Х. ДосмҰхамедов



бет58/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

Жалақының жүйесі – бұл еңбек үшін ақының мөлшерін оның нақты шығындарымен немесе нəтижелерімен өлшеудің белгіленген тəсілі. Еңбекке ақы төлеудің əр түрлі жүйелері бар, алайда, негізгілері ретінде екі жүйені атауға болады: мерзімді жəне кесімді.
Еңбекке ақы төлеудің кесімді-сыйақылық жүйесі белгіленген еңбек шарасына сəйкес есептелетін негізгі жалақыға қоса қосымша ақы – сыйақыларды енгізуді білдіреді. Сыйақыларды төлеу белгіленген нормалармен салыстырғанда қосымша нəтижелерге жетумен байланысты. Əдетте сыйақы негізгі жалақының алдын-ала белгіленген бөлігі ретінде белгіленеді.
Еңбекке ақы төлеудің аккордтық жүйесі кезінде жекелеген операциялар мен жұмыс түрлерін орындаған үшін емес, аккордтық тапсырмаға кіретін белгілі бір жұмыстар кешенін орындаған үшін ақы төленеді. Аккордтық тапсырма бойынша есептелетін жалақының сомасы уақыт нормасы мен осы кешенге кіретін жұмыс түрлерін бағалауды ескерудің нəтижесінде анықталады. Əдетте еңбекке ақы төлеудің аккордтық жүйесі қызметкерлер ұжымы үшін белгіленеді жəне іс жүзінде бригадалардың еңбегінің соңғы нəтижесі бойынша еңбекке ақы төлеудің ұжымдық жүйесінің бір түрі ретінде қарастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, аккордтық жүйе кесімді ақы төлеудің басқа түрлерінен мынасымен ерекшелінеді: бұл кезде тапсырманы орындау үшін берілетін жалақының
жалпы сомасы қызметкерлерге жұмыс басталғанға дейін жарияланады. Кəсіпорында немесе ұйымда еңбекке ақы төлеудің нақты жүйесін белгілеу еңбек нормаларына (жұмыс істеу, уақыт, қызмет көрсету нормалары) негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет