Х. ДосмҰхамедов


-дәріс. Жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері Дәріс мақсаты



бет87/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

18-дәріс. Жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері Дәріс мақсаты: қажетті материалдарды баяндай отырып, тақырыпты қолданыстағы заңдарға сай меңгерту.
Жоспар: 1.Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері.
2.Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың еңбегін реттеу ерекшеліктері.

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары бойынша кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, демалыс уақыты және басқа да еңбек жағдайлары саласындаЕңбек Кодексінде белгіленген қосымша кепілдіктерді пайдаланады. 18 жасқа толмаған тұлғалар үшін жұмыс уақытына, жұмыс режиміне, зиянды, ауыр ж.не қауіпті еңбек жағдайларынан қорғануға қатысты жеңілдіктер мәселесі қозғалмақ. Мемлекеттің мұндай қолдауы жастарға жұмысты өзін- өзі дамытумен үйлестіруге және өсіп келе жатқан ағзаны ж.не психикасын сау күйінде сақтауға мүмкіндік береді. 18 жасқа толмаған тұлғалардың еңбегін қорғауға қатысты ерекше шаралардың мазмұны мыналардан тұрады:



  • Ауыр дене жұмыстарына ж.не зиянды ж.не (немесе) қауіпті еңбек жағдайларына 18 жасқа толмаған тұлғаларды қабылдауға жол берілмейді;

  • Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің өздеріне белгіленген шекті нормалардан артық жүктерді тасуына және қозғалтуына тыйым салынады.

  • Жастарды жұмысқа алу шектелген. Орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда он бес жасқа толған адамдар ата-анасының немесе қорғаншысының, қамқоршысының келісімімен жеке еңбек шартын жасаса алады.

  • Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шарттары алдын ала міндетті медициналық тексеруден кейін ғана жасалады. Одан әрі қызметкерлер он сегіз жасқа толғанға дейін жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтуге тиіс.

  • Кәмелетке толмаған қызметкерлер үшін еңбекақысы толық уақыт ретіндегідей саналатын қысқартылған жұмыс уақыты көзделген.

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерге:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспайтын;
2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын;
3) білім беру мекемелерінде оқитын және оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар алып жүретін он төрт жастан он алты жасқа дейінгі оқушыларға - күніне 2,5 сағат, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі оқушыларға күніне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
2.Жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді. Егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта және одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс аяқталған күнге дейін ұзартуға міндетті. Әйелдердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады. Әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын жүкті қолмен көтеруіне және жылжытуына тыйым салынады. Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің жүктерді қолмен көтеруінің және қозғалтуының шекті нормаларын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып айқындайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты жалпы еңбек стажына, мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет