Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай.
Мақсаты: Жылдың төрт мезгілінің ішіндегі күз мезгілінің ерекшелігін ұғындыру.Табиғатқа деген көз қарастарын қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Осындай мақсатпен мектебімізде 31 қазан күні «Аяулы күз,алтын күз»атты ертеңгілік болып өтті.Іс-шараға оқушылардың ата-аналары шақырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |