Хабаршысы bulletin of L. N. Gumilyov Eurasian National University вестник



Pdf көрінісі
бет18/36
Дата09.06.2022
өлшемі2,6 Mb.
#146268
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
ана архетипі
Дәріс 7.Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1)
№2 (127)/2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - 
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Осылайша жыр әлеміндегі дәуірі ортақ үш ақынның туған жер тақырыбын жырлау 
тәжірибесіне жүгіне отырып, «Жер-Ана» ұғымының әрқилы идеялық-көркемдік мақсатта 
жұмсалғанын аңғаруға болады.
Тарих басқа жаулаушы жұрттың қол астына қараған кез келген өміршең этнос өзінің 
тамыры тереңде жатқан таным-түсініктерінен оңайлықпен қол үзе қоймайтынын растайды. 
Елдің тынысы мен тұрмысының ең ділгер, ең дертті жайттары жөнінде қазақ ақындары 
туған жер тақырыбы арқылы тұспалдаған.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды және әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын 
ескере отырып, кеңес қазақ поэзиясындағы туған жер тақырыбының идеялық-көркемдік 
эволюциясын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: 
1-кезең 
– 1920-1930 жылдардың іші (І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, т.б.); 
2-кезең
– 1940-1950 жылдардың шегі (Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, Ә.Тәжібаев, 
Ә.Сәрсенбаев); 
3-кезең 
– 1960-1980 жылдардың аумағы (Қ.Мырзалиев, Т.Айбергенов, М.Мақатаев, 
Ж.Нәжімеденов, С.Жиенбаев, Ж.Әбдірашев,т.б өлеңдері). 
Қазақтың өлең өнеріндегі аталмыш тақырыптың ажарын ашуда ұлттық жаратылы-
стың мәйегін жинақтаған «дала» мен «ауыл» ұғымдары алтын арқауға айналды.
Академик Р. Нұрғалиев: «
Алтай мен Атырау, Сібір мен Самарқан арасын ғасыр-
лар бойы жайлаған қазақ халқы аспанмен тілдескен зеңгір таулардың сай-саласын, көк 
толқынды телегей-теңіз жағасын, шетсіз-шексіз құм қойнын тұрақ еткенмен, оның не-
гізгі мекені, сүйген топырағы – Дала, Ұлы Дала болды
» [9, 83 б.], - деп жазса, әдебиетта-
нушы Т.Шапаев: «
Дала – халықтық болмыс, ұлттық рухтың символы болса, ауыл – оның 
тіршілікке, мазмұнға толы және бір жанды, төл көрінісі. Дала – ауыл... Шынына кел-
сек, поэзиямыз үшін тақырып жөнінен бөліп-жарып, жіктеп-жіліктеуге келе бермейтін 
тұтас ұғым: туған жер. Халық әуезіне құлағы түрік, көңілі сергек, кіндігі осынау алтын 
қазыққа байлаулы кім-кімнің де жүрек тереңінде сақтаған қазыналы алтын сандығы
» [10, 
82 б.], – деп, бұл ойды толықтыра түседі.
Ілияс Жансүгіров шығармашылығының арқасында «Дала» сөзі шын мәнінде ұлттық 
символға айналып, әр алуан ассоциацияларға жетелейтін дәрежеге жетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет