Философиялық антропология – кең мағынада, - адам табиғаты мен мәні туралы ілім, ал тар мағынада – XX ғ. батыс философиясындағы ағым, - өкілдері – Шелер, Плесснер, Гелен, Ротхакер, Хенгстенберг, Портман, Ландман және т.б.
Антропология (грек., antropos – адам, логос – ілім) – адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ілім;
Антропогенез – адам қалыптасуының эволюциялық процесі;
Антропогенез – адам мен қоғамның шығу тегі;
Ғылыми антропологиямен айналысқандар – К.Линней, Ж.Ламарк, француз археологы Б.Де Перт; Ч.Дарвин 1871 ж. «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыптау» деген кітап жазды. Ч.Дарвиннің теориясын қолдаушылар Т.Хаксли, Э.Геккель – адамның шығу тегінің симиалдық (лат., simia – маймыл) теориясының негізін салды.
Шимпанзе мен адамның – 91% гені ұқсас, гиббонмен – 76%, макака – резус – 60%; Ал морфологиялық белгілері бойынша ұқсастық: горилла – 385, шимпанзе – 369, орангутанг – 359, гиббон – 117; Брахиация – ағашқа шығу мен өрлеу. Ғылымда Шығыс Африка – адамзаттың алғашқы отаны деген пікір бар.
Адам нәсілінің шығу тегінің екі гипотезасы:
|