Хабаршысы bulletin of L. N. Gumilyov Eurasian National University вестник



Pdf көрінісі
бет16/36
Дата09.06.2022
өлшемі2,6 Mb.
#146268
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
ана архетипі
Дәріс 7.Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1)
«Жер-Ана» архетипі.
Көшпелі түркілер өркениетінде «Жер-Ана» бейнесінің дара бітімі бар екені белгілі. 
Ол өз төркінін көне бітіктастағы 
«Ыдук Йер-Су»
(«Қасиетті Жер-Су») ұғымынан алады.
Түрлі трансформацияға ұшыраған «Жер-Ана» архетипі бергі замандағы қазақ ақын-
дарының суреткерлік психологиясында тұрақты нышан танытты. Қасиетті қара жерді ана 
ретінде қабылдаудың ескі сорабы жоғалып кеткен жоқ. І Жансүгіровтың «Дала» поэмасында 
бұл түсінік:
Көктен төгіп нұрын Күн, 
 
 
Көк бұрқырап, жайқалып
 
 
Деп Жер-Ана: «тірілдім!», 
 
 
Иді емшегі балбырап
[3, 126 б.], -деген жанды кейіпте көрінді. Ал Сәкен Сей-
фуллин оған: 
Жер – ұлы ана, буы – демі, 
 
 
Жадырайды көсіле, 
 
 
Еңбекші жан уыз еміп
 
 
Өрмелейді төсіне
[4, 158 б.], - деп жан бітірді. 
Одан кейінгі кезең қазақ ақындарының ішінде туған өлке мен ана тақырыптарын 
жиі жырлаған Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығында осы екі бейне бара-бара өза-
ра кірігіп кетті. Оның туындыларындағы «Жер-Ана» бейнесінің ара-тұра бір емес, үнемі 
ұшырасып отыратыны – қаламгердің дүниетаным тұтастығының және саналы суреткерлік 
ұстанымының белгісі. Мысалы, ақын «Жер мен әйел» атты философиялық пайымға толы 
өлеңінде [5, 75 б.]:
«Жер демекші, о да ару, ол да ана, // Әйелге тең теңеу болса, сол ғана»

-деп, сонау Адам Ата, Хауа Анадан бері қарайғы тіршіліктің құрсағы – Жердің сұлулық 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - 
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
212
№2 (127)/2019
сипатын, жаратушылық күшін, жарылқағыш мінезін, тылсымдық құдіретін әйел затымен 
салыстыра суреттейді. Өлеңнің: 
«Мен әйелге тәңірімдей табынам...»
деген алғашқы тар-
мағындағы тұжырымның астарын осындай қарым-қатынас арқылы ашады, яғни: әйел де 
– тәңірі, жер де тәңірі. 
«Жер деп Көкше жерін айт»
атты өлеңінде Жұбан семантикалық 
егіздеудің сырын перзенттік сезіммен жайып салады: 
Мен үшін қазақ жерінің
 
 
Жаманы және жаты жоқ.
 
 
Мен үшін қазақ жерінің
 
 
Анадан өзге аты жоқ! 
[5, 201 б.].
Ал, оның «Таңырқаймын шыңдарына таулардың» атты шығармасындағы 
«Дала! Дала! 
Дала! – емсіз ғашығым»
[5, 203 б.] деген жолдарды оқығанда, ақынның алдыңғы екі өлеңімен 
таныс оқырманның санасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет