антикалық дәуірде адам – микрокосм, «кіші дүние», жан мен тән бірлігі, макрокосм бейнесі;
ортағасырлық христиандық көзқарас бойынша адам – Құдай бейнесі, адам дүниесі – ақыл, жүрек және ерік бірлігі;
Ренессанс философиясында адам – гармониялық автономды, дербес тірі бүтіндік, бітімді пенде;
Декарт. Адам – ақыл иесі. Тән – созылымды, жан ойлайды. Жанның айғақ мазмұны – сана. Ойлау – айқындық, сенімділік;
Кант. Адам биологиялық тұрғыда – құбылыс, ал әдептілік (мораль) мағынада – «өзіндік зат». Адам трансценденталдылық пен мінез-құлық, әдептілік еркіндігінің бірлігі;
Гегель. Адамның тарихилығы идеясы. Адам – жалпымәнділік рухты сақтаушы, мәдениет дүниесін жасаушы, рухани қызметтің субъекті;
Маркс. Еңбек ету қызметі. «... адам мәні әрбір индивидке тән абстракт емес. Өзінің іс-әрекетінде, қызметінде адам – барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» (Шығар., т.3, 3-б.).
Достарыңызбен бөлісу: |