Х х-дыбысы мен әрпі



Дата06.02.2022
өлшемі389,16 Kb.
#27309
түріСабақ

Мөлдір Тәженова Тәжібайқызы,
Қ. Байменов атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы

Сабақтың тақырыбы:Х х-дыбысы мен әрпі


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Хх-әрпі мен дыбысы туралы білім беру сөз ішінен х әріпін табу, мәтінімен жұмыс жасату.


Дамытушылығы: баланың тілін бейнелі сөзбен байыту, сөйлеу мәдениетін салауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру.


Тәрбиелігі: Тазалыққа, адамгершілікке, имандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Салауатты , әрі таза жазуға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.


Әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру әңгімелесу әдісі.

Көрнекілігі: х-дыбысынан келетін сөздер ойын элементтері, асхана суреттері интерактивті тақта.


Пәнаралық байланыс: дүниетан, математика, дене шынықтыру.


Сабақтың барысы:


1: Ұйымдастыру сәті:
2: Психологиялық дайындық:
-Балалар, қазіргі қай сабақ?
Әліппе сабағынан не үйрендіңдер?



  • Ендеше барлық өткен дыбыстарға байланысты бірнеше білетін тақпақтарымызды еске түсіріп, айтып көрейік.

И-дыбысы Имек қайшы ине де тұрады бәрі сөреде.


Й- дыбысы. Йог болам деп қанаттай, йогурт жеді Қаратай!
Г-дыбысы. Күн нұрын шашады, күнбағыс гүлін ашады.
З-дыбысы. Зеріккенде шынықтым, зор болуға тырыстым.
Ұ-дыбысы. Ұядағы қарғалар, балапанын қорғайды.
Ү-дыбысы. Үйрек түнде ұшпайды, үкі күндіз ұйықтайды.
П-дыбысы. Алты басты айдаһар, ертегіде ғана бар!
Я-дыбысы. Бақшада өсер көп қияр, суарса оны Бақтияр.
Ю-дыбысы. «Ю» мен бітер қашанда, «Аю» , «Ою» жазғанда.

6. «Мектеп кітапханасы»


Мәтінін оқып беріп, мағынасын түсіндіру. Балалардың өзіне тізбектей оқыту.


Мектеп асханасы.
Нан туралы тиым сөздер мен мақалдарды айту.
Тиым сөздер.

  1. Нанды бір қолмен үзуге болмайды. Ол кесір болады.

  2. Нанды теріс қоюға болмайды

Мақал мәтелдер.

  1. Дастарханында наны жоқтың тамағының сәні жоқ.

  2. Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің.

  3. Нан тамақтың атасы, Ынтымақ көптің батасы.

«Кім көп біледі»? ойыны.


Мына сөздерді буынға бөл?


Ем-хана, ас-ха-на, ха-ми-да, ха-мит, ха-сан.
9. Дәптермен жұмыс.
Хх-әрпін әдемі, көркем жазу. Ауада жазу. Тақтада жазу
1. Шығармашылық тапсырма.

Осы кезде жаңа үзілісте бізге газет тарататын апайды білеміз бе? Иә сол кісі бізге хат алып келіпті. Ол хатты ашып оқимыз ба? Иә ол президенттен хат екен. Сендер білесіңдер ме? Алда қандай мейрам келе жатыр. 1-Желтоқсан. Яғни президент күні.


Мұғалім: Қош, көрейік кімнен келді екен. Почташы: Астана қаласынан екен.
Президентіміз Н. Ә.Назарбаевтан келіпті (оқиды)
Қ. Байменов атындағы жалпы орта мектептің 1әсынып оқушыларына.
Қымбатты достар! Бүгінгі өтіліп жатқан алғашқы ашық сабақтарың құтты болсын! Мен сендердің осы уақытқа дейін оқуды қаншалықты меңгергендеріңізді білу мақсатында бірнеше сұрақтар беремін.
Кім жақсы жауап бере алса, сол келешекте Қазақстанның ел басқаратын сенімді азаматы болады. Іске сәт достар.

  1. Рәміздерді ата?

  2. Қазақстан, Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

IV. Сабақты қорытындылау. Бағалау оқушылардың білімін мақтап, мадақтап бағалау.
Үйге тапсырма беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет