Сабақ мақсаты: Білімділік: Атыраудың ақиық ақыны Әбу Сәрсенбаев өмірінен мәлімет беру



Дата25.08.2017
өлшемі51,92 Kb.
#27747
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Ақиық ақын Әбу Сәрсенбаев шығармашылығы

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Атыраудың ақиық ақыны Әбу Сәрсенбаев өмірінен мәлімет беру.

Теңіз толқындарындай тереңнен лықсып көтеріліп , ақжалында бұрқырап жанатын жолдарға толы ақын өлендеріндегі лепті екпін ,биік рух ,өршіл пафос,қайтпас жігер мен қайсарлықты ұғындыру.

Тәрбиелік:Ұлттық құндылықтарымызды, әдебиетіміз бен мәдениетімізді құрметтей білуге баулу, туған жерге деген мақтаныш сезімін ояту.

Дамытушылық:Өз ойларын жеткізе білу, қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыту, мәнерлеп оқуды қалыптастыру.

Сабақ түрі:Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ әдісі:дәріс, түсіндірмелі, баяндау, сұрақ-жауап,анализ,синтез.

Пәнаралық байланыс:тарих

Сабақ жүрісі: І.Ұйымдастыру

Сыныптың сабаққа дайындығы,психологиялық жағдай туғызу.

ІІ.Үй тапсырмасы

Атырау- жыр өлкесі, сыр өлкесі(реферат жазып келу)

ІІІ.Жаңа сабақ

Мұғалім түсіндірмесі:

Әбу Сәрсенбаев 15 қазанда қазіргі Атырау облысы Құрманғазы (Теңіз) ауданы Мақаш ауылдық округінің Алға ауылында туған. 1929 жылы Астрахань кеңеспартия мектебін бітіріп, 1932-1934 жылдары Алматыдағы Комвузда оқыған. 1934-1936 жылдары «Түрксіб» газетінде редактор, 1936-1942 жылдары Қазақтың мемлекеттік баспасын басқарды. 1942-1947 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947-1953 жылдар аралығында Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасының директоры болды.


Әдебиетке 1930 жылдардың орта тұсында келді. «Еділ толқыны» (1937), «Жүрек сыйы» (1938), «Ант» (1939), «Ақша бұлт» (1947) жыр жинақтары оның ақындық қарымын танытса, «Туған өлке» (1948), «Махаббат жыры» (1949), «Отан таңы» атты кітаптары Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы еңбек қаһармандарының бейнесін жасауға арналған. Оның прозалық шығармаларының ішінде Каспий теңізшілерінің қазіргі еңбегіне, өміріне арналған «Теңіз әуендері» (1969) романының орны ерекше болса, «Толқында туғандар» (1953) кітабында байырғы қазақ балықшы-жұмысшыларының ауыр тіршілігін шыншылдықпен бейнелейді.
«Арбасу» (Қ.Жұмалиевпен бірлесіп, 1948), «Теңіз махаббаты» (1975) атты пьесалары, «Әдебиет хрестоматиясы» (Е.Исмайыловпен бірге құрастырған, 3 сынып үшін, 1938), «Оқу кітабы» (үлкендер мектебіне арналған, 1941), «Ана тілі» (3 сынып үшін, 1948, 1959) атты оқулықтары жарық көрген. Әскери новеллалар мен эсселер жинақтары да бар. Шығармалары орыс, эстон, түрікмен, тәжік, болгар, т.б. тілдерге аударылған.
А.Пушкин, М.Лермонтов, Ш.Петефи, Н.Некрасов, Фаиз шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Жазушының әдебиетке қосқан еңбектері еленіп, 1987 жылы Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілді.Октябрь (Қазан) Революциясы, I дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.1995 жылы 25 қарашада өмірден өтті.

І тапсырма.Өнегелі өмір(естеліктер,зерттеу еңбектері,өлеңдері бойынша әңгімелеу)

І топ. Өмір- өзен (Әбу Сәрсенбаев өміріне шолу)

ІІ топ. Поэзия ардагері-Әбу Сәрсенбаев «Тоқсанның толғауы»З.Қабдолов

ІІІ топ. Соғыс тақырыбы – ақын үшін мәңгілік тақырып.

ІІ тапсырма.Ақынның әр түрлі жанрда жазған туындылары туралы айту.

«Ақша бұлт» , «Сен құрметте оны», «Атырау», «Баспалдақтар,биіктер»

(Өлеңдерді мәнерлеп оқып шығу)



«Баспалдақтар,биіктер» өлеңінен үзінді

Ақынның айтпақ ойы

Өз пікіріңіз,мақалмен ой қорыту

«Келер ұрпақ айға қонсаң сен ертең,

Мен баспалдақ болдым деп- ақ мақтандым!»



Өмірдің жалғастығы туралы

«Алдыңғы толқын- ағалар, кейінгі толқын-інілер»Абай

«Сен құрметте оны»

1) Өлеңде не туралы айтылған?

2) ІІ дүние жүзілік соғыс туралы не білесіңдер, ақын сөзін кімдерге арнаған?

3) Соғыс мүгедектерін көргенде сендердің бойларыңды қандай сезім билейді?

Дамыту: Жоспар

1. Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

2. Денесін оқ пәршелесе де

Ел намысын қорғап қалды.

3. Сенің келешегің үшін берді ол,

Азаттық жолында аяғын.

- Ұлы Отан Соғысы қай жылдары болды?

- Бұл кезеңдегі батырлардан кімдерді білесіңдер?

- Олар біздің келешегіміз үшін күресті. Осы тәуелсіздік жолында еліміз талай қиыншылық кезеңдерді өткізді.

Туған жер дегенде тебіренбейтін көңіл, бұлқынбайтын жүрек бола ма? Әбу  Сәрсенбав та өзі майдан даласында жүрсе де, туған еліне арнап "Туған жер" өлеңін шығарған болатын.

Туған жер.

а) Туған жер топырағы

ә) Қайда жүрсем, өзің тұрдың есімде

б) Сен — ұлысың, адам — сенің жемісің

в) Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер. Өлең кімге арналған?

Лирика — ақынның сезімін, көңіл-күйін, қуанышы мен сүйінішін, арман-аңсарын, өмірге деген көзқарасын, ішкі толғанысын, дүниетанымын сыр ғып шертетін өлең.

-Бұл өлең қандай ұйқаспен жазылған?

-Неше шумақтан тұрады?

- Неше буынды өлең?

«Ақша бұлт», «Атырау»

Өлеңнен үзінді

Құбылту түрі

Ақын ойы










Бекіту:

І қатар: "Отан үшін отқа түс, күймейсің" (ой-толғау)

ІІ қатар: " Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер " (ой-толғау)

ІІІ қатар: «Мен жастарға сенемін» (ой-толғау)

Қорытындылау:

Мен тілеймін: көгімізден күн нұрының мәңгі- мәңгі өшпеуін,

Жылымыздың: алтын күзі,қарлы қысы,жазын,майса көктемін.

Мен тілеймін: Әділет үшін қан төгілген жұмыр жердің бетінде:

Теңдік пенен достық атты гүл бақшанаң көріктене көктеуін.

Мен азамат арыменен ақ жарыла тілеймін:

Өз тілімнің өзге тілдің қабатында ұмытылып кетпеуін!-деп туған еліне, тіліне деген сүйіспеншілігін аямай, болашақ жастардан үміт күткен Ірі ақын, Ұлы ақын Әбу атамыздың сенімін ақтайық!

Үйге тапсырма:



Өлеңдерді жаттау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет