Х. Клизмалар. Жел шығаратын түтік Тазарту клизмасын қою



бет7/11
Дата25.01.2022
өлшемі48,4 Kb.
#114174
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
КЛИЗМА
КЛИЗМА, КЛИЗМА
101. Майлы клизманы қою
Максаты: емдік: ішек бұлшык еттерін босансытуға, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.

Көрсеткіштері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату. жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.

Қарсы көрсеткіштері: асказан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтік, лоток, Жане шприці немесе алмұрт тәрізді баллонша, шпатель, қолғап, салфеткалар, клеенка, жаялық, вазелин майы, 100-200 мл мөлшердегі майлы ертінді, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялыкты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

  3. Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтірілуі керек.

  1. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өңдеп, қолғапты киіңіз.

  1. «Су» моншасында t – 380С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

  2. Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыныз.

  3. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

  4. Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.

  5. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.

  6. Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцінен шығарып алыңыз.

  7. Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.

  8. Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншанын ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  9. Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.

  10. Науқасқа ынғайлы жағдай жасап және терең демалуын сұраңыз. 10-12 сағат ішінде деңе жағдайын өзгертіуін сұраңыз.

  11. Қолғап, салфеткаларды ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  12. Алжапқышты дезерітіндімен 2 рет 15 мин арлығымен сүртіңіз.

  13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту:

  • емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;

  • майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз;

  • наукас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет;

  • майлы клизманы түнде қою қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет