Хабаршы №1-2 (5-6) 2012 Вестник «Казахстан-Россия: стратегическое партнерство в XXI веке»



бет17/18
Дата05.01.2017
өлшемі5,75 Mb.
#6383
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


5 words. Students are divided into groups. Each team tells 5 phrasal verbs to each other. The main purpose of the game to make a sketch (make a story) using all phrasal verbs. Given verbs must to be different, so it will be interesting to make a sketch. Teachers can devote this game to their own themes. e.g. the theme of the lesson according to their syllabus is Student’s life. So, they can use all phrasal verbs connected to the educational sphere, but it is not necessary.

Domino. The main purpose of this game is to play a game and use correct collocation of phrasal verbs. Player should put correct preposition on verb and explain the meaning of the verb, and keep playing until he/she gets wrong usage or he can’t explain the meaning of the phrasal verb.

30 days on uninhabited island. The main aim of the game is to create and speak on a story about 30 days on uninhabited island. Students have to use 20 different phrasal verbs in their story.

Winner. Students are divided into groups; they have to write as many phrasal verbs as they know and speak on their explanations. The winner will be a group who writes more phrasal verbs and explains them.

Funny cards. There are 30 cards with phrasal verbs. This game is played by two people. The main aim of the game is to gather as more as possible correct usage of the phrasal verbs. Let’s say, if student gathers 18 from 30 cards it will mean that students win. Cards are given in next way: students are given 4 cards (verbs only), other 5 cards (prepositions only) are opened on table. According to the lot students’ start they first run. So, they have to gather as much as possible correct prepositions to their phrasal verbs, and speak on a correct collocation of phrasal verbs.

Reading” games – help to immediately define phrasal verbs in a context and to understand their meaning.

Matching phrasal verbs. Students have to read and match the following phrasal verbs according to the correct meaning:

Phrasal verb

correct meaning

  1. Finish off

  1. leave one’s place of work as a protest; go on strike

  1. Chunk away

  1. important discovery or advance

  1. Hunt down

  1. to reject, vote against

  1. Mess with

  1. to cause disorder to something

  1. Throw out

  1. to through away something, get rid of something

  1. Walk out

  1. to search for something until it is found

  1. Breakthrough

  1. to finish completely

Movie. The main aim of the game is to read subtitles of a played movie and give their defections. The duration of the game is about 15- 20 minutes.

Stars. Students are given papers in shape of stars with short text on it. The main aim is to read out the text and fill in the gaps with correct phrasal verb.

Bubbles. This game is shown on interactive board. Students are divided into groups into green bubbles and pink bubbles. Green and pink bubbles will appear in order. Inside of the babbles are phrasal verbs or the meaning of the phrasal verb. Each team has to read own bubble and to define the correct answer.

Writing” games – help to write correctly phrasal verbs in a letter, an essay, to remember many before studied and new phrasal through out writing skills.

5 words. Students are divided into 2 groups. Each team writes 5 phrasal verbs to each other. The main purpose of the game to write a story using all phrasal verbs. Given verbs must to be different, so the story will be interesting.

30 days on uninhabited island. The main aim of the game is to write a story about 30 days on uninhabited island. Students have to use 20 different phrasal verbs in their story.

Life list. Students write their life list - 12 important things which they have to do before they complete their studies at the university using phrasal verbs.

Winner. Students are divided into groups; they have to write as many phrasal verbs as they know with their explanations. The winner will be a group who writes more words.

Stars. Students are given papers in shape of stars with short text on it. The main aim is to read out the text and fill in the gaps with correct phrasal verb.

To summarize above mentioned, it is very important for all teachers to create a better way to teach their students. And with the help of game methods in teaching phrasal verbs, they will certainly succeed.

Teaching and studying phrasal verbs is very important in modern English. As far as you understand phrasal verbs and use them correctly in your speech, you will never be an outsider of the world.

References

McArthur, Tom: “The Oxford Companion to the English Language”, Oxford University Press. – 1992.



  1. Strang, Barbara M. H. A history of English. London: Methuen & Co. ltd.- 1974.

  2. Jacobs, Roderick A. 1995. English syntax: A grammar for English language

professionals. New York: Oxford University Press.

  1. Hopper, Paul J. 1999. A short course in grammar. New York: W.W. Norton & Company

  2. Williams, Joseph M. Origins of the English language: A social and linguistic history. New York: The Free Press. – 1975.

  3. http://www.nytimes.com The New York Time. Guilty Until Proved Innocent.- By JOE NOCERA. Published: January 20, 2012

  4. http://www.nytimes.com The New York Time. Bad Year for Wall St. Not Reflected in Chiefs’ Pay. By SUSANNE CRAIG. Published: January 20, 2012

  5. http://www.nytimes.com The New York Time. U.S. Jobless Claims Fall Sharply. By THE ASSOCIATED PRESS. Published: January 19, 2012

  6. http://dictionary.cambridge.org

  7. М.Ф. Стронин. «Обучающие игры на уроке английского языка». М. Просвещение-1981.

  8. http://www.usingenglish.com

  9. http://www.petrova.21416s01.edusite.ru/p20aa1.htm



Түйін

Мақалада автор шетел тілінде (ағылшын) фразалық етістіктерді ойын методикасы арқылы оқытуды қарастырады, сонымен қатар автор өзінің ойын методикасы бойынша класификацияны ұсынады.



Кілтті сөздер: ойын методика; классификация; фразалық етістіктер; оқу ойындар.
Abstract. In this article game methods of teaching phrasal verbs in a foreign language (English) are studied where the author offers own game methods classification.

Key words: game methods; classification; phrasal verbs; teaching games.


Н.Е. Бөгенбаев,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университеті түркітану

кафедрасының PhD докторанты


Қазақ-хакас халықтарының дүниетанымындағы

көне түрктік ортақ ұғымдар
Түйін

Мақала қазақ‑хакас халықтарының дүниетанымындағы көне түрктік ортақ ұғымдарды ғылыми тұрғыда дәлелдеп көрсетуге негізделген.


Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірді мекендеген түрк тілдес ру-тайпалардың бірігіп, VІ ғасырдың орта шенінде Ұлы Түрк қағанатын құрғаны тарихтан белгілі. Осындай Ұлы империя құрған түрктер тағдырдың жазуымен екіге айырылып, бірі шығыста қалса, екіншісі Орталық Азиядағы түрк тектес тайпалармен этникалық байланысқа түсіп, әлемге әйгілі Батыс түрк қағанатын құрды. Байырғы түрктерден тараған халықтар бүгінде Сібірден Қара теңізге, Орта Азиядан Шығыс Европа даласына дейінгі аумақтағы территорияда өмір сүріп жатыр.

Белгілі түрктанушы Н.А.Баскаков: “Алтайская семья языков и ее изучение” атты еңбегінде Оңтүстік Сібірдегі түрк тілдес халықтардың бірі хакастардың тілін шығыс ғұн тармағының ұйғыр-оғыз тобына жатқызса, Батыс түрк қағанатының тікелей мұрагері болып саналатын қазақ халқының тілін қыпшақ-ноғай тобынан таратады. Бұл тілдік жіктеуден (классификациялаудан) екі халықтың бір-бірінен алыс емес екенін көруге болады. Қазақ-хакас халықтарының тілімен қатар тұрмыс-тіршілігі және әдет-ғұрыптары да өте жақын. Мысалы, хакасша «азығ», қазақша «асу» орысша «переваль» деген мағнаны береді. Хакасша «айа», қазақша «алақан» аялау, алақанда аялау, әлпештеу дегенді білдіреді. «Айа» деп қазақтарда алақанның ортасын айтады. Қазақтар аю десе, хакаста «аба» деп аталады. Қазақта «абажадай», «апай төс» яғни үлкен, дәу деген мағына беретін сөздер де бар.

Сондай ақ қос халықта да жас балаға нағашыларының тай мінгізуі, үйленгенде үлүc (үлес) беріп бөлек шығару (қазақша «енші беру») бар. Одан бөлек жыл, ай мезгілдеріне байланысты ортақ сөздермен қатар ортақ ұғымдар да көптеп кездеседі. Мысалы, сәуір айын «көөк» деп атайды яғни қазақтар тәрізді көкек құсымен байланыстырады. Хакастар түсінігінде бұл айда көкектің алғаш шиқылықтағаны тіршіліктің жанданып, табиғаттың жаңаруымен тұспа-тұс келеді. Хакастарда жүкті әйелдердің қоянға қарауына болмайтыны, қазақтарда жүкті әйелдің қоян етін жесе туылғанда баласының ерні жырық болып туылады деген ырымымен мағыналас келеді және тсс [1, 70 б.].

Тағы бір ортақ ұғым – «құт» сөзі. Құт – хакастарда адамның жаны дегенге келеді [1, 85 б.]. Көне түрктерде де жанды құт деп білген. Қазақ халқында бір нәрседен қатты қорыққанда зәрем қалмады, құтым қашып кетті, яғни зәре-құты қалмады деген сөз тіркесін кездестіреміз. Мұндағы зәре-құты сөзін кейде жаны қалмады, жаным шығып кете жаздады деп те айтып жатады. Көне түрктер құтты үшке бөлген: ауа құт, жер құт және ие-құт. Түрк тілдес халықтардың бірі саналатын Якут халқының дүниетанымында да адамның үш құты бар деп есептелінген. Олар: буор-кут (жер-құт), салгын-кут (ауа-құт), ижә-кут (ие-құт немесе ана-құт) деп үшке бөлген. Жан тапсырғалы жатқан якут адамы «кутум», «сүрүм» (о жаным) деп жан қиналысын білдіреді екен [2, 72 б.]. Якут халқындағы ижә-кут (ие-құт) деп отырғаны біздің қазақтағы «зәре құт»болуы керек.

Барлық түрк тектес, түрк тілдес халықтарда құт сөзі байлықтың, ырыстың, бақ пен берекенің нышаны, сонымен қатар «жан» және «рух» мағынасында да қолданылады. Күлтегінің құрметіне қойылған тас жазуда құт сөзі бірнеше рет кездеседі. Мысалы, «Ұмай текті анам қатынның құтына (бағына) орай, інім Күлтегін ер атанды». Сондай-ақ Білге қаған ескерткішінде де «Тәңір жарылқап, құтым-бағым бар болғандықтан өлімші халықты тірілттім» дейді [3, 188, 258 бб.]. Бұл жолдардан құтым-бағым деп кеудемде жаным, басымда бағым болғандықтан, аз халықты ел еттім деп «құтты» Тәңірдің сыйы ретінде айтып отыр. Түрк тілдер тобынан басқа да Тунгус-манчжур тіл тармағы оның ішінде тунгус тобының эвенкей тілінде «куту» сөзі «жан» деген мағынаны білдіреді екен [4, 225 б.].

Байырғы түрктер дүниетанымында әйел-құдай – Ұмай ерекше құрметке ие болған. Ұмай ана – отбасы мен бала-шағаның қорғаушысы болған. Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: “Тәңірі, Ұмай, қасиетті жер-су ықыласын берген екен!”, – делінеді [3, 318 б.]. Ұмай – барлық түрк тектес халықтардың наным-сенімдерінде сақталған. Қазақтарда Ұмайды кейбір кездерде «Май ана» деп те атап жатады. Мұндағы май сөзі отқа май тамызу ғұрпымен байланысты болуы керек. Хакас халқында жарық беруші от құдайын от-ене деп атайды. Ол отбасының қамқоршысы, жылулық пен жарық сыйлаушы, қара күштерден қорғаушы және байлық пен табыс әкелуші деген ұғымға ие. Отбасының ырысын сақтау үшін От құдайы от-ененің құрметіне үш қасық май тамызу хакастарда осы күнге дейін сақталған [1, 159 б.]. Сондай–ақ, қазақтарда үйленген кезде күйеу жігіттің де, келіннің де босаға аттарда үш рет отқа май тамызу салты сақталып келуде. Хакастардағы от-ене сөзінің түп төркіні байырғы түрктерден бастау алса керек. От-ана (хакасша от-ене) ұғымы қазақтарда да бар, ол - от-ана кейін от-ан, «отан» болып өзгерген болуы ықтимал. Оған халқымызда «отан от басынан басталады», «отан-ана» деген мақалдар ел арасына кеңінен таралғандығын айта кетуге болады. Ұлы түрк қағанатының негізін салушы Бумын өзін ел-қаған, ал әйелін хатун деп жариялағанын қытай деректерінен белгілі. Мұндағы «қатун» титулы ел анасы, отан анасы, яғни от-анасы деген мағынаға саяды. Осындағы отан сөзінің түбірі «от» сөзінен шығып отырғанын аңғару онша қиын емес. От әрі жарық әрі жылу беретін қасиетке ие болғандықтан оны анаға теңеу табиғи заңдылық. Ал бүкіл адамзат ұғымында ана құшағынан ыстық әрі одан қымбат ешнәрсе жоқ.

Хакастар кейде баланы бесікке бөлер алдында Ұмай анаға «Моя святая мать с кудрявой головой! Не давай (злым силам) протягивать холодные руки, не давай наступать холодными ногами. Прогоняй сквозь землю, прогоняй с громом по небу!» деп сиынатын болған [5, 404 б.]. Мұндағы «кудрявой головой» деген сөзді тікелей аударғанда «бұйра басты», «толқынды» болып шығады. Түрк дәуіріне жататын біршама тас мүсіндерде төбесінде үшқырлы (толқынды, бұйра) бас киімнің үлгілері көрсетілген. Көптеген ғалымдар мұны әйел тас мүсіні десе, кейбір зерттеушілер жоқ бұл түрк қоғамындағы абыздардың (шаман, культтік қызмет атқарушы адам) бейнесін беруші ер адам мүсіндері деген пікірлерді алға тартады. Мұндай үшқырлы бас киім үлгілерін Шаш оазисінен табылған көне монеталарда да бейнеленген. VI-VIII ғасырларға жататын бұл монеталарды Батыс түрік қағанатының қағандары өз аттарынан шығартып отырған. Монеталардың бетінде «Тарду қаған» ябғу – қаған теңгесі, «Тун яғбу - қаған» теңгесі деген соғды тілінде жазылған жазулар бар. Түн Яғбу қаған монетасында бейнеленген портретте қағанмен бірге оның ханымының да бейнесі суреттелген. Қаған шаштары екіге жарыла тарқатылған күйінде суреттелген, ал ханымының басында үш қырлы бас киімнің үлгісі көрсетілген [6, 14 б.]. Сондай-ақ археолог Айман Досымбаеваның зерттеуіндегі (Жамбыл облысы, Шу ауданы) Жайсан 26 тас мүсінінде «үш мүйізді» бас киім үлгісі суреттелген. Ғалымның «Батыс түрк қағанаты» атты еңбегінде осы «үш мүйізді» мүсінге қатысты біршама зертеушілердің пікірлері келтірілген. Сол пікірлердің ішіндегі С.М.Ақынжановтың «үш мүйізді» бас киімді мүсінді түсіндіруде «мүсіндердің екі мағыналық мәні: әйел жағынан арғы ата-бабасының культін құрметтеу және шаманның бейнесі» деген жорамалы шындыққа жақын келетін секілді [7, 45 б.]. Жоғарыда айтылған «о менің бұйра басты қасиетті анам» деп, ұмай анаға сиыну сөзі хакастарға бүгін ғана келмеген болар. Бұл сөз көне түрктерден тек осы елде ғана сақталып қалған болуы әбден мүмкін.

Хакастар мен қазақ халқының дүниетанымына қатысты ортақ ұғымдарды салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан да кездестіруге болады. Мысалы, қонақтарға ет тартқанда сыйлы қонаққа жамбас тарту – қазақтарда ежелден бар дәстүр. Хакастарда да сыйлы қонаққа қойдың артқы бөлігін ұсынған, тек оларда жамбасты «көчік» деп атаған [5, 421 б.]. Бұл дәстүр (жамбас тарту) мал өсірген дала халықтарының бұзылмас ортақ ережесі. Сақ дәуірінде мәйітпен бірге жылқыны ер-тұрманымен көму ғұрыпы болса, түрк қоғамында бұл ғұрыпқа біршама өзгерістер енгенін археологиялық деректерден көруге болады. Түрк жерлеу орындарында қойдың құйрығы мен ірі қараның артқы (жамбас мүшесі) бөліктерін қою әдетке айналған. Бұл дәстүрден о дүниеге кеткен марқұмға деген құрметтілікті көруге болады.

Қазақта тазы жүгіртіп, құс салу ежелден бар саятшылық өнер. Тазының хас жүйрігін «құмай тазы» деп атаған. Қазақ аңызы бойынша құмай тазы сары-ала қаздың жұмыртқасынан шығады. Сары-ала қаз расында да жұмыртқасын аңның ұясына салады. Ол кезінде бір байдың қарғысқа ұшыраған қызы деген аңыз да бар, сондықтан да етін жеуге және атуға тиым салынған. Бұл мифологиялық тазы (ит) хакастарда «турфан» деген құстың жұмыртқасынан шығатын «хубай хус» деген атпен белгілі. Хакас аңызында бұл киелі құстың жұмыртқасынан құлағы мен қанаты қара, аппақ күшік шығады делінеді [5, 431 б.]. Екі халықтың да жүйрік тазыны құсқа телуінде құстай ұшқан жылдамдық пен шапшаңдықты көрсетуге негізделген дүниетанымдық негіз жатыр. Қазақ аңызы бойынша бұл құстың жұмыртқасын басқа аңдар іздеп жүріп жеп қояды екен, ал хакастарда бұл құс жұмыртқасын өзі жарып тастайды, себебі мифологиялық тазыдан ұшқан құс, жүгірген аң құтыла алмайды. Жер бетіне құмай тазының еш уақытта шықпайтыны да сондықтан.

Келесі бір ортақтықты музыкалық аспабтардан кездестіруге болады. 2008 жылы Монғол Алтай жотасының бір сілемі Жарғалант-қайырқан тауының Нүхэн-хад (Үңгір тас) деген үңгірінен көне музыкалық аспаб табылған болатын. Бұл шертпелі аспабты түрктанушы Қаржаубай Сартқожаұлы нақты ғылыми дәйектермен көне түрк дәуірінің домбырасы екендігін дәлелдеп берді. Мұндай көне музыкалық аспаб тек бұл ғана емес, оған қазақтың кәдімгі жетігенін де қосуға болады.

Жетіген – жеті шекті, шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі. Оның құлақ күйі жеті асықты ілгері-кейінді орналастыру арқылы келтіріледі. Шанағы тұтас ағаштан ойып жасалады. Шектері аттың қылынан тағылады. Бұл аспабты көбінесе қыздар тізеге қойып, шертіп ойнайды.

Жетіген аспабының - қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы екендігін ғылыми негізінде музыка зерттеушісі Болат Сарыбаев дәлелдеп берген болатын. Аңыз бойынша, өте ертеде, жаугершілік заманда кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың жеті ұлы болыпты. Бір күні сол ауылда жұт болып, адамдар ашығып, жұтқа ұшырап, қиыншылық заман болады. Сонда шалдың жеті ұлы малдарын аман алып қалу үшін суы, шөбі мол жер іздеп кетеді. Шал мен кемпір ұлдарын сағынып қайғырады. Содан шал ағаштан ойып бір аспап жасайды. Оған жеті ұлына арнап жеті ішек тағады. Одан дыбыс шығу үшін ұлдарының ойнаған асықтарын тағады. Сөйтіп, ұлдарына арнап күй тартады. Ал аспапқа «Жетіген» деп ат қойыпты. Менің ойымша, мұндағы «жетіген» атауы «жеті» және «асық» мағынасын білдіретін «ген» сөздерінің бірігуінен туған біріккен сөз, яғни осы музыкалық аспаб атауының мағынасы тікелей асықпен байланысты. Жетіген аспабына шағын, кішкене асықтардың таңдап алынатындығы да тегін болмаса керек. Қазақта асықтың кішкенесін «ген» немесе «ги» деп те атайды.

Түбі бір хакастарда да дәл осындай шертпелі аспаб бар. Оны «Чатхан» деп атайды, бұл аспапта да жеті асықтың үстінен қойдың жеті шегін тартқан. Хакас аңыздары бойынша, бұл сиқырлы аспабты ханның Чатхан есімді жалшысы ойлап тапқан екен. Ол аспабты ойнағанда жүгірген аң, ұшқан құс мүлгіп, бүкіл табиғат бір сәтке әсем күйге бөленеді екен. Бір күні жалғыз көзді жеті қарақшы бақташыны өлтіріп, сиқырлы аспабты ұрлап алады. Бақташының баласы ер жетіп жеті қарақшыдан әкесінің кегін алған екен. Содан бері бақташы шалдың құрметіне сиқырлы аспабы «чатхан» деп атап кеткен екен. Жетіген тек қазақ пен хакас халқында ғана емес басқада түрк тектес халықтарда да сақталған екен. Енді осы халықтардағы музыкалық аспабтың жазылуы мен дыбысталуындағы ұқсастықты салыстырып көрелік:

қазақша – жетіген

хакасша – чатхан

моңғолша – ятға(н)

татарша – етиган

туваша – жадыхан

Қорыта келгенде, екі халықтағы ортақ байланыстарды тізе берсе, көптеп кездеседі. Бұлар бүгін ғана қалыптаспаған дүниелер, керісінше Ұлы түрк қағанаты ыдырағанға дейін бір тудың астында болған ру-тайпалардың өзара бір-бірімен этно-мәдени тұрғыда тығыз байланыста болғандығын, олардың тұрмыс-тіршілігінің аралас-құралас болғанын көрсетеді. Сондықтан да екі халық бір-бірінен шалғайда жатса да барлық болмысындағы ортақ дүниетанымдық байланыстың болуы тарихи заңдылық.
Әдебиеттер


  1. В.Я. Бутанаев Бурханизм тюрков Саяна – Алтая. Абакан – 2003 г.

260 ст.

  1. В.Ф. Трощанский Эволюция Черной веры у Якутовь. Казан -1908, 185 с.

  2. М.Жолдасбеков, Қ. Сартқожаұлы Орхон ескерткіштерінің толық Атласы.- Астана: Күлтегін, 2005 – 360 б.

  3. Г.М. Василевич Эвенкийско-Руский словарь. Москва, 1958 – 803 с.

  4. В.Я. Бутанаев Очерки истории Хакасии (с древнейших времен до современности) Абакан – 2008 г. 672 ст.

  5. Бабаяров Г. Древнетюркские монеты Чачского оазиса (VI-VIII вв. н.э.). Изд-во Национальной библиотеки им. Алишера Навои. - Ташкент. – 2007. - 119 с.

  6. Досымбаева А.М. Батыс Түрік қағанаты. Қазақ даласының мәдени мұрасы. – Алматы, 2007. – 168 б.


Аннотация

Статья нацелена на обоснование с научной точки зрения общих древнетюркских понятии в мировозрений хакасского и казахского народов.



Abstract

The aim of this article is to prove the general consciousness of world of views of Khakass and Kazakh peoples.




Адилов М.Е.,

түрктану кафедрасының 2-курс магистранты

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,

Халықаралық қатынастар факультеті


XV-XVII ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштері тіліндегі фразеологизмдердің семантикалық ерекшеліктері
Түйін

Мақалада орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліндегі фразеологизмдердің мағыналық ерекшеліктері нысанаға алынған. Сонымен қатар, орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі фразеологизмдердің қазіргі қазақ тіліндегі фразеологизмдермен сабақтастығы қарастырылған.



Кілтті сөздер: орта ғасыр түркі жазба ескерткіштері, орта ғасыр авторлары, түркі дүниесі, тұрақты тіркестер, фразеологиялық семантика, фразеологиялық сабақтастық.
Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі тарихи бел-белестер, ұлы өзгерістер, «ақтаңдақтар» сыры ұрпақтан ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші – көркем әдебиеттің де шынайы болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді.

Ал осы тіліміздің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігі – фразеологизмдер. Әлем жұртшылығының жиырма бірінші ғасырдың табалдырығын аттаған бүгінгі таңда тіліміздің фразеологиялық қорын зерттеудің теориялық және практикалық жағынан да өз негізі бар. Әсіресе, осы фразеологизмге қатысты зерттеулерде орта ғасырдағы жазба ескерткіштерге соқпай кете алмайды.

Орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліндегі фразеологизмдерді елек-екшеп, мағыналық ерекшеліктерін анықтауда XV–XVII ғасырлардағы кейбір жазба ескерткіштерге сүйенуді жөн көрдік. Атап айтқанда, армян жазулы қыпшақ ескерткіші "Дана Хикар сөзі" атты көркем дидактикалық шығармасы, Алишер Науаидың «Бабырнамасы» сонымен қатар қазақ әдеби тілінің XVI–XVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жай-күйін танытатын Қадырғали Жалаиридың «Жамиғ-ат тауарих», Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре и түркі» атты тарихи шығармалары.

Жазба ескерткіштер тіліндегі фразеологизмдерді семантикалық ерекшеліктеріне қарай топтастыру барысында проф. Б. Әбілқасымовтың үлгісінде қарастырдық:

Қазіргі қазақ тілінде формасы да, беретін мағынасы да дәлме-дәл келетін фразеологизмдер;

формалары ұқсас болғанымен, мағыналары басқа фразеологизмдер;

мағынасы қазіргі қазақ тіліндегі фразеологизмдерге сәйкес келгенімен, кейбір формалық (фонетикалық, морфологиялық) өзгерістерге ұшыраған фразеологизмдер;

қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін фразеологизмдер [1, 92б].

1. 15-17 ғасыр жәдігерліктерінде кездесетін фразеологизмдердің басым көпшілігі қазіргі қазақ тілінде аса көп өзгеріссіз сақталған. Әрине, кейбір фразеологизмдердің мағынасында бірен-саран жаңа мағына үстелгені болмаса, негізгі мағыналарында айырмашылық байқалмайды. Мәселен, армян жазулы қыпшақ ескерткіші «Дана Хикар сөзінен»төмендегідей мысалдарды келтіре аламыз.

Тәңрім алнына да көп түрлүхурбан еттим «тәңірім алдына бардым, көп түрлі құрбан бердім» [2, 21б]. Сөйлемдегі «құрбан етті» тұрақты тіркесі қазіргі қазақ тілінде де сол күйінде, кейде «құрбан шалды» боп та, сол күйінде еш өзгеріссіз қолданылады, екі дәуірде де «садақа қылды және жанын пида етті» мағынасын береді.

Хикар көзинин тирлихинда турғузду оғлун алныма кенди тынчлыхта болғай«Хикар көзінің тірісінде ұлын алдыма \әкеп\ көрсетті, өзі тыныштықта болғай» [2, 22б]. Сөйлемдегі «көзі тірі» тұрақты тіркесі аман-есен, сау-саламат деген мағынаны білдіреді.

Оғлум йалған ант ичма ки күнлариң ексилмагай йалғанчиниң күнләри ексилир«ұлым, күнің қысқармасың десең жалған ант ішпе, жалғаншының күні көмір» [2, 25б]. Сөйлемдегі ант ішпе тұрақты тіркесі, қазір де ант ішу, яғни ант беру деген мағынада қолданылады.

Ендігі бір топ мысалдар Әбілғазы Бахадүр ханның«Түрк шежіресінен» алынды:

Бір замандын соң пахалуан өз халіне келіб Шеихныңайақықа йықылды [3, 23б]. Фразеологиялық сөздікте аяғына жығылды алдына барып жығылды, тәубе қылды, тізе бүкті, кешірім сұрады деген мағынаны білдіреді [4, 95б].

Екінчі йыл елге жар қылдұрды Иран сары йүредүр нече йыллық ғамларын иесүнлер[3, 14б]. Қазіргі қазақ тіліндегі беретін мағынасы да бұдан алшақ кетпейді. «Қамын жеді» – қамқорына алды, жағдайын ойластырды [4, 404б].

Иарашмақлықдын үмід үзкендінсоң атланды [3, 47б]. «Үміт үзу» тіркесінің «Шежіредегі» және қазіргі тіліміздегі мағынасының арасында аса бір алшақтық байқалмайды. Екеуінде де «үміт үзу» тіркесінің беретін мағынасы – «түңілу, ойлағаны орындалмайтынына көзі жету» [4, 740б].

Белгілі ғалым Р. Сыздықова өзінің «Язык Жамиғат ат-тауарих» деген зерттеуінде сол еңбектің тіліндегі фразеологизмдерді де қарастырған болатын. Сол терілген фразеологизмдер ішінен қазіргі қазақ тілінде әлі қолданылып келе жатқан тұрақты тіркестерді таба аламыз. Мысалы: ел болды, йахшы атың, йер йузінде, йолдан чык (жолдан шықты, тайды), йолун тос, йол бермегей, кеңеш қылды, көңүл қалышты, көре алмас, қыз айттурды, тул қалды, тіләгін тіледі, йети иқлим қашур, йуз ур (жүзіңді бұру) [5, 96б].

Алишер Науаидың «Бабырнамасына» келсек, бұл ескерткіш те фразеологиялық тіркестерге бай келеді. Осындағы тұрақты тіркестердің басым көпшілігі қазіргі қазақ тілінде сол қалпында қолданылады. Сөзімізді дәлелдеу үшін төмендегідей жолдардағы мысалдарды көрсетеміз.

Чаре қыл дердиға дермән бирле «Шара қыл дертіме дәрменіңмен бірге» [6, 98б]. Фразеологиялық сөздікте «шара қылды» – тиісті жолын тапты, амал қылды [4, 752б].

Хәл-і пейревлыгыны көңлүңге ал «халіне сәйкес келетінді көңіліңе ал» [6, 103б]. Көңілге алды – 1. Өзіне мақсат етті, ниет етті. 2. Өкпелеп қалды.

Лык хер кишиге ким истидад

Гер зағыф олса муны тутсын йад «егер әлсіз болса тұтсын жадында» [6, 116б]. Жадында тұтты – есіңде сақтады, ойында сақтап жүрді.

Бабүр ол гүл күйіде бұлбұл киби таптың мақам «Бабыр, сен гүл ауылында бұлбұл сияқты мақам таптың» [6, 126б]. Таптың мақам – мақамың тапты. Мақамың тапты – әдемі әуезге салды, нақысына келтіріп айтты.

Мин дем-а-дем қан йутар мин хижр айағыдын нитей «мен жиі-жиі қан жұтамын...» [6, 133б]. Қан жұтты – құса болды, қатты қайғырды [4, 408б].

Көзни йумуп ачкунча бу гүлзәр тапылмас «көзді ашып-жұмғанша бұл гүлзар (гүл бақшасы) табылмай қалды» [6, 134б]. Көзді ашып-жұмғанша – лездің арасында, қас пен көздің арасында, әп-сәтте [8, 327б].

2. Тұлғалары ұқсас, бірақ беретін мағыналары өзгеше фразеологизмдер де ескерткіштертілінде кездеседі. Яғни жәдігерліктер тілінде кездесетін кейбір тіркестердің сыртқы тұлғасы қазіргі тілімізде бар фразеологизмдермен ұқсас келгенімен, беретін мағынасы сай келе бермейді. Мысалы:

Оғул бериниз ки ошта Хигар тирилай өлмийир«маған ер бала беріңіз, бұл Хикар тірідей өлмесін» [2, 21б]. Бұл тірідей өлу тіркесі қазақ тілінде қатты ұялу деген мағынаны білдірсе, ескерткіш тілінде тура мағынасында қолданылып тұр.

Оғлум хач адами үчун йүк болмахтан егәр йүк болдуң еса алай тут ки туснахыңны бердиң аңар егәр вахтына бермәдиң еса сахалыңны 1-1 йулхарлар«ұлым, адамға кепіл болудан қаш, егер кепіл болсаң аманатқа қойылатын зат немесе ақша бер егер уақытында бере алмасаң сақалыңды бір-бірлеп жұлар» [2, 31б]. Қазақ тіліндегі сақалын жұлды тұрақты тіркесі күйіп-пісіп ашуланды дегенді білдіреді, ал ескерткіштегі сақалыңды бір-бірлеп жұлар тіркесі әбден мезі қылар деген мәнде қолданылып тұр.

Сонымен қатар, "Черікі үйлерінің алдында ор қазыб олтұрдылар" [3, 134б]. Бұнда «ор қазу» тіркесі тура, негізгі мағынасында яғни жауды өткізбеу мақсатында кедергі ретінде шұңқыр қазуда білдірсе қазіргі қазақ тілінде бұл тіркес «біреуге бәле-жала ойлады, жаманшылық істеді» деген ауыспалы мағынадағы фразеологизм болып келеді.

«Қалғанын тараж қылыб ічіке от салдылар» [3, 180б]. Бұл сөйлемдегі «от салу» тіркесі де, қазіргі тіліміздегідей, «шағыстыру, айдап салу, араздастыру» мағынасында емес, «өртеу, от тастау» ыңғайында о бастағы тура мағынасында қолданылғанын көреміз.

Осыған қоса «Жамиғат-тауарихта» олжа қылды деген сөз тіркесі қазіргі тілімізде пайдаланды; пайдаланып кетті [4, 550б] деген мағынаға сайса, ескерткіш тіліндегі олжа қылды сөзіне Р. Сыздық соғыста алған олжа деп тәпсірлейді [5, 96б].

«Бабырнамадан» да тұлғалары ұқсас, бірақ мағыналары әртүрлі келетін фразеологизмдерден бірнеше мысалдар келтіруге болады.

Терк қылма едеб ү сүннетлер,

Хер ни миқдар ки терк итсең егер «тәрк етпе әдеп пен сүнеттерді...» [6, 101б]. Өлең жолдарындағы терк қылма фразеологиялық сөздіктегі тәрк ету– дүниеден безді, дүниені талақ етті мағынасынан сәл алшақ, яғни тек дүниеден безу емес, барлық затқа да безу болып қолданылатын актив сөз тіркесі.

Бу киши сахиб-и хәлет олғай

Мазхар-ы ушбу кемәләт олғай «абыройы міне бұлай кәмелет (жетілген) болсын»[6, 114б]. Kemalat – bilgi ve ahlak guzelligi bakymyndan olgunluk [6, 384б]. Яғни кәмелет – білім және мораль әдемілігі жағынан қарастырғандағы жетілгендік. Ал қазіргі қазақ тілінде кәмелеттік жасқа толған деген сөз тіркесі жиі қолданылады. Бұндағы ер жетті бойжетті, 18 жасқа толған деген мағына орта ғасырда берген мағынасынан сәл алшақ келеді.

Бу йолға қойма айақ саңа баш кирек болса «бұл жолға аяқ салма саған бас керек болса» [6, 124б]. Қойма айақ – аяқ салма, жаманға кірме, аяғыңды, өзінді жаман нәрсеге барудан ұстап қал. Фразеологиялық сөздікте аяқ салды (аяқ қойды) тіркесі жоғарыдағы аяқ салды тіркесіндегі мағынасына қарағанда мүлдем басқа мағынаны білдіреді. Аяқ салды, аяқ қойды – көңілдес болды [4, 100б].

Бабүр ниче күн көңүлні хош тут «Бабыр неше күн көңілің жақсы ұстады». Hosh – guzel, iyi (әдемі, жақсы) [6, 371б]. Хош тут – жақсы ұста, хош етіп көр. Ал қазіргі қазақ тіліндегі қош тұтты – шашбауын көтерді, сый-құрмет көрсетті, құрметтеді [4, 459б] деген мағынаны білдіреді.

3. Мағынасы қазақ тіліндегі фразеологизмдерге ұқсас болғанымен, құрылымдық жағынан өзгерістерге ұшыраған фразеологизмдеркездеседі. Олардың қатарына:

Теңридан келсә шүкүрлү болзера шүкүрлү ағызтеңрини 500 борчул етер «тәңірден келген қандай іске болса да шүкірлі бол, өйткені шүкірлі ауыз тәңіріні бес жүз (рет) борышты етер» [2, 26б]. Тіліміздегі шүкір ету фразеологизмі жәдігерде шүкірлі бол және шүкірлі ауыз болып, басқа вариантта жеткен.

Оғлум ким есадан йаман сөз ишитсаң аны йүрәкіңә тұт 7 харыш «ұлым, біреуден жаман сөз естісең, оны жүрегіңнің жеті қарыс түкпіріне тұт» [2, 27б]. Мұндағы жүрегінің жеті қарыс түбіне тұт тіркесі жүрегінде тұт деген сөз тіркесінің өзгерген түрі.

Мен білмәдим меним өгүтүмлү һеч етти да тоздурду нечик топрахны йелге утру «мен білмедім, ол менің үгіт-өсиетімді желге қарсы шашқан топырақтай еш етті» [2, 32б]. Сөйлемдегі желге қарсы шашқан топырақтай еш етті деген тіркес желге шашты тұрақты тіркесінің жаңаша түрі.

Қазіргі қазақ тілінде бақсы-балгерлердің сәуегейлік жасауы мағынасында «бал ашу» фразеологизмі бар. Ал орта ғасыр жазба ескерткіштерінде дәл осы мағынада «фал бақу» тіркесі кездеседі. Мысалы:

Ауылдағы хатұнларға отға май салыб сенің ұғлұң болұр, уа сенің қызың болұр уа сенің фәлан нәмерсең фәлан болұр теб фал бақыб кушнаш қылыб йүрүр ерді [3, 108б]. Көне түркі тілінде бақу – қарау, көру. Сонда «фал бақу» – балға қарап, сәуегейлік жасау. Кейін мұндай сәуегейлік жауырын, қарта, тас т.б. сияқты нәрселерді пайдалану арқылы жасалғанымен, о бастағы «фал бақу» тіркесінен дамыған «бал ашу» тіркесі тілде қалыптасып қалғанға ұқсайды. Жоғарыда бақу (қарау) сөзінің көне мағынасымен байланысты «ағзына бақу» тіркесі де кездеседі, ол – қазіргі «аузыңа қарау» (бағыну, айтқанын істеу) фразеологизмінің орнына қолданылған.

Ескеркіште «араласып, достасып кеттік» деген мағынада «тұз жеу» тіркесі қолданылған.

Нече йылдын бері сіз халқының тұзын йеб йүрүрмін имді сізнің ризаның менің кетмеклігімде болса кетейін [3, 11б].

Қазіргі қазақ тілінде осы мағынадан өрбіген дәм-тұзы араласты, дәм-тұзы жарасты, дәм-тұзын ақтады тәрізді көптеген фразеологизмдер кездеседі. Бұлар, әрине, жоғарыдағы фразеологизмнің дамыған, күрделенген түрлері.

Осы сияқты «жағасынан тұту» тіркесі қазіргі тіліміздегі «алқымынан алу» фразеологизміне сай келеді.

Ол уақытда ажал келіб йақасынан тұтұбатасының қатыға алыб кетді [3, 8б].

Және де арқа берді тіркесі қазіргі арқа сүйеді фразеологизміне, хамалы күю тіркесі амалы таусылу тіркесіне, сүйінчі тілеу сүйінші сұрауға, сауын салу – сауын айтуға, тілі тұтылу – тілі байлануға, ғұмыр табу – өмір сүруге балама бола алады.

Сонымен қатар, "Жамиғат-тауарихта" төрт тараф - төрт құбыла тіркесіне, йуз йашасын - жүзге жетсін тіркесіне, ит йугурткөлләр, қуш чуйгенлер - ит жүгіртіп, құс салды, орнуна олтурды – орнын басты, өфкә сөзін айтты – өкпе айтты (артты, қылды), сөзүнден чықмайын – сөзінен шықты, хуш келді – қош болды (көңілі толды), аш арслан дек – аш арыстандай ыңыранды, ләшкәр тартты (шеру тартты) тіркестеріне сәйкес келеді [5, 91-100бб].

Ал, Алишер Науаийдың «Бабырнамасына» келсек, бұндан да бірталай мысалдар келтіре аламыз.

Мин бесі кәхил йол асру йырақ «мың түрлі меңіреу жол тым жырақ» [6, 98б]. Осы өлең жолындағы мин бесі сөз тіркесі қазіргі күнгі мың түрлі фразеологизмінің сол кездегі варианты.

Вашф у таріфиде тил қашырдур «мақтау мен бағалауда тіл қысқа» [6, 98б]. Бұндағы тил қашыр бүгінгі күндегі тіл қысқа тұрақты тіркесіне ұқсас. Тілі қысқа – 1. сөзге олақ, шешен емес. 2. Еркі жоқ. [4, 719б].

Қылмағай сың амелиңни зайы «амалдарыңа зая келтірмегейсің» [6, 101б]. Қылмағай зайы зая кетті фразеологизмінің ескерткіштегі түрі.

Ил ү тил бирле медед-кәрлік ит «Қол және тіліңмен бірге медет ет» [6, 101б]. Медед-кәрлік ит медет сұрады тіркесіне пара-пар.

Көзүмдін йашунуп ій бахр-ы елтәф,

Көзүмнің йашыны дериа қылып син [6, 127б]. Көзүмнің йашыны дериа қылып – көз жасын көл қылып. Көз жасын көл қылды – мұң-зарға батып, ағыл-тегіл жылады [4, 329б].

Ал йүзі көз йашымны қан қылды «алма жүзін көз жасымен қан қылды» [6, 137]. Көз йашымны қан қылды көз жасын көл қылды тұрақты сөз тіркесінің ерекше бір нұсқасы.

Хижриңде ій пері-рү көзүмдин учты уйқу

Хер киче таңға дигрү ишимдүр ах у нале «ажырап кеткенімде пері көзімнен ұйқы кетті» [6, 136б]. Көзүмди уйқу учты – көзден ұйқы ұшты. Көзден ұйқы ұшты, қазіргі көз ілмеді, көзден ұйқы кетті тұрақты тіркестерінің сол кездегі нұсқасы.

4. Жәдігерлертілінде қазіргі қазақ тілінде кездесе бермейтін тұрақты тіркестер де көрініс береді. Бұлардың ішінде авторлық қолданыстан туған тіркестердің болуы да ғажап емес. Солардың дәлелі ретінде бірнеше тұрақты тіркестерді мысал ретінде қарастырсақ:

Етмәк та иеме аның кибик билә «ол сияқтылармен мүлде нан да жеме» [2, 24б]. Бұндағы нан да жеме тіркесі біздегі дәмдес болу, дастархандас болу тіркесінің жаңа варианты.

Оғлум егәр душманың келсә айахыңа бошатлых холма бошат аңар да йүракиң билә күл да тениң билә фараһлан да йопсун аны «ұлым, егер дұшпаның кешірім сұрап аяғыңа келсе, оған пейіліңмен күл, тәніңмен жадыра да оны мақұлда» [2, 28б]. Осындағы жүрегіңмен күл, тәніңмен жадыра деген бейнелі тұрақты тіркесі тек бұл жәдігерде ғана кездесіп тұр десе болады.

Хартларны көрсең бөркүң чыхар да турайахың йонә аның алнына да сийла аны «қарттарды көрсең бөркіңді шешіп алдарына тұр да оны сыйла» [2, 29б]. Сөйлемдегі бөркінді шешіп алдарына тұр деген тіркес сәлем беру деген мәнде қолданылып, қазақ тіліне жаңа тұрақты тіркесті әкеліп тұр.

«Түрк шежіресінде», сонымен қатар, «ештеңе дей алмады» деген мағынада «дем ұрмады» деген тіркес қолданылған.

Ол кіші менің бу сөзүм раст келгендін соң һеч дем ұрмады[3, 171б]. Қазіргі қазақ тіліндегі «құралайды көзге атқан» немесе «көрінгенді қалт жібермейтін» (мерген) деген мағынада көз іліб йазмас фразеологизмі, ал «көз іліспес» (шапшаңдық) дегеннің орнына «көз икермес» тіркесі қолданылған.

– Білекеч султан көз іліб йазмасмерген еркендүр арабаның ічінде йатыб тік иүкүнүб тұрұб оңлы уа соллы атғаныға көз икермесеркендүр [3, 113б].

15-17 ғасыр жазба ескерткіштерінде бұдан басқа да «Қылычдын өткеру» өлтіру, «садақ бағлағаны» азамат болғаны, «черік тартыб» (әскер жиып), «азар беру» азаптау, «көрініш қылу» (ханға бағыну), «абадан қылу» (елді тойындыру), «жамиғ қылу» (қыру, жою), «сөз дараз болу» (мылжың болу) т.б. фразеологизмдер кездеседі.

Сонымен қатар, Жамиғат-тауарихта падшаһлық тайды, сансыз түмен халық, екі хатунны йіберді (ажырасты), қан қойды (ауыр қылмыс жасады), күч қыл (бағындыр), күч бер, санчыш қыл, тоқуш қыл, көңуллері ағрыды, талаудын ет (құлдыққа ал), улуғ йаша (көп жаса) сияқты қазіргі қазақ тілінде ұшыраспайтын фразеологизмдер кездеседі [5, 96б].

«Жамиғат-тауарихтың» Борис Годуновты мақтауға арналған бөлімі бейнелі тіркестерге бай келеді. Өйткені бұл жерлерде автор жыраулық дәстүрге салынып, қызыл тілмен, небір бояулы шешендік сөздермен эмоция мен экспрессияға толы өлең жолдарын келтіріп патшаны мақтап-мадақтайды. Айналасы алты хан, тегурегі төрт хан, дунийаның төрт бурчын билеген хан, халайқын адллік білән сурған хан, йетимлерге рахим кылыб, чығайларны тойдурған хан . Сол келтірген мадақтарынан автор өзіне тән, сол дәуірге тән, жыраулық дәстүрге тән айшықты, кестелі сөздерді келтіреді. Мысалға ассонанс /а а/ пен аллитерацияға /т т/құрылған айналасыалты хан төңірегі төрт хантіркесі көптеген хандықтарды басқаратын ұлы хан мағынасына саяды. Бұндағы алты және төрт сандары сандық мәнінен айырылып, сөздердің басындағы дыбыстардың гармондасып келуі арқылы жаңа бір фразеологизм жасалған. Осындай тәсілмен шежіреде басқа да тіркестер бейнелі тіркестер боп жасалған: ойда орыс, қырда татар, кечә кетіб, күндүз болғусы (түн түнделетіп), ала баргаһ ақ ордаң т.б. [5, 91-92бб].

Шежірешінің қазақтың ораторлық өнерінен сусындағаны анық көрінеді. Оны шежіредегі жазудың стилистикасынан оп-оңай байқайсын. Қ. Жалаиридың бұл жердегі суырып салма өлең жолдары мақалдай, тұрақты тіркестер сияқты нақты келіп, ойдың тобықтай түйінің, көп сөздің бір мағынасын береді. Мысалы: қыш уа йаз, ай уа йыл – әрдайым, йыл ашасун, йуз йашасун– жыл асасын, жүз жасасын, достуна дост болуб, душманына душман болуб, ойан хан, бойан хан т.б.

Қорыта келгенде жазба ескерткіштер тіліндегі тұрақты тіркестерді мағыналық жағынан саралай қарағанда, диахрондық тұрғыдан зерттеу барысында екі дәуір тіліне ортақ фразеологиялық қор анықталды.
Әдебиеттер

1. Әбілқасымов Б. Әбілғазыханның "Түрік шежіресі" және оның тілі. – Алматы: Арыс, 2001. – 246 бет.

2. Құдасов С. Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «Дана Хикар» сөзінің тілі. Алматы: Ғылым, 1990. – 118б.

3. Әбілғазы. Түрік шежіресі (Көне түрк тілінен аударған Б. Әбілқасымов). – Алматы: Ана тілі, 1992. –205 бет.

4. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. – Алматы: Арыс, 2007. – 797 бет.

5. Сыздықова Р. Г. Язык "Жамиғат-тауарих" Жалаири. – Алма-Ата: Наука, 1989. – 243 с.

6. Bilal Yujel«Babur Divany».Ankara, 1995.– 573sayfa.
Аннотация

В данной статье дано описание фразеологизмов тюркоязычных письменных памятников средневековье по семантическим особенностям. Были сопоставлены фразеологизмы средневековье с фразеологизмами современного казахского языка.



Ключевые слова: тюркоязычные письменные памятники средневековье, тюркский мир, фразеологизмы, семантика фразеологизмов
Abstract

In this article the description of phraseologisms of the Turkish speakingwritten monuments of the Middle Agesby semantic peculiarities is given.Phraseologismsof the Middle Ages were compared with phraseologisms of the modern Kazakh language.



Key words: the Turkish speakingwritten monuments, Turkic world,phraseologisms, semantics of phraseologisms.

Н. Шаймұрат,

түрктану кафедрасының 2-курс магистранты

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,

Халықаралық қатынастар факультеті


Көне түрктер дүниетанымындағы ұмай ана түсінігі
Ежелгі түрік халықтарында патриархалды басқару жүйесі болғанымен де, олардан жеткен әр түрлі деректер, ғылыми зерттеулер нәтижесінде дала дүниетанымында, көшпелілер мәдениетінде әйел затына деген құрмет, ізет ерекше болғандығы байқалады. Түріктер әйелді күнделікті от басында ғана отыратын қайратсыз, ер адамның қосағы деп ғана түсінген жоқ, әйел затын қасиетті «Ұмай ананың» сарқыты деп бағалады.

Ұмай – көк түріктер дәуірінде (6-8 ғғ.) Алтайдың шығысына қарай, қазіргі моңғол және қытай далаларын мекендеген түріктер дүниетанымындағы мифтік образдың бірі.

Ұмай ана – басқа түрік тілдерінде Умай, Нумай, Омай, Ымай-идже немесе Ымай-ине т.б нұсқалармен деп қолданылады. [1, 78 б]

Көне хакас діни сенімдері жүйесінде Ұмай бейнесі – «Ымай-идже» немесе «Ымай-ине» (Ұмай ана баламасында) - киесі ерекше орынға ие. Осы кие барлық Саян-Алтайлық түркілер арасында кең таралған болатын. Алатау қырғыздары, қазақ, өзбек және Сібір татарлары [2, 134-139 б], [3, 265-286 б] арасында да реликтивті формада кездеседі. Ұмай құдай әйелді пір тұту Хакасияда ежелгі түркі мемлекеттерінің кезеңінен қағандардың жұбайын «Ұмаймен текті құзыретті катун-ана» деп атаудан қалыптасқан. Хақас діни нанымдарында Ұмай - «Ымай ине» - Ұмай ана, сонымен қатар «Ымай хадын» - яғни Ұмай ханым деп жазылғанын ескерсек Ұмай ана түріктерде құдай дәрежесінде болмағанын көреміз.

Ұмай әйел рухы (диалектілерде: Ұмай, Омай және Ымай), Хакастарда сенімі бойынша, адамдарға көрінбей әрдайым көк аспандағы бұлттар арасынан нәрестелердің дүниеге келуін қадағалап, оларды пәле-қаладан сақтайтын көрінеді. Айтарлық, жас сәби құлап қалса қатты ауырсыну болмайды екен, себебі Ымай-идже оған «төсеніш, демеу» болады екен. Егер сәби ұйықтап жатып жымиса, Ұмай құдай әйелдің бөпемен ойнап жатқанының (ымайы кÿлінісче (хакасша)) белгісі, ал егер селт етіп жыласа – шошытқанының (ымайы чочытса (хакасша)) белгісі деп сенген. Нәрестенің іші өтіп ауырса, Ұмай одан жиіркенді (ымай чискин парған (хакасша)) деп түсінген екен. Бұл «Ымай-идже қызықтауларына» (Ымай іҷезинең ииріскені (хакасша)) адамдар тарапынан именуді туындататын. Міндетті түрде «Хурай, хурай!» - кешіріп, жәрдем бере гөр - деген дұғаларын оқып, баланың еріндеріне май жағып, «Ымай іҷезі чалхазын», яғни Ұмай ана жаласын деп айтуы керек екен. Баланың физикалық дамуы да Ұмай құдай әйелдің әсерімен болады екен, сол себепті жас балаға: «Ымайыбысхан!» - Ұмайдың көмегін ала көр – деп бата берген.

Хонгорлықтардың (хакастар өздерін солай атайды) сенімдері бойынша Ұмай әйел құдай балалардың жандарын Енисейдің Саян қыраттарындағы жоғарғы ағысындағы өзінің «шіркеуінде» (Саянагорск қаласына қарама-қарсы Амай тауы) сақтайды екен. Бұрхандық діни сенімдерде Ымай-тас Жердің қақ ортасында (тигір ортазы тимір ӧрген) орналасқан делінген. «Шіркеу» осы тау иесінің рухымен қорғалған. (От имени горы «Ымай-тас» или «Ымай-ине» происходит название поселка Майна, расположенного по Енисею напротив «храма» богини Умай)

Ымай-идженің «Ымай чирі» деп аталатын тұрғылықты мекені Пулай-сын тауларында орналасқан, онда зәйтүн ағаштары мәңгілік гүлденіп тұрса, жасыл алқабы солмайтын, ал өзендері қатпайтын болған-мыс. Ол жақта Сүтті көлдің жағасында орналасқан алтын жапырақты қайыңның төбесін ат басындай үлкендіктегі көкек тұрақ етеді екен. Ұмай әйел құдай осы көлдің көбігінен жаралған «ах тамырдаң чайалған». Хақастықтар Ымай-иджені ақ шашты ақ құстай ұшатын қасиеті бар кемпір сынды елестететін.

Солтүстік алтайлықтар, шор халықтарының мифологиясында Ұмай құдай әйел Қасиетті Үлгеннің (Бай Ӱлненнин кызы) қызы делінген. [4, 114 б] Сыйыну кезінде оған: «Ӱлгеннең ӱзӱктігзің» (Сен Өлкенің бөлігісің!) – дейді екен. Осы себептен болар, Саяно-Алтайлықтардың сиынуларында оны «Бай ана» немесе «Пай-идже», яки Қасиетті ана деген деген атаулар кездескен.

Хақастықтарда қыздың тойында енесі кеудесіне тағатын «пого» сыйлаған. Бұл Окундық мәдениеттегі ұрпақтандырушы әйел киесінің суреттерінің бірі болуы керек.

Ұмай ана атауы этимологиялық түрде ежелгі түркі-монғолдық «ұмай» терминіне келеді: 1 – ана ұрығы; 2 – жатыр; 3 – бала жебеушісі және бала туу мағыналарына келеді. [5, 454 б], [6, 611б] Хакас тілінде «ұмай» сөзінің бірнеше мағынасы бар. Бірінші мағынасы, баланың өмірге келуге деген күші (пала ымайы – бала ұмайы). Үш жасқа дейін баланы емізгеннен кейін баладағы «ымай» баланың өмір сүру күші «хут»-қа айналады екен-мыс. Сол себепті сәбиді көбінесе «час ымай» - сәби жаны десе, омыраудағы нәрестелі үйді – «час ымайлығ иб» деген. Екіншіден, бұл тұтас хақас халқының өмірлік күші, «хоорой чон – тағ ымалығ чон» - «хақастықтар – таудан алынған өмірлік күші бар халық» мағынасында. Үшіншіден, сәбидің еңбегі делінген. Төртінші мағынасы, Абакан алқабында «ұмай» терминін бала кіндігі деп атаған. Бесіншіден, аталмыш термин баланың қорғаушы періштесі мағынасын білдірді. [1, 178-186 б]

Ал қазақтарда Ұмай-Май ене мен әйел қамқоршысы болса, аңыздарда – ана құрсағындағы баланың қамқоршы-рухы, қырғыздарда үй шаруасы, үйдегі әйелдер қолөнерінің қамқоршысы болады. Соңғыларда «менің қолым емес, Ұмай ананың қолы» деген белгілі бір іс алдында айтылар сөзі сақталған. Кузнецк Алатаудында тұратын шор-түрік халқының түсінігінде Майдың (Ұмайдың) фунциясы басқа, ол өлгендердің жанын қабылдайтын рух. Қазақ тіліндегі «май» (майлы, мал майы, өсімдік майы) және «бай» (байлық, отағасы, еркек) ұғымдары осы май-ұмай-йымай сөзінен өрбіген.

Түріктердің «Ұмай ана» түсінігінде әйел тегіне деген текті ұғым жатыр. Көне түріктердің мифиологиясында «Ұмай ана» ұрпақ жалғастығын жебейтін періште саналады.

Бізге жеткен деректерде ерте дәуірде Алтай тауын мекендеген түркі жұртты құрық бойы қар жауған бір қатты қыста қырылып қалады. Осы қақаған аязда Айсұлу атты қыз бөстекке оранып аман қалады. Оны Алтайдың үңгірін мекен еткен Аю батыр тауып алып, Айсұлуды сұлқ жатқан жерінен Ұмай ананың көмегімен тірілтіп алады. Көп ұзамай Аю батырдан Айсұлу жүкті болады. Аю батыр үйде жоқта толқақ қысқан Айсұлуды Ұмай ана жебеп, бір ұл бір қызды дүниеге әкеледі. Содан түркі қауымы рулы елге айналып, бүгінге күнге жетеді [7]. Яғни, көне бұл аңыздан ұғатынымыз «Ұмай ана» ұрпақ жалғастығын жебеуші мейірімді рухани күш саналады.

Көріп отырғанымыздай кейбір ориенталист зерттеушілер «Ұмай ананы» Тәңірге балап, тек көктегі бір Тәңіріге табынған бабаларымыздың асыл сенімін жоққа шығарып, көп құдайлылықты күшпен таңып келді. Оларды дала халықтарының ерекше болмыс, дүниетанымын жете түсінбегендіктен туған адасушылықтар деп бағалаймыз. «Ұмай ананы» теология және космоганиямен байланыстырудың еш реті жоқ. Бұл туралы зерттеуші Д.Қыдырәлі: «Ориенталист ғалымдар «Ұмай сөзін «тәңір ана» деп қате аударып жүр. Біздің ойымызша, Ұмай  - аналарды қолдайтын періштенің аты. Қыз ұзатылғанда, неке қиылғанда, әйел босанғанда Ұмай анадан медет тілеу осыдан келіп шыққан», [8] деп «Ұмай ана» ұғымын дәл зерделейді.

Көне түркінің дүниетанымында «Ұмай анадан» өзге «бес ене» түсінігі де болған. Әсілі, қазақтың «бесенеден белгілі» сөз тіркесі осы «бес ене» ұғымынан шыққан. Көне түркілер пендені желеп-жебейтін Ұмай ана, Май ана, От ене, Ұмайық және Бай әжені «бес ене» деп қабылдаған. «Бес ене» періште текті рухани күш саналғандықтан, адамды ауруынан емдеп, жолын ашып, алдынан жарылқай білген. Осы себептен де көне түркілер «Ұмай анамен» бірге «бес енені» де пір тұтқан.

Түркілер «Ұмай ана» деп Адам атаның қосағы Хауа ананы айтқан секілді. Себебі, белгілі руника зерттеушісі Қ.Сартқожаұлы да Орхон-Енисей ескі түрікше жазуында түркілердің «Ұмай текті ұрпақ» деген тіркестерді қолданғанын жеткізеді. [9] Демек, түркілер «Ұмай ананы» Тәңірге баламай, керісінше оның жатырынан жаралғанын пайымдаған. Әрине, бұл пікіріміз әлі де толыққанды зерттеулерді қажет етеді. Дегенмен, түркілер адамзат атты алып ағаштың бір бұтағы саналғандықтан, олардың алғашқы жаратылыс иесінің жары Хауа ана туралы білмеуі де мүмкін емес деп ойлаймыз. Осылардан қортындыласақ, түркілердің дүниетанымындағы «Ұмай ана» Адам атаның қосағы Хауа ана болуы да мүмкін.



Әдебиеттер

1. Бутанаев В. Я. Бурханизм тюрков Саяно-Алтай, Абакан, 2003

2. Дыренкова Н. П. Умай в культе турецких племен. //Культура и письменность Востока. Баку 1928.

3. Потапов Л. П. Умай – божество древних тюрков в свете әтнографических данных. //Тюркологический сборник. 1972. М., 1973.

4. Архив МАЭ РАН.Ф. 3. Оп. 1. Д. 114. Л. 1 об.

5. Монгольско-русский словарь. М., 1975.

6. Древнетюркский словарь. – Л.,

7. Ыбыраев Ш, Әуесбаева П. Қазақтың мифтік әңгімелері. Алматы 2002.

8. Қыдырәлі Д. Атымды адам қойған соң... Таймас баспасы. Алматы 2008.

9. Қаржаубай С. Орхон мұралары. Күлтегін. Астана 2003




Жунусова А.А.,

студент 1 курса факультета международных отношений

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева
Речевой этикет в разносистемых языках

(на материале японского, английского и казахского языков)
Аннотация Данная статья отражает актуальность и значимость изучения речевых этикетов разных национальностей и продолжить далее по средствам сравнительно-сопоставительного анализа увидеть схожие элементы, а также узнать особенности каждой нации отдельно.

Ключевые слова: речевой этикет, национальная специфика, языковые единицы, казахский этикет, английский этикет, японский этикет

В данной статье проанализированы особенности речевого этикета на материале трех языков: японского, английского и казахского языков. Изучение речевого этикета представляет большой интерес для лингвистических исследований, так как является одним из показателей межличностных отношений в языке. Речевой этикет является одним из важных элементов культуры, и неотъемлемой частью общей системы этикетного поведения человека в обществе. Проблематика, связанная с пониманием речевого этикета, активно разрабатывается Е.И.Беляевой, В.Е.Гольдиным, М.А.Егоровой, С.В.Неверовым, И.А.Стерниным, Н.И.Формановской, Л.В.Цуриковой и другими учеными-лингвистами.

Под речевым этикетом мы понимаем «систему устойчивых формул общения, предписываемых обществом для установления речевого контакта собеседников, поддержания общения в избранной тональности соответственно их социальным ролям и ролевым позициям относительно друг друга, взаимным отношениям в официальной и неофициальной обстановке [ЛЭС 1990: 413].

В основе речевого этикета как функциональной системы языковых единиц лежит и функция общения (коммуникативная), и функция выражения мысли.

Основываясь на коммуникативной функции языка, Н.И.Формановская выделяет специализированные функции речевого этикета, а именно: контактоустанавливающая, регулирующая, эмоционально-модальная и функция ориентации на адресата [Формановская 1982].



Мы попытаемся показать, особенности речевого этикета в трех разносистемных языках.

Речевой этикет имеет национальную специфику. Каждый народ создал свою систему правил речевого поведения.

Начнем наш анализ с речевого поведения японцев.

Речевое поведение японцев всецело подчинено задаче оказания максимального внимания собеседнику, проявления учтивости к нему, создания у него хорошего расположения духа.

При разговоре с несколькими собеседниками американец, например, будет обращаться ко всем одинаково. В Японии же до сих пор человек оценивается не как индивидуальность, а лишь с точки зрения его общественного положения. Принадлежность к фирме при обращении важнее, чем профессия и даже имя или фамилия. Японцы чаще именуют друг друга по должности или системе родства и редко по имени.

Японскому речевому этикету в целом присущ лаконизм, традиционное начало разговора, однако приветствия довольно церемонны и пространны. Например, совершенно необычно с точки зрения европейского этикета, что японец, встретившись со знакомым, прежде всего начинает благодарить его за те услуги и одолжения, которые были оказаны этим знакомым в прошлом, причем иногда по прошествии довольно большого времени, к тому же это были довольно мелкие услуги и одолжения. Иногда японцы благодарят за то, что было 2-3 года назад, хотя это были сущие мелочи.

Для японского языка не характерны прямые выражения и обороты. Японцы склонны использовать в речи косвенные обороты. В речевой этике японцев недозволено начинать разговор с "наступления" или, как говорят, "брать быка за рога". Например, при разговоре по телефону надо мягко сказать: Котира-ва Танака дэс кэрэдоно... "С вашего позволения у телефона Танака..." Далее подразумевается подтекст: "Чем бы я могла быть вам полезна?"

Взаимоотношения в Японии обставлены многочисленными условностями и традиционными предписаниями. В Японии все приветствия сопровождаются поклонами (одзиги), это наглядное проявление неписаных правил, дающих понять, кто выше по социальному статусу.

В речевом общении японец при обращении выражает свою социальную позицию.

1. Старший по возрасту является вышестоящим для младшего. Японский язык кодифицирует такие различия даже в семье. Братьев и сестер называют не по именам, а по возрасту. (Например, нисан - обращение к старшему брату).

2. Учитель всегда вышестоящее лицо, независимо от его возраста или иных обстоятельств. Если однажды ученик, ставший премьер-министром, вдруг встретит своего бывшего учителя, он будет кланяться ему так же низко как и в школьные годы.

3. Мужчина - вышестоящее лицо по отношению к женщине, отец - в сравнении с матерью. Женщина может быть и более влиятельна в семье, но социально она стоит ниже.

4. В больнице пациент проявляет уважение к врачу, родители школьников - к преподавателю, в самолете стюардесса - к пассажирам, в университете преподаватель - к профессору, в ресторане служащие - к директору, в магазине продавцы - к покупателям и т.д.

5. В условиях фирмы отношения по должности особенно строго регламентированы.

6. Гость воспринимается хозяевами как вышестоящее лицо. Это правило соблюдается и персоналом гостиницы.

7. В школах, клубах или организациях, где ранги зафиксированы, человек низшего ранга ниже кланяется коллеге, имеющему более высокий ранг.

Рассмотрим также наиболее типичные случаи, где используются приветствия и устоявшиеся речевые обороты, характерные для японского речевого этикета.

 1. При встрече и прощании.

Кроме охаёгодзаимас "доброе утро", коннитива "здравствуйте", конбанва "добрый вечер", говорят также гокигэн икага дэс ка "как вы поживаете", хадзимэмаситэ "разрешите представиться",хадзимэ омэ-ни какaримас "рад познакомиться" . При прощании говорят саёнара "до свидания", гокигэнъё "будьте здоровы", дэва мата "ну, пока!". Все эти приветствия нужно произносить с чувством достоинства и уважения. Не надо допускать фамильярности и переходить дозволенное. Следует быть внимательным и действовать в соответствии с ситуацией.



2. Знакомство.

Существует два варианта знакомства: когда вы представляете себя и когда вы представляете кого-то другого или других. Перед тем как вы начнете представлять себя, надо подойти к человеку, с которым хотите познакомиться и начать как бы с извинения, так как Вы отвлекли этого человека от дела. Например: Сицурэй дэс га... ямада-сан дэсё ка.

- Извините, вы случайно не господин Ямада?

Только после этого вы должны слегка поклониться, предъявить Вашу визитную карточку и затем начать представлять себя и рассказывать о мотиве знакомства:



Ватакуси-ва Цукуба-дайгаку-но кёси-но Китагава дэс, нихонго-о осиэтэ имас, иpoиpo-тo сицумон-ва аримас-нодэ маиримасита, доодзо ёросику онэгай итасимас.

Я преподаватель японского языка университета Цукубы Китогава. У меня есть разные вопросы, поэтому я к вам пришла. Прошу вас поддерживать со мной контакты и в будущем.

Очень важно представить себя надо так, чтобы понравиться собеседнику. Не надо говорить очень быстро или очень медленно, старайтесь улыбаться. Не надо слишком стесняться.

Рассмотрим теперь особенности английского речевого этикета.

Английский этикет – это воплощение строгости и официальности. Именно в этой стране зародилось понятие об «истинном джентльмене». Только джентльмен в третьем поколении может носить почётное звание «истинного». Если, например, Вы сами обладаете безупречными манерами, у Вас отличное образование, но Ваш дедушка пренебрегал правилами хорошего тона, то, увы, в Англии Вас ни за что не признают «истинным джентльменом».

Стандартным приветствием в Англии является простое рукопожатие (как для мужчин, так и для женщин). Процедура знакомства имеет важное значение.: Если представляют своего коллегу лицу, занимающему более высокий пост, первым полагается назвать имя высокопоставленного лица. Англичане часто избегают открытого взгляда глаза в глаза. Не стоит подходить слишком близко либо дотрагиваться до англичан – для них очень важно личное пространство. На встречи необходимо всегда прибывать вовремя, можно даже на несколько минут раньше до назначенного времени. При ведении бизнеса в Англии не принято дарить подарки. В современном английском этикете неофициального характера легкое постукивание по своему носу означает, что что-то должно остаться в секрете.

Иностранцы, приехавшие с визитом в Англию, часто бывают просто ошеломлены безупречной культурой жителей Туманного Альбиона. Английский этикет заключается в постоянном проявлении таких качеств, как вежливость, корректность, невозмутимость, предупредительность и терпимость. Воспитанные англичане никогда по собственной воле не пойдут на конфликт и попытаются избежать его даже в том случае, когда его настойчиво навязывают. Кроме того, английский этикет призывает отказаться от резкого тона в общении, а также слишком активного проявления эмоций во время разговора.

Любое обсуждение английского речевого этикета, как и всякий разговор, происходящий между англичанами, должно начинаться с темы погоды. Когда встречаются два англичанина, они сначала говорят о погоде. Исследователи, изучающие проблемы английского речевого этикета отмечают, что это наблюдение, сделанное двести лет назад, верно и поныне.

Однако разговор о погоде вступает в действие в трех случаях: когда вы приветствуете собеседника, когда необходимо приступить к разговору на определенную тему, когда беседа не ладится и наступает неловкое молчание.

Стандартными формулами приветствия являются «Доброе утро! – Good morning!; Добрый день! – Good afternoon!; Добрый вечер! – Good evening!; Привет! – Hello!; Hi!; Hey!; Как дела?Как поживаете-How are you? How do you do?; Рад познакомиться – Nice to meet you; До свидания! – Goodbye!; Пока! Увидимся! – Bye!: Bye-bye!; See you!; Береги себя! – Take care (of yourself)!»

Англичане славятся гостеприимностью. Вас радушно примут, подскажут, где лучше поселиться и какие достопримечательности обязательно надо увидеть. Однако приобрести новое знакомство в этой стране очень непросто. Английский этикет не предполагает знакомства без посредника, так что, если Вы не наладите связи с местными жителями ещё до поездки в Англию, вряд ли Вам удастся сделать это потом. Просто некому будет Вас представить. В Англии даже соседи могут десятилетиями каждый день встречаться во дворе или на лестнице и не здороваться, если их никто не познакомил друг с другом.

А сейчас рассмотрим особенности казахского речевого этикета.

Особое внимание казахи уделяют приветствию (салем беру). Путник, прибывший издалека, обязательно поздоровается с аксакалами и уважаемыми людьми населенного пункта. Даже сейчас стоит приехать в гости к дальним родственникам, как начинаются бесконечные хождения по родным и близким, многих из которых, возможно, видишь в первый раз. С другой стороны, в дом, где остановился дальний родственник, начинается паломничество местных. Недаром казахская пословица гласит: "Алыстан келген алты жастағы балага алпыс жастагы ақсақал салем береді" ("Шестилетнему ребенку, прибывшему издалека, приветствие отдает шестидесятилетний старец").

Отсутствием хорошего воспитания считается только приветствие знакомого человека и игнорирование остальных, находящихся рядом. Азильхан Нуршаихов в своей книге "Истина и легенда" упоминает, как прославленный Бауржан Момыш-улы находился по приглашению в одном из районов Южно-Казахстанской области. В ресторан, где советский казахский герой обедал с местными аксакалами, вбежал молодой парень из местной администрации. Поздоровавшись только с одним из сидящих за столом, он начал что-то быстро рассказывать. В итоге невоспитанный чиновник был выгнан взашей разъяренным Б. Момыш-улы, который обвинил его в неуважении к обычаям предков.

Для приветствия казахи используют рукопожатие двумя руками. В некоторых регионах Восточного Казахстана подают лишь правую руку, а левую прижимают к груди. Но чаще уважаемые люди обнимают друг друга при встрече, прижимаясь грудью (төс қағысу). Хотя на юге республики практикуется, что женщины здороваются с мужчинами за руку, в других регионах этого делать не рекомендуется. В лучшем случае, девушка подаст парню ладонь горсточкой, коснется его руки и тут же отдернет. Невестка здоровается с родителями и старшими родственниками мужа поклоном (салем ету), демонстрируя свое уважение. И хотя современные казашки становятся все более европеизированными, подобное поведение все еще широко распространено на юге и западе Казахстана.

Если дом посетил гость, то его следует принимать. Это құдай қонақ (божий гость). Любой казах сначала накормит его, а потом уже будет спрашивать, что привело человека в эти края. Пока вы находитесь под крышей дома казаха, можете быть уверены – вы всецело под его защитой и он сделает все, даже в ущерб себе, чтобы угодить гостю. Можно даже попросить себе в подарок понравившуюся вещь, ведь по правилам казахского этикета ее следует отдать (қалау – выбор). Правда, в ответ хозяин может попросить от гостя қонақ қаде – выполнить определенную просьбу. Отказываться также будет неприлично. Но всему есть свой предел, и чересчур наглому гостю говорят – шаңыраққа қара (взгляни на шанырак – верхушку юрты), напоминая ему, что он все же находится не у себя дома. У казахов есть еще две категории гостей: арнайы қонақ (особый гость) и қыдырма қонақ (специально званный). Для них всегда хранится самая вкусная еда – "қонақ асы" (гостевое угощение). Это может быть и сыбаға, тщательно оберегаемые куски вяленного мяса. Вы можете нанести очень большую обиду, если зашли в дом и отказываетесь от угощения хозяина. В этом случае, чтобы соблюсти правила приличия, следует отщипнуть кусочек хлеба, тем самым вкусив от дастархана (нанға ауыз тию). Ни в коем случае нельзя делать это стоя, иначе вы не проявите уважение к дому. Даже если вы очень спешите, то необходимо просто преклоните колено (тізе бүгу).

В современный период общепринятыми приветствиями являются «сәлеметсіз бе», но оно носит официальный характер. Также как и кальки с русского языка «қайырлы таң», «қайырлы кеш». В качестве приетствия используются следующие выражения «қал қалай?», «қал-жағдай қалай?»

С старшими по возрасту людьми здороваются обычно следующим образом :

-Аман-есенсіз бе, ата.

- Бала-шағаңыз, үй-ішіңіз аман – есен бе?

- Өзіңіз күйлі қуатсыз ба?

или также:

-Ассалаумағалейкум!

Ответ:


-Уағалейкумассалам!

На что оычно отвечают:

- Құдайға шүкір, аман-есенбіз, балам.

-Тегіс аман-есен, өсіп, өніп жатыр.

-Тәуба, барлығы аман-есен.

С младшим по возрасту общаются следующим образом:

- Аман-есенсің ба, балам?

- Әке-шешең аман –есен бе?

-Оқуың жақсы ма?

Ответ младших выглядит следующим образом;

- Бәрі де жақсы, рахмет.

В казахской культуре ритуализованные речевые формулы произносятся в виде особого пожелания – бата беру, что отличает казахский речевой этикет от японского и английского.

В заключении хотелось бы показать наиболее яркие примеры речевого этикета в трех разносистемных языках. Также в дальнейших исследованиях хотелось бы провести сравнительно сопоставительный анализ фразеологических единиц, выражающих различные формы речевого этикета.
Литература:


  1. Лингвистический энциклопедический словарь. М.: «Советская энциклопедия», 1990.

  2. Ляхтеэнмяки М. Перевод и интерпретация: о некоторых предположениях и мифологемах// Теоретическая и прикладная лингвистика. Вып.1. Проблемы философии языка и сопоставительной лингвистики. Воронеж: Изд-во ВГТУ, 1999. с. 32-45. http://tpl1999.narod.ru/

  3. Соколова Н.Л. Английский речевой этикет. Монография. – М., Изд-во УДН, 1991.

  4. Литвин А. Н. Деловой этикет. – Ростов н / Д: Феникс, 2003

  5. Формановской Н. И., Шведовой С. В. Речевой этикет. Русско-английские

  6. .Формановская Н. И. Речевой этикет и культура общения. – М.: Высш. шк., 1989.

  7. Формановская Н. И., Соколова Х. Р. Речевой этикет. Русско-немецкие соответствия. – М.: Высш. шк., 1989.

  8. Формановская Н. И., Соколова Г. Г. Речевой этикет. Русско-французские соответствия. – М.: Высш. шк., 1989.

  9. Шашурина А. Ю. Французский этикет // Иностр. яз. в шк. – 1994. – № 1.

  10. http://www.i-u.ru/biblio/archive/kulturologia/7.aspx

  11. http://www.philology.ru/linguistics4/frolova-97.htm

Abstract This article reflects the urgency and importance of studying speech etiquettes of different nationalities and make continuation by means of comparing analysis in order to see similar elements and also to know special features each nation separately.

Keywords: speech etiquette, national specificity, language units, Kazakh etiquette, English etiquette, Japanese etiquette


Хабаршы № 1-2 (5-6) 2012 Вестник


Исследования молодых ученых
Рахимжанов Қ.Қ.,

Л.Н.Гумилев атыңдағы ЕҰУ-нің

археология және этнология

мамандығының магистранты


Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудің сәулеткерлік ескерткіштерінің Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі зерттелуі
Түйін

Бұл мақалада Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейінгі археология және сәулеткерлік ескерткіштерде жүргізілген ғылыми зерттеулер қарастырылған. 2004 жылы қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған археологиялық қазба мен нәтижелері берілген


Қазақстан –сан ғасырлық тарихтың ғана, емес әлемдік өркениет жауһарларына енетін мұраларға өте бай.Әр бір ұлт өзінін тарихымен , мәдениетімен , сонымен қатар сәулеткірлік ескерткішімен мақтана алады. Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев Ұлттық Кеңестің отырысында «Мәдени мұра » бағдарламасын талқылау кезінде : «Дәстүрлі мәдениетті жаңғыртуда өз халқының тарихи тәжірбиесіне жүгіну -бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс »- деген болатын [1]

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бізге өткен тарихымызды қайта жинақтауға, тарихымызды жаңаша жазуға мүмкіндік берді. Осы жылдар ішінде Қазақ тарихын жазуда зерттеуде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтін ерекше атап өтсек болады. 1991 жылы 28 тамызда № 496 қаулысы бойынша Қазақ КСР Министрлер кабинетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясы Археология институты туралы» құрылған болатын. [2] Оған белгілі ғалым, тарихшы, филолог, академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның есімі берілді. 1991 жылы негізгі қаланған бұл интститут Қазақ археологиясынын дамыту мақсатында алдына мынадай ғылыми бағыттар қойды:



  1. Тас дәуірі кезеніңдегі Қазақстан аумағын мекендеген алғашқы адамдардың таралуын қарастыру

  2. Көшпелілер дәуірін зерттеу, Ерте және ортағасырлық қалалардың дамуын зерттеу

  3. Археологиялық ескерткіштерді зерттеу. Сәулеткерлік ескеркіштердің сақталуын қамтамасыз ету. т.б

Осы бағыттарды жүзеге асыруда елімізде бір қатар аса –ірі археологиялық экспедициялар құрылды:

1.Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы- К.М.Байпақов басқарады

2. 1954 жылы негізі қаланған (Іле ) Жетісу археолгиялық экспедициясы. Кезінде бұл экспедициясы К.Ақышев басқарған болатын.

3. Солтүстік Қазақстан археология экспедициясы –М.К.Хабдуллина басқарады.

Алматы қаласында 1991 жылы ЮНЕСКО шеңберінде жүргізілген «Ұжы Жібек жолы - мәдениеттер мен диалогтар байланысы » тақырыбында өткен халықаралық конференцияда еліміздің бір қатар белгілі ғалымдары қатысқан болатын. [3]

Осы бағдарлама жүзеге асыруда Ұлы Жібек жолының бойындағы қалаларға арехологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Олардың арасында көне астаналардың да орындары кездеседі.Қойлық- Қарлұқтардың астанасы, Жанкент-Оғыздардың астанасы, Сауран – Ақ Орда мен Қазақ хандығының тұсындағы астана. Сонымен қатар Ақтөбе (Баласағұн), Жуантөбе, Қараспан, Өзкент, Сүткент, Сидақ т.б ортағасырлық қалаларды атап өтсек болады.

Тәуелсіздіктен кейінгі зерттеу жұмыстары кезінде Қазақстанның ортағасырлық қалаларының қорғаныс жүйесі, қала мәдениеті, ортағасырлық урбанизация мәселелері бойынша жаңа деректер алына бастады. Осы деректер негізінде Қазақстаннын қалалары көптеген қызметтерды атқаратын әкімшілік орталықтар, ұсталық , сауда –саттық тың негізгі орталықтары болған. 2004 жылдан бастап тарих саласында, онын ішінде археология саласында жаңа кезең - мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы болды. Бұл бағдарламанын негізгі мақсаты рухани және мәдени білім беруде дамыту аясында еліміздегі мәдени мұраларды сақтау және оларды тиімді пайдалану болып табылады. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2006 жылдың іс-шаралар жоспарында қарастырылған 2004-2006 жылдардағы тарихи және мәдени ескерткштерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар аяқталды. Қалпына келтіру жұмыстары жыл бойы ұлттық тарихымыздың ондаған тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткіштерінде, алты облыста: Алматы облысының «Жаркент мешіті» сәулет-көркем музейі ғимаратында, Жамбыл облысының Ақыртас сарайы кешенінде, Баба ата сарай –қорғаны кешенінде, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қожа Ахмет Яссауи және Арыстан бап кесенелерінде, Тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіріп, жаңғырту жұмыстарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазқайтажаңғырту» РМК жүзеге асырды. Жоғарыда айтылған нысандардағы жұмыстар негізінен іргетастарды кептіріп, сынған жерлерін қалпына келтіру, қабырғалары мен күмбездерді, төбе жабындарды, маңдайшаларды қалпына келтіру бағытында атқарылды Ескерткіштердің қасбеттері мен күмбездерін қалпына келтіру мақсатында ескі технология бойынша кірпіштер дайындалып, жаңартылатын ескерткіштер маңында тарихи орта қалыптастыру және олардың тұрған аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тұрбат ауылындағы ХIII – ХVI ғғ. сәулет кешенінің  (Ысқақ-Ата кесенесі) алғашқы келбеті қалпына келтіріліп, әрлеу жұмыстары жүргізілді. Аумағы толық абаттандырылды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 158 қаулысымен бекітілген «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) жүзеге асырылуда.  [4] 

Ортағасырдағы бір кездері азиядағы, ірі сәулеткерлік ескерткіштерге бай, Сауран қалашығы мен ондағы соңғы кездері археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде алынған деректердің негізінде қалпына келтірілген жұмыстарға қысқаша тоқтала кететін болсақ.

2004 жылы Сауран қаласында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Сауран қала жұртының солтүстік бөлігінің орта тұсында, солтүстік қақпадан 200 метр жерде қаланың орталық алаңы байқалған. Осы аланның көлемі шамамен 100х40 м. Осы аланның астында күйдірілген кірпіштердін іздері анықталған. Алаңға солтүстік жағынан көше келіп қосылады. Қазба негізінен аланңың солтүстік-батысын жауып тұрған қала мешітінің орталық ғимаратының қирандыларынан бастау алған.

Учаскенің микротопографиясын түсіру кезінде қам кесектен қаланған, бөлек дуалмен қоршалған мешіт кешенінің орны анықталған. Яғни археологиялық қазба барысында мешіттің қоршап тұрған дуал қам кесектен қаланғаны және оның сақталған биіктігі 1.25 метрге жеткен. Ол мешіттің «мехрап қабырғасынан» 2 м қашықтықта орналасып, көлемі 34х42 м ауданды құраған. Оның оңтүстік-батыста орналасқан үштен бір бөлігін мешіттің негізгі ғимараты алып жатқан. Зерттеу барысында анықталған бұл мешіт өзінің қызметін аяқтаған кейін белгілі бір мақсатта тұрмыстық мақсатта пайдаланылған. Қиранды арасында шатыр, күмбез, аркалардың бүтіндей бөліктері кездескен. Мешіт ғимаратының сәулеткерлік бөліктері жобаны қалпына келтіруге мүмкіндік бере отырып, оны екі қатарлы-бес нефті, ұстанды –арқылы қасбетті-күмбезді сәулет құрылысына жатқызған. Мешітке кіреберіс айуанның ені- 6 м құраған. Айуанның аркалары үлкен пилондарға орнатылған. Орталық есік ойығының артында мехрабы бар күмбезді төртұрышты зал орналасқан. Өкінішке орай, мехрап орналасқан қабырға толығымен жойылып кеткен. [5.145]. 2005 жылы А.Яссауи ат.ХҚТУ, Археология ғылыми зерттеу орталығының Тұран археологиялық экспедициясы Сауран қаласының солтүстік-шығыс қақпасында қазба жұмыстарын жүргізді. Қаланың қамалын шығыстан батысқа қарай кесіп өткен ұзындығы 25 м-ден, астам, табанындағы ені 5 м,үстінде 14 м келетін сай болып жатқан, оның орталық бөлігіндегі ең биік жерінің қамалдың сыртындағы ордың деңгейінен биіктігі 3 м, ал ішкі жағындағы мәдени қабаттан 1 м-ден асатын солтүстік-шығыс қақпаны мақсатымен жүргізілген көлемі 30х5-8 м. Қазба жұмыстары кезінде қала қақпасының әр түрлі құрылыс кезеңдерінде қатысты қабаттарынан құрылыс кезеңдеріне қатысты қабаттарынан құрылыс заты ретінде пайдаланылған құрамы әр түрлі құмтастан жасалған бірнеше құлпытастар шыққан. Осыған дейінгі осындай құлпытастар қақпадан 0.8 км солтүстіктен табылған болатын[6.36].



Саурандағы ханакадағы зерттеу жұмысы. Қазақстанның ортағасыр қалаларының маңында егіншілік аудандары болғаны белгілі, сондай егістік Сауран қаласының маныңда болған. 2005 жылы Сауран қалашығында Талеев. Д бастаған археологтар егістік аумағында қазба жұмыстарын ұйымдастырды. Сауран қаласынын сыртқы қабырғасынан солтүстікке қарай 600 метр жердегі иелік зерттелген болатын. Алынған обьектінің көлемі жарты гектарды құраған, және айналасын дуалдар мен қоршалып, дүниенің төрт нүктесіне бағытталған.

Оңтүстік және солтүстік қабырғаларының ұзындығы 15.3 метр, ал шығыстан батысқа қарай 14.3 метр. Ғимарат 8 бөлмеден тұрады. Кешеннің сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеды. Ортадағы бөлменің төрт бұрышындағы қабырғалары жоғарғы күмбезді көтередіндей етіліп қалындатылған. Олардың әр жерінен ақ, қызыл алебастрлармен сыланған. Осы жылы осы ғимараттың 8 бөлмесіне де археолгиялық қазба жұмыстары ұйымдастырылған. Қазба барысында анықталғаны ғимарат бастапқыда ғұрыптық мақсатта ханаканың ролін атқарса, кейіннен тұрғын үй ретінде пайдаланылған. Осы қазылған ғимарат Орта Азиялық ханакаларға ұқсаған. Әсіресе Бұқарадағы Бехауддин және Файзабад ханакаларына өте ұқсас[7.230].



Айт мешіті. 2006 жылы Сауран қаласының маңында Айт мешітінде археологиялық қазба жұмыстары ұйымдастырылды. Қазбаны тарих ғылымдарының кандитаты Талеев Д.Ә жүргізді. Бұл Қазақстанның ортағасырлық қаларынын ішіндегі алғаш қазылған айт мешіті болатын. Айт мешіті Сауран қаласынан солтүстік-шығыста 200 метр жерде сақталған. Бұл мешіттің жалпы аумағы 1 гектарды қамтыған, жан жағынан дуалдармен қоршалған. Жалпы мешіттің үлкен кіре беріс қақпасы солтүстік –батыста орналасқан. Осы қақпадан кіргеннен кейін дәрет алуға арналған бөлме, әр түрлі мақсатта пайдаланған үш бөлме анықталған. Мешіттің ортасында 12х20 метр болатын сопақ төбе (Максура) орналасқан, осы сопақ төбенің оңтүстік бұрышында 14х14 метр, тереңдігі 0.6-0.8 метр болатын әуіз орналасқан. Қазылған мешіттің жалпы өлшемі 11.5х12,5 метр. Қазба барысында Сауран қаласындағы айт мешіті Бұхара, Самархан, Ниса қалаларындағы аршылып қазылған айт мешіттерінің жобасына ұқсаған.

Михраб орналасқан орталық бөлме мен оған үш шетіне жалғасатын бөлмелерден тұрады. Михраб орналасқан бөлменің төбесі күмбезделініп келген. Мешіттің үлкен порталы солтүстік шетінде орналасқан. Онымен жалғасатын үлкен айуанның төбесі арка түрінде жабылған. Ені 6м, тереңдігі 2.75 м, ал жалпы өлшемі 12.5 м. Айуанның екі қапталында орналасқан пилондар 1 метрге дейінгі биіктікте сақталған. Екі шеткі пилондардың сырт жағында болған (орта тұсында) мешіттің төбесіне көтерілетін басқыштардың асты бұзылмай жақсы сақталған. Осы басқыштардың алғашқысы дандана түрінде тігінен қаланған. Мешіттің іші сырланғаны анықталған, себебі түрлі түсті алебастерлердің қалдықтары кездескен. Сонымен қатар мешіттің қабырғалары қам кірпіштен , ал сыртынан бір қатар етіп күйдірілген кірпішпен қаланған. Зерттеуші осындай қабатпен қаптау сонау ХІ ғасырда Ниса қаласындағы мешітте дәл осындай әдіспен болған деп тұжырым жасады. Қорытындай келе археологиялық қазба барысында табылған заттай деректердің негізінде Айт мешіті ХІҮ-ХҮ ғасырда салынған деліінген.[8.69]


Әдебиеттер

  1. Егемен Қазақстан №311, 29 қараша 2003 жылы

  2. Постанавление Кабинета министров КазССР от 28 августа 1991. №496 «Об организации Института археологии им. А.Х Маргулана »

  3. Взаймадействие кочевых и оседлых культур на Великом Шелковым пути /Тезисы докладов международного семинара ЮНЕСКО , Алма-Ата 15-16 июня 1991

  4. ҚР /2009 жылғы 16 ақпандағы № 158 қаулысы//

  5. Смағұлов Е.//Археологиялық зерттеулер жайлы есеп-2005//

  6. Байпаков К.М, Смағұлов Е.А «Ортағасырлық Сауран шаһары»- Алматы, 2005-36 б

  7. Талеев Д.Ә «Сауран қаласындағы шаруашылық аймақтағы зерттеу жұмысы» //Ортағасырлық Қазақстандағы ақша айнымалы және сауда. Халықаралық ғылыми практикалық конференция 2006ж//

  8. Талеев Д.Ә // Археологиялық зерттеулер жайлы есеп-2007//


Abstract

In this article written about the research works of monuments which we had after getting the Independence of Kazakhstan. Also here written that The archeological University named after Margulan had invested their forces in reseaching these monuments. They investigated the Mechit in city Sauran and also other Archaeological research works.



Иманбаева М.,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,

әлеуметтік ғылымдар факультеті,

әлеуметтану кафедрасының 2 курс магистранты


Қaзaқстaндық кәсіпкеpдің әлеуметтік поpтpеті
Түйін

Аталған мақалада қазақстандық кәсіпкерліктің дамуына шолу жасалды. Отандық экономиканың алға дамуындағы кәсіпкерлердің рөлі айқындалып, олардың қазіргі заманғы әлеуметтік портреті жөнінде жазылған.



Кілтті сөздер: кәсіпкерлік, кәсіпкер, кәсіпкерліктің әлеуметтік функциясы, кәсіпкерлік мәдениет
Қоғaмның әлеуметтік құpылымындaғы өзіндік белсенді топ pетінде кәсіпкеpлеpдің әлеуметтік поpтpетін aйқындaу бүгінде өте мaңызды болып келеді. Бұл мақалада кәсіпкеpлеpдің әлеуметтік мәдениеті, әлеуметтік поpтpеті жөнінде болмaқ.

Олapдың әлеуметтік поpтpетін тaлдaудa бapысындa олapдың білім деңгейіне, біліктілігіне, іскеpлік қaбілеттеpіне, құндылықтық бaғдapлapы мен ұстaнымдapынa мән беpу қaжет. Сонымен қaтap, қaзіpгі зaмaнғы кәсіпкеpдің әлеуметтік поpтpетін жaсaу осы тaқыpыпқa apнaлғaн көптеген бaсылымдap мен әлеуметтaнулық зеpттеулеp нәтижелеpінің мaтеpиaлдapын тaлдaу apқылы жүзеге aсaды.



Жекеше зеpттеулеpдің нәтижесіне сүйенетін болсaқ, «кәсіпкеpлік феноменіне» деген қызығушылық деңгейін күннен-күнге apтып отыpуынa қapaмaстaн, ол әлі толығымен зеpттеліп болмaғaн мәселе.

Кәсіпкеp ұғымының нaқты aнықтaмaсы бүгінгі күнге жaсaлып біткен жоқ. Бұл жөніндегі пікіpлеp олapды aйқындaйтын негізгі еpекшеліктеp төңіpегінде болып келеді.

Тaғы біp зеpттеулеpге келетін болсaқ, кәсіпкеpлік-дaмушы құбылыс және оның ішінде де еңбек бөлінісінің болaтыны жөнінде aйтaды [1]. Кәсіпкеpліктің ішіндегі еңбек бөлінісінің нәтижесінен оның жaңa фоpмaлapының пaйдa болуы мүмкін деген болжaмдap дa бap. Уaқыт келе олapдың бapлығын біp кaтегоpиямен түсіндіpу қиынғa соғaды делінеді.

 Бұл феноменнің мaзмұны мен оғaн бaйлaнысты ұғымдapдың өзгеpуіне бaйлaнысты оның қоғaмдa aлaтын pөлі де өзгеpуде.

Кәсіпкеpліктің оpын aлғaн еліне де бaйлaнысты. Ол әp елді өзінің әлеуметтік-мәдени, қоғaмның дaму еpекшеліктеpіне сәйкес болып келеді деген пікіpлеpді бap. Кәсіпкеpлік қaншa жеpден бapлық елдеpге тән унивеpсaлды ұғым болып тaбылғaнымен ол елдің психологиялық, тapихи және т.б. бaйлaнысты әp түpлі түске боялуы мүмкін. Сондықтaн кәсіпкеpдің жaлпығa біpдей моделін құpaстыpу мүмкін болмaқ емес. Бұл зеpттеудегі қaзaқстaндық кәсіпкеpдің поpтpетінің жaсaлуы жұмыстың маңызды тұстарының бірі болып саналады.

 Кәсіпкеp-бұл ең aлдымен тәуекелге бел буa aлaтын aдaм.  

ХІХ ғaсыp мен ХХ ғaсыpдың бaсындa кәсіпкеp ұғымы менеджеp ұғымымен біpге қapaстыpылғaн болaтын. Бұл уaқыттa кәсіпкеpлік іс-әpекеттің экономикaлық aспектісіне aсa мән беpілетін. Бұл кездегі кәсіпкеpліктің түсіндіpмесі бойыншa кәсіпкеp-өзінің пaйдa тaбу мaқсaтындa кәсіпоpынды ұйымдaстыpушы және бaсқapушы aдaм және қaндaй болмaсын шығынның түpіне ол өзі жaуaпты болып тaбылaды [2].

Тек ХХ ғaсыpдың оpтaсынa қapaй ұғымдapдың apaсы біp-біpінен aлыстaй түседі. Менеджеp-әpекеттеpін мaқсaтты түpде бaғыттaйтын, дaмудың қaтaң логикaсынa сүйенетін болсa, кәсіпкеp-ол мaқсaтынa бaйлaнысты өз іс-әpекеттеpін икемдеуге, өзгеpтуге мүдделі aдaм.

 Екі ұғым apaсындaғы шекapa aлғaш pет В. В. Мapченко еңбектеpінде пaйдa болды. Оның пікіpінше, бүгінде бaтыстa екі түpлі пpофессия бap. Олap істі жүзеге aсыpу, pесуpaстapды тapту және олapды жұмсaу және стpaтегиялық бaғдapлaну тұpғысынaн біp-біpінен еpекшеленеді [2,53 б.]. Бaсқaшa aйтқaндa, егеp кәсіпкеp кәсіпоpынды дaмыту мaқсaтындa жaңa мүмкіндіктеp іздеумен шұғылдaнсa, менеджеp қолдaғы бap pесуpсты пaйдaлaну жaғын қapaстыpaды.

ХХ ғaсыpдың оpтaсынaн бaстaп кәсіпкеpлікке беpілген түсіндіpмелеp оның бүгінгі мaзмұнынa сaй келеді. Кәсіпкеp-ол новaтоp.

Новaтоpлық - жaңa идея ойлaп шығapуғa деген икемділік пен қабілеттілік. Новaтоpлық қaсиетті кәсіпкеpлеp әp түpлі мaқсaттa пaйдaлaнa aлaды. Ол мысaлы іске pесуpс тaбу мaқсaтындa тың идея ойлaп тaбу болa мa, әлде өндіpістің ұйымдaстыpылуынa қaндaй дa өзгеpіс еңгізу болып тaбылa мa, ол кәсіпкеpдің мүддесі мен әлеуетіне бaйлaнысты.

Енді кәсіпкеpдің жaлпы еpекшеліктеpін ескеpе отыpып, тaқыpыпқa сaй қaзaқстaндық кәсіпкеp туpaлы aйтқaн жөн болap.

Жоғapыдaғы aйтылып кеткен мәселелеpге қapaғaндa елдегі aлғaшқы кәсіпкеpлеp кaтегоpиясынa жaтқызылғaн aдaмдap «жоқтaн бap жaсaғaн aдaмдap» болды. Оғaн қapaмaстaн қоpшaғaн оpтa тapaпынaн үлкен қapсылыққa тaп болды. Олap өздеpіне деген сенімсіздікпен бюpокpaтияның сaлдapы көpе aлмaушылық сияқты кедеpгілеpге ұшыpaсты. Бұл уaқыттa кәсіпкеp-тек спекулянт ұғымының шеңбеpінде болғaн. Біpaқ paсымен солap елдегі кәсіпкеpлік әpекеттің негізін сaлды.

 Уaқыт өте келе кәсіпкеpлік қозғaлыстың екінші толқыны қaлыптaсaды. Бұл уaқыттa әp түpлі сипaттaғы кәсіпоpындap, бaнктеp, биpжaлap қaлыптaсa бaстaйды.

Бұл қозғaлыстың бaсындa көбінде aлдындa пapтия мүшелеpі және үкіметтік шенеуніктеp, мемлекеттік кәсіпоpындap мен ұйымдapдың бaсшылapы болғaн aдaмдap болaды. Бұл кaтегоpиядaғы aдaмдapдың кәсіпкеpлікке тез икемделуінің себебі олдapдың сол кездегі позициялapынa сәйкес Буpдье бойыншa әлеуметтік кaпитaлдың жеткілікті болуы көп көмегін тигізді. Яғни, мемлекеттің жекешелендіpу жөніндегі зaңын өз мүдделеpіне кеңінен қолдaнып, сол кезеңге тән коммеpциялық құpылымдapды құpып, өздеpі соның бaс легіне ілікті.

Сондықтан да бұл кезеңдегі кәсіпкерлік ұғымы алаяқтық, ұрлықпен және т.б. теңестірілді.

Дегенмен, ол кездегі іскерлердің де елдегі кәсіпкерлік ортаның дамуына қосқан үлесін айтпай өтуге болмас. Олардың тәжірибесі толығымен жоғалып кетті деуге болмайды, қазіргі жағдайларда да олардан қалған тәжірибенің іске жарайтын жері аз емес.

Сонымен екінші толқын кәсіпкерлеріне деген көзқарас басында негативті сипатқа ие болып кейіннен позитивті реңкке ауысты. Бұл кезеңде кәсіпкерлікпен қылмыстық құрылымның өкілдері де айналысыа үлгерді. Олар шындығында шебер адамдар болғанымен қоғамның мүддесін көздейтіндей аса білімді адамдар болмады.

Осы уақыттарда ел арасында мағынасы бәрімізге аян «жаңа қазақ» деген сөздің пайда болуы кездейсоқтық емес.

Бүгінгі іскерлерді біз үшінші толқынға жатқызуымызға болады. Олар өз істеріне мүлдем басқа көзқараспен қарайды. Олар ақшаның оңай келуіне деген иллюзияларын жоғалтқан.

Бүгінде кәсіпкерлікпен айналысушы әрбір азамат өз еркінен тыс болса да қоғам мүддесіне бағытталуы керек екенін түсінеді. Сонымен қатар, олардың өзіндік санасы да өзгеруде. Жеткен жетістіктер олардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Ең бастысы қоғам санасында кәсіпкердің еңбегі өз мазмұнын өзгертті: ол негізінен жағымды сипаттарға ие.

Кәсіпкер мен кәсіпкерлік ұғымдары бір түбірден болғанымен екеуінің де атап өтетін ерекшеліктері бар. Кәсіпкер көбінде тәуекелшілдікпен байланысты болатын қосымша табыс көзін табуға бағытталған адам. Кәсіпкерлік бұл біріншіге қарағанда өте кең мағынада болып келеді. Кәсіпкерліктің экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік те мәнге ие [1,18б.]. Жоғарыда жасаған талдауларға сүйеніп осы екі ұғымды түсіндіретін болсақ, егер кәсіпкердің іс-әрекеті қоғам мүддесіне қарсы, қылмыстық сипатқа ие болса (мысалы есірткі сату), ал кәсіпкерлік өз табиғатынан әлеуметтік жағымды ұғым болып танылады және қоғамға зардабы бар әрекеттерге бағытталуы мүмкін емес.

 Қазақстандық кәсіпкердің әлеуметтік портретін жасау осы тақырыпта жазылған мақалалар негізінде және іскерлердің өздерінен бұл туралы алынған жауаптарға және зерттеуге қатысқан іскерлердің мінез-құлқының негізінде жасалды. Әрине бұл нақты, соңғы модель деп айту өте қиын, дегенмен осы мәселе бойынша жасалған алғашқы қадамдардың бірі болып табылады.

Енді көп зерттеулердің ішінде кәсіпкерлікті сипаттаушы ұғым ретінде көшбасшылық қасиеті бірінші аталады. Зерттеу барысында алынған мәліметтер де мұны жоққа шығармайды. Іскерлердің өздеріне «Қазіргі ХХІ-ғасырдағы қазақстандық іскер қандай болуы керек?» деген сұраққа алынған жауаптардан мысалдар:

Жауап беруші А: «Іскерлер-ең алдымен өз идеясын басқаларға жеткізе алатын, оның дұрыстығын дәлелдей алатын лидерлік қасиетке ие болуы керек. Бұл қызметте ең керегі лидерлікке деген икемділік...»

Жауап беруші И: «Іскер адам өз ортасының лидері болуы керек. Жалпы іс лидердің істі алып жүруіне байланысты. Одан кейін лидерлікті барлық уақытта жауапкершілікпен қатар алып жүре алатын адам болуы керек...»

Қысқаша талдау жасайтын болсақ, отандық іскерлердің өздері де істі тиімді жүргізуде көшбасшылықтың маңызын төмендетпейді. Сонымен қатар, лидерліктің жауапкершілікпен қатар алынып жүру керектігі жөнінде пікірлер аз айтылған жоқ. Яғни, көшбасшылық қасиет бірнеше қасиеттерді өз бойына жинап, үлкен қабілет түрінде көрінетін икемділік болып табылады.

Зерттеуге қатысушылардың 90 пайызы қойылған сұраққа жауаптарында лидерлікті аса айқын көрсетті.

Сонымен бірге зерттелінушілерге «Сіздің іскер ретінде басты құндылықтарыңызға нелер кіреді?» деген сұрақтың нәтижелерін өңдей келе мынадай картина қалыптасты. Әрине, іскерлердің құндылықтары жөнінде сөз болса ойға бірден «ақша» келеді. Дегенмен алынған нәтижелер бұл стереотипті мүлдем ақтамады.

Іскерлер жауаптарынан көп естілген құндылықтарды атап өтетін болсам:

    1. ой мен әрекет еркіндігі;

    2. жаңа идея;

    3. адалдық;

    4. білімге деген құштарлық;

    5. оларға қоғамның, мемлекеттің сенім артуы;

    6. ақша;

    7. мүмкіндіктер т.б.

Яғни, бұл құндылықтар жүйесін талдайтын болсақ, әрине алдындағы болжам өте әлсіз болып шықты. Отандық іскерлердің құндылықтар жүйесінен олардың өз істерін жетілдіруге қажет сәттерді атағандай болып көрінді.

Дегенмен, ақша құндылықтар жүйесінде кейінгі орындарда тұрғанымен іскерлер олардың істерінде капиталдың басты рөлді атқаратыны белгілі. Жоғарыда аталған құндылықтар соңында іске ақша тарту үшін және отандық іскер ортаның әлеуметтік мәдениетінің даму үстінде екенін айту керек.

Аталған құндылықтар өзіңндік ерекшелікке ие. Зерттеу еліміздегі үдемелі инноациялы индустриялы дамыту бағдарламасының контекстінде жүргізіліп, осы бағдарлама шеңберінде қызмет атқарушылар арасында жүргізілген соң олардың жауаптарының біраз ерекше болатыны анық.

Алынған жауаптардан тағы бір сәтті ескеруге болады. Ақша-істің бастапқы кезеңінде өте үлкен маңызға ие. Қаржылай мүмкіндік істің ұзақ уақыт сәтті болуын қамтамасы етпейді. Шынайы іскерлікті қалыптастыру үшін негізгі факторлар ретінде қабңлет, дағды, білі танылды.

Іскерліктегі сәттіліктің факторы-интеллектуалды қабілеттер мен психологиялық ерекшеліктердің, іскерлік қасиеттер мен коммуникативті дағдылардың синтезделуінен пайда болатын күрделі мінез.

Іскерлердің осы саламен айналысудағы психологиялық тұстарын да ұмытпау керек. Олардың осы істі таңдауындағы басты мотитер мыналар болып табылады:

  1. Өзін-өзі жүзеге асыру (самореализация);

  2. Іс-әрекеттегі еркіндік;

  3. Тәуекелшіл өмір салтына икемділіктің болуы және одан алынған нәтижелерге рахаттану және т.б.

Кейбір авторлар кәсіпкерлікті қызметтің түрі ретінде қарастырады. Ал басқалары тұлғалық ерекшеліктің негізінде іске асады деген тұжырымдар жасайды.

Осылайша, кәсіпкерлікті дамыту және оны жүзеге асырушы субьектілердің зерттелуі өте маңызды. Бұл мәселе тек маңызды ғана емес Қазақстанның дамуын анықтайтын ерекше элементтердің бірі болып табылады. Бұл мәселе жөнінде әлеуметтанушылар мен экономистердің ұсыныстары бір жерден шықпайды. Осы жердегі нақты бөлімнің маңыздылығы-іскер субьектілердің жалпы портретін құрастыру.

Зерттеу барысында кәсіпкерлерге деген негізгі ғылыми тұжырымдамаларда алыстаған жоқ. Мысалы кәсіпкерлер адамның бизнес заңдылықтарына икемді келуі өз бойындағы қабілеттері мен қасиеттеріне байланысты деп бағаланады. Бұл тұжыpымды В.Paдaевтың «экономикaлық aдaм» үлгісіне сәйкес түсіндіpуге болaды. Aдaмның экономикaлық іс-әpекеті оның ұлты, діні, әлеуметтік ұстaнымдapы, құндылықтapы және бaсқa дa белгілеpіне қapaмaстaн, ұтымды және жеке дapaлығын мойындaтaтын әpекетте болуы ықтимaл [3, 18 б.]. Бұл aдaм үлгісі – жеке қaлaулapынa негізделіп деpбес шешім қaбылдaйтын aтомдaлғaн жеке aдaм, біpінші кезекте өз мүддесін ойлaйды және жеке пaйдaсынa ұмтылуғa тыpысaды, aлғa қойғaн мaқсaтынa біpтіндеп жетуге тыpысaды, оғaн жетудің қaндaй дa біp құpaлын тaңдaудa сaлыстыpмaлы түpдегі шығындapғa көңіл aудapaды, сондaй-aқ өз қaжеттіліктеpін біліп қaнa қоймaй, оны қaнaғaттaндыpудың құpaлдapы жaйлы қaжетті aқпapaтқa ие болaды [4]. Қaзіpгі жaһaндaну мен экономикaлық интегpaция үpдісінде aдaмдap, әсіpесе эконмикaлық aгенттеp «экономикaлық aдaм» үлгісінде сипaттaлaды. М.Вебеp экономикaлық мінез-құлықты әлеуметтік мінез-құлықтың ең ұтымды түpі деп қapaстыpaды.

Тағы бір мән беретін жағдай кәсіпкеpлеp, кәсіпкеpліктің дaмуынa көбінесе этникaлық, ұлттық фaктоpлap көп әсеp ете қоймaйды деп есептейді.

Зерттеу Үдемелі инновациялы индустрияландыру бағдарламасының шеңберінде болғандықтан, бағдарлама мақсаттарына сай және ел экономикасын дамытуда қазақстандық іскерлер болуы керек:


  1. жаңашыл;

  2. инновациялық әрекетке бейімделгіш;

  3. тәуекелшіл;

  4. ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты түсіну қабілеті;

  5. ғылымның соңғы жаңалықтарын өндіріске еңгізуге икемділік;

  6. жаңалықты сезінгіштік және инновациялық ойды өндіріске еңгізе білу қабілеті;

  7. қоғам мүддесіне бағытталған;

  8. әлеуметтік жауапкершілігі бар;

  9. өз саласының білікті маманы;

Осы аталған қасиеттерді біріктіретін ұғым-іскерлердің әлеуметтік мәдениеті деген түсініктің астына біріктіруімізге болады.

Зерттеуге қатысқандардың орташа жасы 29-46 жастар шамасы. Жалпы кадрлер бөліміндегі мәліметтер де осы жас шамасын көрсетеді.

Қорытындылай келе отандық өндірістің дамуы үшін іскерлердің әлеуметтік мәдениеті тек қалыптасу үстінде деген тұжырымға тоқталдық. Өз істерін қоғам мүддесімен байланыстыра алатын іскерлер қатары жаңадан қалыптасып келе жатыр. Олардың мотивтерінің өзгеруіне елдегі бизнесті қолдау үшін жасалып жатқан шаралардың үлесі көп.

Осы тұрғыда 2012 жылдың масыр айының 17 күні орын алған Нұр Отан ХДП экономикалық саясат кеңесінде Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Асет Исекешевтің сөздеріне көп мән беру керек: Министрдің тұжырымдауынша, қоғамды инновацияландыру шаралары жасалуда. Дегенмен, инновация толығымен ұлттық идеяға айналмай тұр. Бұл идеяның дамуы үшін аймақтар, компаниялар, мектептер, униерситеттер және т.б. бұл мәселемен айналысулары керек. Инновациялық әрекетке тек ғалымдар мен кәсіпкерлерді ғана емес, сонымен қатар белсенді жастарды да тарту аса маңызды болып табылады.


Әдебиеттер

  1. Голубев А. М. Предпринимательство в социальной структуре гражданского общества. – М.: Изд-во РГУ, 2001

  2. Муртин Г. Н. Социология предпринимательства. - М.: Изд-во Альянс-медиа.

  3. Иванов В. Н. Политическая социология. - М.: Норма, 2001

  4.   Радаев В. В. Экономическая социология. Курс лекций. – М.: Экономика, 2000

  5. Қалдыбаева Т.Ж. Іскерліктің әлеуметтік мәдениеті.- Өскемен – 2009 «ЛИБРИУС» баспасы

Аннотация

В данной статье был сделан обзор развитию казахстанских предпринимателей. Определяется роль предпринимателей в развитии отечественной экономики и говорится о современном социальном портрете отечественного предпринимателя.


Abstract

In this article there was made the review to development of the Kazakhstan entrepreneurs. There is defined the role of entrepreneurs in the development of domestic economy and is told about the modern social portrait of the domestic entrepreneur.


Қүльмаханова А.,

Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия Ұлттық университеті,

филология факультетінің 2 курс магистранты




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет