№2 (127)/2019 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series Осылайша жыр әлеміндегі дәуірі ортақ үш ақынның туған жер тақырыбын жырлау
тәжірибесіне жүгіне отырып, «Жер-Ана» ұғымының әрқилы идеялық-көркемдік мақсатта
жұмсалғанын аңғаруға болады.
Тарих басқа жаулаушы жұрттың қол астына қараған кез келген өміршең этнос өзінің
тамыры тереңде жатқан таным-түсініктерінен оңайлықпен қол үзе қоймайтынын растайды.
Елдің тынысы мен тұрмысының ең ділгер, ең дертті жайттары жөнінде қазақ ақындары
туған жер тақырыбы арқылы тұспалдаған.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды және әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын
ескере отырып, кеңес қазақ поэзиясындағы туған жер тақырыбының идеялық-көркемдік
эволюциясын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1-кезең – 1920-1930 жылдардың іші (І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, т.б.);
2-кезең – 1940-1950 жылдардың шегі (Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, Ә.Тәжібаев,
Ә.Сәрсенбаев);
3-кезең – 1960-1980 жылдардың аумағы (Қ.Мырзалиев, Т.Айбергенов, М.Мақатаев,
Ж.Нәжімеденов, С.Жиенбаев, Ж.Әбдірашев,т.б өлеңдері).
Қазақтың өлең өнеріндегі аталмыш тақырыптың ажарын ашуда ұлттық жаратылы-
стың мәйегін жинақтаған «дала» мен «ауыл» ұғымдары алтын арқауға айналды.
Академик Р. Нұрғалиев: «
Алтай мен Атырау, Сібір мен Самарқан арасын ғасыр- лар бойы жайлаған қазақ халқы аспанмен тілдескен зеңгір таулардың сай-саласын, көк толқынды телегей-теңіз жағасын, шетсіз-шексіз құм қойнын тұрақ еткенмен, оның не- гізгі мекені, сүйген топырағы – Дала, Ұлы Дала болды » [9, 83 б.], - деп жазса, әдебиетта-
нушы Т.Шапаев: «
Дала – халықтық болмыс, ұлттық рухтың символы болса, ауыл – оның тіршілікке, мазмұнға толы және бір жанды, төл көрінісі. Дала – ауыл... Шынына кел- сек, поэзиямыз үшін тақырып жөнінен бөліп-жарып, жіктеп-жіліктеуге келе бермейтін тұтас ұғым: туған жер. Халық әуезіне құлағы түрік, көңілі сергек, кіндігі осынау алтын қазыққа байлаулы кім-кімнің де жүрек тереңінде сақтаған қазыналы алтын сандығы » [10,
82 б.], – деп, бұл ойды толықтыра түседі.
Ілияс Жансүгіров шығармашылығының арқасында «Дала» сөзі шын мәнінде ұлттық
символға айналып, әр алуан ассоциацияларға жетелейтін дәрежеге жетті.