Х. Сарсанбайға Ақтау қаласы, 33-30-97 87718468497 87089481097 Сіздің Маңғыстау облысы әкімі Н.Ноғаевтың атына жазылған өтінішіңізге
Ақтау қаласының әкімдігі Сіздің ЖТ-С-99 өтінішіңіздегі мәселемен таныса отырып, төмендегі хабарлайды:
Жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты және есепке алу қағидаларын регламенттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы 2020 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №949 Қаулысына сәйкес, қаржылық және материалдық көмек алу үшін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасына жататындығыңызды растайтын құжатыңызбен № 19 мектеп-гимназиясының әкімшілігіне хабарласу сұралады.
Сонымен қатар, мектепте оқитын 2 балаңызды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 24.04.2020 жылғы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары» №158 бұйрығына сәйкес, құжаттарыңызды жинақтап, мектеп әкімшілігіне ұсыну керектігін қаперіңізге береді.
Қала әкімі Н.Қилыбай