|
|
бет | 2/4 | Дата | 20.06.2023 | өлшемі | 52,05 Kb. | | #179011 |
| Байланысты: Аралық аттестаттау Қазақ тілі-2023 ҮЛГІПрактикалық тапсырмалар:
Берілген сөздерге мағыналас сөздер табу. Белсенді, үндестік заңы, нұсқа, құрылым
Кітаби тілге жататын шағын мәтін жазу.
Мына сөздердің мағынасын ашу. Зоопраксископ, фотоаппарат, фотограф, кинематорграфия
Топоним сөздерге фонетикалық талдау жасау. Ұлыбритания, Астана, Құтикөл
Диалог, монолог терминдеріне анықтама беру.
Етістіктерге морфологиялық талдау жасау. Дауыстап, алыстайды, қойды, армандаған
Интонация сөзіне ассоцация құру.
Тілдік норманың басты белгілерін атау.
Оқу, футбол, тіл, мәдениет, театр, әнші деген сөздерді қатыстырып, бір сөзге ой екпіні түрліше түсетіндей үш сөйлем құрап жазу.
Ынтымақ, бірлік туралы мақал – мәтел жазу.
Сөйлем мүшелеріне талдау жасау. Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер.
«Адам капиталы» сөз тіркесіне ассоциация құрастыру.
Берілген фразоеологизмдердің мағынасын табу. Мірдің оғындай, мұртын балта шаппайды, ит тұмсығы батпайды ат төбеліндей, мұрнына иісі бармау
«Өтініш» терминіне қысқаша анықтама беру.
Төмендегі сөздердің құрамын анықтап, сөйлем құрау. Түсім, қаламақы, ғарышкер, көзбе-көз, күн сәулесі, екпе.
«Көрермен, оқырман» тұлғасына ұқсас –ман, -мен қосымшалары жалғану арқылы жасалған сөздерді тауып жазу.
5 мемлекет атауын жазып, оларға фонетикалық талдау жасау.
Қызғалдақ туралы бес жолдан тұратын өлең құрастыру.
Гиннестің рекордтар кітабына отандасымыздың 90-жылдардың басында қол жеткізген жетістігінің тек жетеуі ғана енген. Сөйлемге синтактистік талдау жасау.
Бір буынды ат, ақ, су, жақ, тау сөздерінен туынды сөздер жасау.
«Егер мен саясаткер болсам...» деген сөйлемді өз сөздерімен аяқтап, ойды 5 сөйлеммен түйіндеу.
Кешенді фонетикалық талдау жасау. Шешендік сөз, тапқырлық, нақыл сөз
Көркем әдебиет стиліне екі сөйлемнен тұратын анықтама беру.
Астамшылық, мастану сөздерінің мағынасын талдау.
Берілген сөздерді түрлендіріп (жұрнақ, жалғау, шылау арқылы), 5 сөйлем мүшесінің қызметіне қойып сөйлем құрастыру. Әлеует, бай, кедей, жомарт, сараң, мол.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|