4-тапсырма. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз. "Адам бойындағы асыл қасиет" Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.
Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.
Әлемге әйгілі ғалым Платон «Біз ұлт тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз» деген екен. Демек ұл - елдің қорғаны, қыз - болашақ ана. Адамның мәдениетті болмағы әдептен. Әдеп нормаларын білуге және сақтауға кез-келген адам талпынуы керек.
Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы , бір сырлы болып өз өмірінің суретшісі болуы керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң әрқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, шыншыл, еңбексүйгіш, адамдық асыл қасиеттерге бай болсаң, өсе келе ата-анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Қазақта мынадай сөз тіркестері жиі кездеседі: Рухани адам. Адам рухы, рухани байлық, рухы жоғары. Осы тіркестерге мұқият зер сала отырып, « рух» деген нәрсенің адам денесіндегі бір қуат екендігіне көз жеткізуге болады.
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады. Адамгершілік қасиет ең бірінші әр баланың отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрседе ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.