия силлабус

Буддизм -Үндістанда (б.з.д. 5 ғ. Кейін), Қытайда, Оңтүстік- Шығыс Азияда (3 ғ. Кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни- философиялық ілім.
Апологетика (грек. Апологемай- қорғаймын, ақтаймын) -2-3ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздан ілім;
Реализм - нағыз болмысқа заттар емес, керісінше олардың жалпы ұғымы-универсалийлер ие дейтін ағым. Бұл Платонның “таза идеяларын” еске түсіреді. Реалистерге Эриугена (Иоан Скот), Ансельм Кентерберийскийді, Шамполық Гильомды және т.б. жатқызуға болады.
Номинализм (лат. Nomo-атау, есім) - шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар (универсалий) олардың атауы, аталуы болады дейтін схоластикалық философияның ағымы.
Прагматизм - абстрактті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты практикалық салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды.
Экзистенциализм (лат., ex(s)istentia-тіршілік) адамның ақиқи, ішкітұлғалық болмасы, субъект пен объекттің тікілей біртұтастығы, субъекттің өзінің “дүние-дегі - болмысын” бастан кешіруі.
Эмпиризм (грек., тәжіребе) - сезімдік тәжіребені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.
Идеалистік сенсуализм - түйсіктермен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли, Юм, Мах).
Қарапайым реализм - адамнан тыс тұрған заттарды, Құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді.
Гностицизм - дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;
Агностицизм - дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкіндігі шектелген деп түсінетіндер;(Иммануил Кант)
Индукция (лат., нысанаға алу) – ой қозғалысы процесінің жекеден ерекше арқылы жалпылыққа өтуі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет