Қарттары көп ел – қазыналы ел.
Қартаю деген әрқалай
Қартаяр әркім әр түрлі.
Кәрілікті қалар байқамай,
Балам бар деп марқайып,
Бар өмірін өткізген.
Қарт мұңлыққа шалқайып,
Қадірлей біл қартыңды!
Аталар мен әжелер немере үшін ең жақын аяулы адамдар.Қазақ отбасындағы әжелер орны ерекше,әрі қадірлі.Әжелер – отбасының ғана емес,әулеттің де ұйытқысы және ақылшысы.Әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып,үлкен-кішіні тани бастайды.
20 қазан күні біздің де мектепте қарттарды құрметтеу айлығына өз үлесімізді қосу мақсатында «Әжелердің мерекесі»болып өтті.Шараға оқушылардың әжелері қатысты.Оқушылар әжелерге өздерінің дайындаған мерекелік бағдарламасын ұсынды.Сұрақ-жауап арқылы әжелерге сұрақтар қойып,жауаптар алды.
Өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын әжелеріне табыс етті.Шара соңында Түлкібай әже мектеп ұжымына,балаларға риза болып,бата берді.
Достарыңызбен бөлісу: |