Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды


Дәріс№2. Адам және оның болмысы философиялық және құқықтық антропологияның орталық мәселесі ретінде



бет62/79
Дата18.08.2022
өлшемі0,99 Mb.
#148135
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79
Байланысты:
Философия силлабус

Дәріс№2.
Адам және оның болмысы философиялық және құқықтық антропологияның орталық мәселесі ретінде
АДАМИ АДАМ
Философиялық әдебиетте адам баласының мынадай атаулары кездеседі: «саналы пенде», «саяси хайуан» (Аристотель), «табиғат мұраты», «өмір тұйығы», «өмірдің жалған адамы», «еңбек құралын жасаушы хайуан», «өзіндік санаға ие пенде», «моральдік және еркін пенде» және т.б.
Адам мәні, оның шығу тегі туралы негізгі көзқарастар:

  • космоцентрлік (табиғат, Ғарыштан келген);

  • теоцентрлік. Қасиетті Құран Кәрімнің «Мүминун» (23) сүресінде:

«Расында адамды нағыз балшықтан жараттық (23, 12); Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық (23, 13) Сосын тамшыны ұйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып жан салдық. Жаратушылардың шебері Ұлы Алла» («Мүминун», 23, 14 - аят);

  • социоцентризм (әлеуметтік);

  • антропоцентризм.

Адам мәні жөніндегі мәселеге философия тарихына үңілейік:

  • антикалық дәуірде адам – микрокосм, «кіші дүние», жан мен тән бірлігі, макрокосм бейнесі;

  • ортағасырлық христиандық көзқарас бойынша адам – Құдай бейнесі, адам дүниесі – ақыл, жүрек және ерік бірлігі;

  • Ренессанс философиясында адам – гармониялық автономды, дербес тірі бүтіндік, бітімді пенде;

  • Декарт. Адам – ақыл иесі. Тән – созылымды, жан ойлайды. Жанның айғақ мазмұны – сана. Ойлау – айқындық, сенімділік;

  • Кант. Адам биологиялық тұрғыда – құбылыс, ал әдептілік (мораль) мағынада – «өзіндік зат». Адам трансценденталдылық пен мінез-құлық, әдептілік еркіндігінің бірлігі;

  • Гегель. Адамның тарихилығы идеясы. Адам – жалпымәнділік рухты сақтаушы, мәдениет дүниесін жасаушы, рухани қызметтің субъекті;

  • Маркс. Еңбек ету қызметі. «... адам мәні әрбір индивидке тән абстракт емес. Өзінің іс-әрекетінде, қызметінде адам – барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» (Шығар., т.3, 3-б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет