1- желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне арналып сынып сағаты өтті.
Мектепте алдын-ала мерекені тойлауға арнайы жоспар құрылып,бекітілді.Әр күн жоспар бойынша өтіп отырды.Мектеп іші-сырты безендірілді.Арнайы бұрыш жабдықталды.
Сынып сағаттары ұйымдастырылып,өткізілді.
Мақсаты:
Қазақ халқының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын,халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі: шарлар,суреттер.
Балалар өздерінің өлең,әндерін шырқап,өздеріне көп мағлұматтар алды.Сынып сағатына барлық оқушылар белсенді қатысты.
1-4 сыныптар арасында мерекеге орай «Қызықты жарыстар»ұйымдастырылды.Оқушыларды екі топқа бөліп,әртүрлі эстафеталық ойындар өткізілді.
Сурет көрмесі ұйымдастырылды.Елбасы туралы өлеңдер оқу сайысы өтті.
16-желтоқсан күніне орай сынып сағаты ұйымдастырылды.Оқушылар шығарма жазды.Өлеңдер оқып,сұрақ-жауап арқылы әңгіме жүргізді.
Достарыңызбен бөлісу: |