Мұхтар Әуезов «Жетім»
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Жетім»
Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Мақсаты:
Білімділік: Әңгімені алдымен мәнерлеп түсініп оқушыларға оқып беріп, оқу дағдыларын қалыптастыру, әңгіменің тақырыбын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлауын, көз алдына елестету, қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
интерактивтік тақта, бейнетаспа,
Көрнекіліктер: М. Әуезовтің шығармалары, портреті.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтар:
1. Үйге қандай тапсырма берілді?
- Асқар Дулатовтың «Аяулы Жақан» әңгімесін оқып келу және мазмұнын айту.
2. Үйдегі дайындық бойынша әңгіменің мазмұнын кім айтады?
3. Ал енді балалар мына сызба бойынша Міржақыпқа сипаттама жасайық.
Міржақып
Ерекшелігі: Сыртқы түр - әлпеті қалай суреттелген?
Автордың көз қарасы, ойы.
1. Жақаң деп не үшін айтылған?
- Міржақов Дулатовқа деген сыйдың бір құрметі.
III. Дәйексөз.
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, мына жердегі дәйексөзге көңіл аударайық:
« Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес». (М. Әуезов)
(бір оқушы оқиды)
Сұрақ:
1. Өз тілін, әдебиетін білмеген деп нені айтып тұр деп ойлайсыңдар?
( тілін білу, әдебиетің білу)
Ал енді мен сендерге тереңірек түсіндіріп берейін.
Әр ұлт өз тілін білу керек.
Өз тілін білген адам, өзінің өткенін біледі.
Өткені дегеніміз ол - тарих, тарихтың айнасы - әдебиет.
Біз одан оқып білеміз.
2. Ал енді мына слайд шоуға назар аударыңдар.
М. Әуезов туралы мәліметті сендер толық алдыңдар деп ойлаймын.
М. Әуезов туралы не білеміз?
Мухтар Әуезов
↓
Қазақтың ұлы ғұлама жазушысы.
Қазақты әлемге танытқан қоғам қайраткері.
Шығыс Қазақстан облысында туған. (1897 - 1961ж)
Драматург
М. Әуезовтің бүкіл әлемге тараған 4 томдық роман эпопеясы қалай аталады? «Абай жолы»
ΙV. Жаңа сабақ М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі.
Осы әңгіменің мазмұнын мен сендерге қысқаша айтып өтейін.
Ситуациялық сұрақ.
1. Қасымның қашуы дұрыс па еді? Неге кері қайырылмады?
2. Сен Қасымның орнында болсаң не істер едің?
Сөздік жұмысы: Қиянат - әділетсіздік. Қаға беріс - шеттеу.
М. Әуезовтің шығармалары бойынша түсіндірілген «Көксерек», «Қараш - қараш оқиғасы» атты фильмдер бар, және бүгін танысатын «Жетім» әңгімесі - халықтың қалын, ортасынан шыққан, қарапайым адамдардың өмірін сипаттайтын әңгіме.
V Топқа бөлу.
1) Ғылым тобы
2) Тілшілер тобы (жазу)
3) Бейнелеушілер тобы
I. Ғылыми топ
Оқулықпен жұмыс: /мәнерлеп оқытамын/
Мәтінді бөлімге бөлу
1. Жалғыз жаяу
2. Қасымның әжесінен айрылып қаралы күйге түсуі.
3. Иса мен Қадишадан көрген қорлығы.
4. Тау ішіндегі қорқыныш.
5. Ағашқа қатып қалған бала.
ІІ. Тілшілер тобы (жазу)
Тілшілер тобы (жазу)
1. Жеті түнде Қасымды айдап шыққан кім? (әңгіменің қай бөлімінде)
2. Қасымның әжесінен айырылуы.
3. «Жетімнің малына қианат қылма! Өзін адам ет, күт, асыра, жылатпа!» деп кімге тапсырды?
4. Қасымның ойы неден шатасты?
5. Тау ішіндегі түнгі қорқыныш.
6. Қарама қайшы элементтер.
ІІІ. Бейнелеуші топ.
7. 1. Табиғат балаға қалай көрінеді? Оны табиғатпен байланыстырайық. Көңіл күйінің үндесуі. Бөлім бойынша сурет сал.
8. 2. Кім рөлге кіріп Қасымды бейнелей алады?
9. 3. Қасым жеті түнде неліктен жалғыз жаяу келе жатты?
10. 4. Қасымның тағдыры неге қиын болды?
11. 5. Әңгіме неліктен жетім деп аталған?
VІ. «Ойлау» стратегиясы.
«Жетім» — деп кімдерді айтамыз? Көз алдарына кімдер елестейді?
Жетім.....................
VII. Мақал - мәтелдермен жұмыс
1. Жаңбыр жаумаса — жер жетім.
Үйрек қаз кетсе көл жетім
2. Ері жоқ ел — жетім
Елі жоқ ер жетім
Парықсыз болса, сөз жетім
VІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Оқиға желісі - Қасымның өмірден көрген қиыншылығымен басталды
Немен аяқталды? Қорқыныштан жүрегі жарылды. Қасымның өлімі.
Шығарманың идеясы және құндылығы: Жетім көрсең жебей жүр. Әр бала өзінің ата - анасымен бақытты. Ата - ананың қадірін бағалай білейік. Қоғамның айналасындағы адамдарға немқұрайлықпен қарауы
2. Мақал - мәтелдерді сәйкестендіру:
1. Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас
2. Қара көзден нұр тайса,
Айналаң қара түн болар.
3. Жақсы - жаңына жолдас.
Жаман малыңа жолдас
4. Жаман сөз жүрекке тастай тиеді.
5. Қорқаққа қос көрінеді.
Тәрбие отбасынан басталады.
Салыстыру. Қазіргі заманмен салыстырғанда жетімдер бар, бірақ олар Үкімет үйінде /балалар үйінде тәрбиеленеді/
3. Дегенмен, балалар үйінде қаншама жағдай жасалынса да ата - ананың мейірім шуағына ешнәрсе жетпейді.
Анасының қасында қара су ішкенге не жетсін!
Ана мейірімін көрмеген бала осы өмірге риза бола ма екен? — деп Елімізде жетімдер саны азаю үшін қандай тілек айтасыңдар?
Балалардың тілектерін қағаз бетіне түсіру
АНА, ӘКЕ, АТА, туған — туыс
ІХ. Бейнетаспадан балалар және шетелдегі балалар туралы.
Қорытынды.
Балалар, бүгінгі сабақ барысында танысқан шығармамызға сүйенсек негізгі ойы не деп ойлайсыңдар?
Нені білдік?
Нені білгіміз келеді?
Қай жерде жүрсеңдер де, қоғамнан өз өмірін таба алмай, өмірдің қиын тағдырына ұрынып, арақ сияқты жағымсыз қылықтарға әуестеніп кеткен адамдарға жек көрінішті кейіппен қараудан аулақ болыңдар, өйткені ондай адамдардың арамызда көп болуына қоғамдағы Иса сияқты адамдар, біздер кінәліміз. Әке – шешенің қамқорына зәр болған, Қасым секілді Құрбы - құрдастарыңа оң көзбен қарап, жанашырлық танытсаңдар нұр үстіне нұр болатынын, өз мәртебелерің артатынын естеріңнен шығармаңдар.
Жерде жетім жыласа,
Көкте періште қайғырады - дейді.
Жетімін жылатпаған ел болайық
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын менде аман
ХІ. Бағалау.
ХІІ. Үйге тапсырма. «Жетім» әңгімесін оқып, мазмұнын біліп келу.
Достарыңызбен бөлісу: |