11
ISSN 2224-5278
Series of Geology and Technical Sciences 1. 2022
бірегей із қалдыра алатын ерекше изотоптық белгілері болады. Изотоптық анализдердің көмегімен
судың бүкіл гидрологиялық циклдегі қозғалысын бақылауға болады: булануы, жойылуы, сүзгіленуі,
ағыны және тағы сол сияқты.
Бұл жұмыста, салыстырмалы түрде арзан болып келетін және ұзақ
бақылау циклдерін қажет
етпейтін, кешенді тәсілді пайдалана отырып, Маңғыстау облысындағы жерасты суларының генезисін
зерттеу нәтижелері ұсынылады. Бұл ретте, 2021 жылдың қыркүйек айында алынған сынамалардың
химиялық, изотоптық құрамдары (
18
O,
2
H) және тритий концентрациясы (
3
Н) туралы деректерді, су
алмасу жылдамдығын және судың қалыптасу жағдайларын зерттеу үшін пайдаланылғаны көрсетілген.
Сынама алынған аймақтар Каспий маңы гидрогеологиялық ойпатының оңтүстігінде, үлкен ауқымды
Тұран тақтасының оңтүстік-батыс бөлігіндегі, Маңғыстау-Үстірт
гидрогеологиялық ойпатында
орналасқан.
Радиациялық қауіпсіздік және экология институтында (ҚР Ұлттық ядролық орталығында) LGR
912-0008 жоғары сезімтал лазерлік спектрометрде су үлгілерінің изотоптық құрамдарына (дейтерий,
оттегі-18 және тритий) талдау жүргізілді. Стандарт ретінде VSMOW стандарттары қолданылды,
3
H
радионуклиді TRI-CARB 2900TR сұйық сцинтилляциялық бета спектрометрінде өлшенді.
Түйінді сөздер:
жерасты суы, Маңғыстау облысы, изотопты зерттеу әдістері, дейтерий, тритий,
оттегі-18.
Достарыңызбен бөлісу: