Гуманитарлық пәндер



бет4/4
Дата20.06.2023
өлшемі52,05 Kb.
#179011
1   2   3   4
Байланысты:
Аралық аттестаттау Қазақ тілі-2023 ҮЛГІ

Практикалық тапсырмалар:



  1. Берілген сөздерге мағыналас сөздер табыңыз. Белсенді, үндестік заңы, нұсқа, құрылым

  2. Кітаби тілге жататын шағын мәтін жазыңыз.

  3. Мына сөздердің мағынасын ашыңыздар. Зоопраксископ, фотоаппарат, фотограф, кинематорграфия

  4. Топонимдер сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз. Ұлыбритания, Астана, Құтикөл

  5. Диалог, монолог терминдеріне анықтама беріңіз.

  6. Етістіктерге морфологиялық талдау жасаңыздар. Дауыстап, алыстайды, қойды, армандаған

  7. Интонация сөзіне ассоцация құрыңыз.

  8. Тілдік норманың басты белгілерін атаңыз.

  9. Оқу, футбол, тіл, мәдениет, театр, әнші деген сөздерді қатыстырып, бір сөзге ой екпіні түрліше түсетіндей үш сөйлем құрап жазыңыздар.

  10. Ынтымақ, бірлік туралы мақал – мәтел жазыңыз.

  11. Сөйлем мүшелеріне талдау жасаңыз. Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер.

  12. «Адам капиталы» дегенді қалай түсінесіз? Ассоциация құрастырыңыз.

  13. Берілген фразоеологизмдердің мағынасын табыңыз. Мірдің оғындай, мұртын балта шаппайды, ит тұмсығы батпайды ат төбеліндей, мұрнына иісі бармау

  14. «Өтініш» терминіне қысқаша анықтама беріңіз.

  15. Төмендегі сөздердің құрамын анықтап, сөйлем құраңыздар. Түсім, қаламақы, ғарышкер, көзбе-көз, күн сәулесі, екпе.

  16. «Көрермен, оқырман» тұлғасына ұқсас –ман, -мен қосымшалары жалғану арқылы жасалған сөздерді тауып жазыңыз.

  17. 5 мемлекет атауын жазып, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.

  18. Қызғалдақ туралы бес жолдан тұратын өлең құрастырыңыз.

  19. Гиннестің рекордтар кітабына отандасымыздың 90-жылдардың басында қол жеткізген жетістігінің тек жетеуі ғана енген. Сөйлемге синтактистік талдау жасаңыз.

  20. Бір буынды ат, ақ, су, жақ, тау сөздерінен туынды сөздер жасаңыз.

  21. «Егер мен саясаткер болсам...» деген сөйлемді өз сөздерімен аяқтап, ойыңызды 5 сөйлеммен түйіндеңіз.

  22. Кешенді фонетикалық талдау жасаңыз. Шешендік сөз, тапқырлық, нақыл сөз

  23. Көркем әдебиет стиліне екі сөйлемнен тұратын анықтама беріңіз.

  24. Астамшылық, мастану сөздерінің мағынасын талдаңыз.

  25. Берілген сөздерді түрлендіріп (жұрнақ, жалғау, шылау арқылы), 5 сөйлем мүшесінің қызметіне қойып сөйлем құрастырыңдар. Әлеует, бай, кедей, жомарт, сараң, мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет