Хабаршысы bulletin of L. N. Gumilyov Eurasian National University вестник



Pdf көрінісі
бет13/36
Дата09.06.2022
өлшемі2,6 Mb.
#146268
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Байланысты:
ана архетипі
Дәріс 7.Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1)
201-209
Шарип Амантай.
Архетип «Жер-Ана» («Мать-Земля») в казахской поэзии: генезис и 
трансформация ..............................................................................................................................
210-217


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - 
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
210
№2 (127)/2019
ХҒТАР 17.09.91; 17.82.10
Амантай Шәріп
Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан
(
E-mail:
 sharipamantay@gmail.com)
Қазақ поэзиясындағы «Жер-Ана» архетипі: генезис және трансформация 
Аңдатпа.
Қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы «Жер-Ана» архетипі өз бастауын көне 
түркілік мифтік-поэтикалық ойлау жүйесінен алады және ұлттық менталдықта маңызды орынға ие 
боп келеді. Көшпенділердің жерге қатынасы экономикалық немесе заңдық көзқарасқа емес, руха-
ни байланысқа сүйенген. Мақалада поэтикалық мәтіндер негізінде аталған архетиптің символдық 
мәні, функционалдық жүгі, бейнелік-семантикалық құрылымы, көркемдік-идеялық трансформа-
циясы қарастырылған. ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының әртүрлі кезеңінде туған жер тақырыбы-
ның көрініс табу ерекшеліктері арқылы этностық сана-сезімнің даму тенденциялары айқындалған, 
сондай-ақ осы тұрғыда Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов секілді көрнекті 
ақындардың шығармашылық өзіндік қолтаңбасы ғылыми талдаудың арқауына айналған. 
Түйін сөздер:
қазақ поэзиясы, архетип, Жер-Ана, дала, ауыл, туған жер культі.
DOI: https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-127-2-210-217
«Туған жер» ұғымының астары адам баласының өзі мекендеген кеңістікті игеру 
амалдары мен сол кеңістікте ұйымдастыратын тіршілік түрлерін талдап-таразылау арқылы 
ашылады. Дүниеге келу және өмірмен қоштасу циклдеріне қатысты ғұрыптар этнос қоны-
станған жер аумағымен тығыс байланыста жүзеге асады. Бұл ұғымға этностық даралық 
тән және басқа тілдерге сөзбе-сөз аудару оның ішкі ұлттық мазмұнын толық қамтитындай 
ашып бере алмайды.
Көшпелілер мәдениетін қарастырған кезде туған жердің мифтік-поэтикалық бей-
нелеріне ден қоюдың маңызы зор. Олар өз ата-бабаларынан қалған қонысқа ру-тайпаның 
ортақ игілігі ретінде қараған. Зерттеушілер Орталық Азия мен Оңтүстік Сібір көшпелі 
халықтарының дәстүрлі мәдениетінде жер меншігіне қатысты экономикалық және заңдық 
көзқарас үстемдік етпегенін әркез еске салып отырады. Олардың туған топырақпен қа-
рым-қатынасы рухани байланысқа негізделген. Көшпелілердің өздері мекендеген жерлерді 
оп-оңай тастап, орын ауыстыра бергені туралы жалған стереотипті пайымдардың тым бір-
жақты екенін қазір салиқалы ғалымдардың баршасы бір ауыздан мойындаған. Бабаларымыз 
кеңістікті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет