«Өмір философиясы» адам ерекшелігін өмір феноменінде қарастырады:
а) органикалық, биологиялық нұсқасы – Ницше, Бергсон;
ә) мәдени-тарихи нұсқасы – Дильтей, Шпенглер;
б) ойлаудан тыс адам қабілеті, сезімдері – Гаман, Якоби;
в) адам ерік иесі – Шопенгауэр;
г) адам интуиция иесі – Баадер, Бергсон;
д) адам бейсаналық құпиясы – Фрейд, Юнг.
- экзистенциализм. Адам – тіршілік, болмыс, уақыт, уайым, осы шақ, үрейді бастан кешіретін «өмір тұйығы»;
- феноменология. Адам – дүниелік; интенционалды, қайғы, уайымның сыртқы дүниеге бағытталуы. Э.Гуссерль.
- Кассирер. Адам – символдық (рәміздік) мәдениетті жасаушы. Адамның тілде, еңбекте, дінде манифестациясы.
- Шелер, Плесснер – «философиялық антропология», арнайы, жеке ғылымдар – биология, психология, әлеуметтану негізінде адам туралы «біртұтас, бір ұғым» қалыптастыру;
- Н.Бердяев. «Философиялық антропология ешбір мағынада, ешбір дәрежеде ғылыми антропологияға тәуелді емес; өйткені адам-табиғаттық объект емес, асқан табиғи субъект. Философиялық антропология дегеніміз бүтіндей табиғат дүниесінің шеңберін жарып шыққан адамның өзіндік санасы» («Шығар. мағынасы», М., 1989, 298 – б.)
Индивид (грек., атом, лат., индивидум – «бөлінбейтін») – кез келген жеке түрде алынған адам тегінің, әлеуметтік тұтастықтың,белгілі қоғам мен топтың өкілі. Ол жеке, дара ғана емес, сонымен бірге өз ана тілін білмейтін, тіпті менсінбейтін «көптің бірі», «әйтеуір жүрген біреу» болуы мүмкін. Индивид өзінің табиғаттан бөлінгеніне, адам болып жаратылғанына мәз, оны әлеуметтік мәселелер, ұлттық идея, ұлт тағдыры қызықтырмайды;
Кісілік, даралық (орыс., индивидуальность) – адамның әлеуметтік маңызға ие қасиеттерді және осы сапа-қасиеттердің белгілі бір көріністерін бойына сініруі. Кісілік тек қана әртүрлі қабілетке ие емес, сонымен бірге олардың бейне бір тұтастығы болып табылады. Сонда оның бір қасиеті, бір қабілеті, дарындығы басқаларынан үстем болып тұрады; өзіндік, соны, талантты ерекшеліктері басым болады. Әр адамның таланттығы, сезімдері әртүрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен, біреудің поэзиядан, біреу белгілі қоғам қайраткері, біреу білікті маман және т.б. Бірақ табиғатынан ерекше болып жаратылған кісінің сөзі мен істеген ісі бір-біріне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Ол қатыгез, кінәмшіл, адамгершіліктен ада, «бұл өмірден бәрін алу керек деген психология», пара алатын, жеме-жемге келгенде ұлт мүддесімен де санаспайтын, кісімсінген кісі болуы мүмкін.
Тұлға (персона, орыс., личность, "личина" - жүз, бет, қабақ) – алғашқы мағынада антикалық театрда актерлердің киетін бетперде, маскасын білдірді. Қазірге кезде «тұлға» термині өзінің мағынасын өзгертті.
Тұлға енді өзінің таңдаған рөлін ойнамайды.
Кісілікте біз оның өзіндік ерекшелігін, ал тұлғада біз бәрінен бұрын оның жауапкершілігін, өздігіншелігін, тәуелсіздігін бағалаймыз.
Біз кісілік жөнінде "әйгілі", "көрнекті", "дарынды" - дейміз, ал тұлға жөнінде – "мәрт", "күшті" , "тәуелсіз", "сегіз қырлы бір сырлы" - дейміз.
Индивид, кісі өзінің іс-әрекеті, жүріс-тұрысының себептерін, жауапкершілігін сезіне бастаса – ол тұлғаға шексіз жақындай береді. Тұлғада бізді оның іс-әрекеті, қылығы, өзіне қандай жауапкершілік жүктегені қызықтырады. Оның адамгершілігі, адал ниеттігі, ізгіліктігі, инабаттылығы, мақсаттылығы, сөзде тұратындығы, жауапкершілігі, ұлттық мүддені көзінің қарашығындай сақтауы, зиялылығы, мәрттігі – бірінші орынға қойылады.
Тұлғаның қалыптасуына әсер етуші факторлар:
генетикалық тұқым қуалау;
мәдени орта;
өмір жағдайлары.
К.Маркс: «... жағдайлар адамдарды қалай жаратса, адамдар да жағдайларды солай жасайды» («Неміс идеологиясы»).
Достарыңызбен бөлісу: |