Хабаршысы вестник



Pdf көрінісі
бет82/164
Дата06.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#79413
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   164
Байланысты:
№1 (56)-2020

Негізгі сөздер:
несиелік саясат, екінші деңгейлі банктер
проблемалық несиелер, мемлекеттік бағдарлама, банктік бизнес, 
Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы.
 
Мемлекеттің стартегиясына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі 2015 
жылдан 
бастап 
ипотекалық 
қарыздарды 
қайта 
қаржыландыру 
бағдарламасын іске асыруда. Осы бағдарламаны іске асыруға Қазақстан 
Ұлттық Банкі 300 млрд. теңгеден астам қаражат бөлді, бұл ретте банктер 
қарыз алушылардың сыйақы, комиссия, 180 млрд. теңгеден астам сомаға 
тұрақсыздық айыбы бойынша берешегін кешіретін болады [1]. 2004-2009 
жылдар кезеңінде берілген және жалғыз тұрғын үймен қамтамасыз етілген 
қарыздарды қайта қаржыландыру мақсатында 130 млрд.теңге бөлінді. Қарыз 
алушылардың борыштық жүктемесін жеңілдету мақсатында Бағдарлама 
жылдық 3% - дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша 
капиталдандырылған сомаларды шегере отырып, қарыз бойынша негізгі 
борышты қайта қаржыландыруды көздейді. Қарыз алушының сыйақы, 
комиссия, тұрақсыздық айыбы бойынша берешегін банктер кешіруге тиіс. 


107 
Қарызды қайта қаржыландыру нәтижесінде қарыз алушының қарызы 40-
50% - ға төмендейді [2].
Сот шешімдері бар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 
қарыз алушылардың қарыздары бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі 
мемлекеттік баж бойынша берешекті, сондай-ақ проблемалық валюталық 
қарыздар бойынша 15 млрд. теңгеден астам сомаға бағамдық айырманы 
өтеген. 2019 жылғы 1 ақпанға банктер Бағдарлама аясында 161,1 
млрд.теңге сомасына 26 021 қарыз мақұлдады, 141,1 млрд. теңге сомасына 
24 195 қарыз қайта қаржыландырылды. Ақшаны игерудің револьверлік 
тетігін ескере отырып, 2026 жылға дейін қайта қаржыландырылған 
қарыздардың саны республика бойынша шамамен 40 мыңды құрауы мүмкін. 
2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасында ипотекалық қарыз алған 
қарыз алушыларды қолдау Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы 
бағамы бойынша теңгемен валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруды 
көздейді (АҚШ доллары үшін 188,35 теңге). 25 мамыр 2019 жылы бағам АҚШ 
доллары үшін 378,04 теңгені құрайды. Бағамдық айырма сомасы (шамамен 
156 млрд.теңге) банктерге қайтарымды негізде Ұлттық Банктің меншікті 
қаражаты есебінен өтеледі.
Қарыз бойынша негізгі борыш қалдығы қайта қаржыландыруға жатады. 
Банктер 136 млрд.теңгеден астам сомаға сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық 
айыбы бойынша қарыз алушылардың берешегін кешіреді. Қайта 
қаржыландырылатын қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12% - 
ды құрайды (халықтың әлеуметтік осал топтары үшін-жылдық 3%). Егер 
қолданыстағы сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12% - дан кем болған 
жағдайда, қарызды қайта қаржыландыру кезінде сыйақы мөлшерлемесі 
ұлғайтуға жатпайды. Айта кету керек, ипотекалық қарыз бойынша орташа 
нарықтық мөлшерлеме 2019 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша жылдық 
12% -14% құрайды. Валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру қарыз 
алушының борыштық жүктемесін екі және одан да көп есе төмендетуге 
мүмкіндік береді.
2019 жылғы 1 ақпанға банктер 53,6 млрд.теңге сомасына 6 361 
валюталық ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруға мақұлдады, 38,6 
млрд. теңге сомасына 4 917 қарыз қайта қаржыландырылды. Валюталық 
ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылдың 15 
шілдесінде аяқталады. Қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық Банкі мүлкі 
банктердің балансында тұрған ипотекалық қарыз алушыларды және 
қарыздары бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырылған халықтың 
әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушыларды қолдау мәселесін 
пысықтауда. Тұрғын үйді жалға беру шарттарын және халықтың әлеуметтік 
осал топтарына жататын қарыз алушыларды қосымша қолдау тетігін әзірлеу 
үшін оған мүдделі мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың өкілдерін, 
Екінші деңгейдегі банктердің өкілдерін және қоғамдық бірлестіктердің 
басшыларын қоса отырып, жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы азаматтардың 
осы санаттарына көмектің негізгі шарттарын әзірлегеннен кейін 


108 
Бағдарламаға тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Сондай-ақ ҚРҰБ Ұлттық 
Банктің қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінген азаматтарға кеңес береді 
және құқықтық көмек көрсетеді, заемдарды қайта құрылымдау шарттарын 
әзірлеу үшін заемшылардың банк өкілдерімен және ипотекалық ұйымдардың 
өкілдерімен кездесулері өткізіледі. Осылайша, мемлекет ипотекалық 
қарыздарды қолдау жөнінде толық шаралар қабылдайды, атап айтқанда 
қарыз қалдығын есептен шығармай, берешекті қайта қаржыландыру 
жүргізіледі. Осыған байланысты заемдарды есептен шығару туралы 
жекелеген көздермен таратылатын ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. 
Ұлттық Банк қарыз алушылардың мүдделерін білдіретін қоғамдық 
бірлестіктермен бағдарламаның іске асырылуын жақсартатын шаралар 
бойынша белсенді диалогқа дайын және Ұлттық банк қызметінің негізгі 
бағыттары мен оның бастамалары туралы халықты ұдайы хабардар ету 
практикасын жалғастырады [3]. 
Біз қарастырған проблемалық қарыздарды қолдау жөніндегі 
мемлекеттік бағдарламада кемшіліктер де байқалады, атап айтқанда, бұл 
бағдарлама, өкінішке орай, әрдайым мінсіз жұмыс істемейді және 
проблемалық қарыздардың барлық секторын қамтымайды. Бірінші кезекте, 
оның негізгі кемшілігі ол 2009 жылға дейін ресімделген қарыздарды ғана 
қамтиды. Бұл «проблемалық» мәртебесін алған қарыздардың көп саны 2006 
және 2007 жылдары ресімделгендіктен, ал 2008 жылы әлемдік қаржы 
дағдарысына байланысты мерзімін өткізіп алуға кетті, ол халықтың орташа 
жіктерінің қаржылық жағдайына қатты теріс әсер етті. Алайда, статистика 
көрсеткендей, мыңдаған адамдар ЕДБ мемлекеттік бағдарлама бойынша 
қайта қаржыландыру туралы өтінішпен жүгінеді, бірақ қарыздар 2009 жылға 
дейін рәсімделгендіктен олардан бас тартады. Осы бағдарламаның екінші, 
өте маңызды кемшілігі ЖШС-де ресімделген қарыздарды қозғамау фактісі 
болып табылады, алайда дәл жауапкершілігі шектеулі серіктестер ШОБ 
секторы экономикасының қозғаушы тетігі болып табылатыны белгілі. Ақыр 
соңында, үшінші және негізгі мәселе-халықтың хабардар болмауы. ЕДБ 
банктері қарыз алушыларды пошта қаражаты бойынша мемлекеттік 
бағдарлама туралы хабардар етуге міндетті, алайда қарыз алушылар оны 
әрдайым ала бермейді және тіркелген жерде жиі тұрмайды. Осыған 
байланысты, көптеген қарыз алушылар, кімнің қарыздары мемлекеттік 
бағдарлама шарттарына сәйкес келетінін білмейді.
Қазақстанның банк жүйесі батыс елдерімен салыстырғанда біршама 
жас болып табылатыны белгілі, осыған байланысты әр түрлі кемшіліктер мен 
олқылықтар орын алуда. Алайда, осыған қарамастан, олар әртүрлі 
кезеңдерде де анықталған жағдайда, реттеуші нақты жағдайды шешу 
бойынша немесе тұтас алғанда бүкіл жүйені одан әрі жетілдіру бойынша 
тиісті қарсы шаралар мен тіпті стратегиялық қадамдар жасайды. Осы 
бағытта банктер мен Үкімет арасындағы негізгі байланыстырушы буын рөлі 
«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне 
берілді. Мәселен, ҚҚҚ өз қатысушыларының атынан атқарушы биліктің 


109 
барлық органдарында құқық-өзара қарым-қатынас деңгейіне қарамастан іс 
жүзінде барлық банк секторының мүдделерін білдіреді және қолдау 
көрсетеді. Осыған байланысты, қатысушы банктер даулы жағдайлар кезінде 
заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаның қолданылуы жөніндегі 
ұсыныстарға немесе белгілі бір мәселелер бойынша банктердің практикасын 
жетілдіру жөніндегі әртүрлі ұсыныстарға қарамастан, түрлі мәселелер 
бойынша ҚҚҚ-ға жүгінеді. Осылайша, аталған институт банк секторы мен 
республика Үкіметі арасында сындарлы диалог орнатуға жақсы әсер етеді 
және барлық жәрдем көрсетеді. 
Қазіргі уақытта банк қызметінде NPL деңгейін айтарлықтай азайту үшін 
бірқатар қиындықтар бар, атап айтқанда проблемалық қоржынның сапасына 
байланысты, өйткені проблемалық қарыздар өте ескі, 2006-2011 жылдары 
берілген қарыздардың шоғырлануы 84%-дан астам, олардың көпшілігі 
жоғары бағалармен және төмен өтімді кепілдермен берілген, сондай-ақ 
алыпсатарлық, алаяқтық және көрінеу қайтарылмайтын қарыздар ретінде 
сипатталады. Тиісінше аталған жағдай қоржынның кепілдермен төмен 
қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ клиенттердің қаржылық жай-күйінің 
жаңаруына немесе өсуіне келешексіз болуына алып келді [4]. 
Жекелеген банктерге де, тұтастай алғанда барлық банк секторына де 
тән Проблемалы несиелер қоржынын басқару бойынша қазіргі уақытта бар 
өзекті проблемалы мәселелерді қарастырайық, олар 1-кестеде келтірілген.
Кесте 1. Мәселелерге және ұсынылатын шешу жолдарына шолу [5] 
Анықталған мәселе 
Шешім бойынша ұсыныстар 
Соңғы 4-5 жыл ішінде жұмысты нашар 
ұйымдастыру, бұл NPL төмендету бойынша тиісті 
қажетті жұмыс жүргізілмегенін куәландырады 
(талап арыз берілмеген, көптеген үдерістер ұзаққа 
созылды). 2014 жылы іске қосылған барлық 
рәсімдер бойынша нәтижелер 2-3 жыл өткеннен 
кейін алынатын болады. 
- проблемалық несиелерді 
басқару бойынша білікті мамандарды 
тарту; 
- банктердің проблемалық 
блогының қызметіне бақылауды 
күшейту; 
- банктің проблемалық блогына 
стратегиялық маңыызды бағыт 
мәртебесін беру. 
Ескі 
қоржынның 
80%-нан 
астамы 
атқарушылық іс жүргізу сатысында: 
- Үшінші тұлғалардың кепілінен өндіріп алу 
кезіндегі қиындықтар, сот санкциясы қажет 
(соттардың бас тартуы); 
- қылмыстық істің мүлікті өндіріп алу 
бөлігінде 
азаматтық 
құқықтық 
қатынастар 
алдындағы басымдығы, қарыз алушы мүлкі 
тәркіленіп, сотталған жағдайда, бұл жағдайда 
кепілді сату кезінде түскен қаражат кепіл 
ұстаушының мүліктік мүдделеріне қарамастан, 
мемлекет кірісіне жіберіледі.
Атқарушылық іс-жүргізу 
шеңберінде жұмысты күшейту 
1-2. банктің кепіл ұстаушы 
ретінде бірінші кезектегі мүддесі 
ескерілген заңнамаға тиісті 
өзгерістер енгізуге ҚКҚ арқылы 
бастамашылық ету. 
Жұмыс істемейтін активтерді сатып алу 
бойынша ҚӨК ұсынатын, атап айтқанда, әдетте 
борыштың 80%-ын ғана жабатын ҰОК бағалау 
бойынша активтің құнын айқындауға қатысты 
Банктің мүліктік мүдделеріне 
нұқсан келтірмей, проблемалық 
активтерді ҚӨК сатып алу 
шарттарын жақсарту. 


110 
тиімсіз схема. 
ЖТС және КТС салық салу саласындағы 
шешілмеген проблемалар есептен шығару кезінде 
берешек банкке залал. 
ҚКҚ арқылы салық 
заңнамасына тиісті өзгерістер 
енгізуге бастамашылық жасау.
Кепіл мүлкін белсенді сатуды төмендету. 
Несие беруді қайта бастау 
және /немесе сыйақы бойынша 
пайыздық мөлшерлемелерді 
төмендету мүмкіндігі бойынша. 
Мынадай себептерге байланысты халық пен 
компаниялардың төлем қабілеттілігі мен сатып алу 
қабілеттілігінің төмендеуі: 
1.
теңге девальвациясы және ұлттық валюта 
бағамының әлсіреуі; 
2. теңге өтімділігінің тапшылығы салдарынан 
туындаған дағдарыс; 
3. мұнай бағасының төмендеуі және ресейлік және 
қазақстандық нарықтың құбылмалылығы себебінен 
бизнес белсенділігінің төмендеуі. 
- мемлекет тарапынан Президент 
бекіткен дағдарысқа қарсы 
шаралардың орындалуына 
бақылауды күшейту; 
- жаhандық өзгерістерге сәйкес 
ақша-несие саясатын жетілдіру; 
- ШОБ субьектілерін қолдау үшін 
мемлекеттік субсидияларды ұлғайту. 
Ескерту – дереккөздерден алынды 
Бүгінгі күнге, жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің болашағы 
біршама төмен. Белгілі бір үдерістер жеткілікті ұзақ уақыт алуы мүмкін 
болғандықтан, олардың ұзақ мерзімді келешекте шешілуі маңызды қолдау 
көрсетіп, проблемалық несиелермен жұмыс істеуде банктердің қызметін 
жеңілдетуі мүмкін. 
Қазақстандық банк секторын дамытудың қазіргі кезеңінде ел 
ауқымында проблемалық борыштармен жұмыс істеудің дәстүрлі әдістері 
бірқатар себептер бойынша тиімділігі төмен, оның ішінде [6]: 
-
мемлекеттік заңнамалық және нормативтік-құқықтық реттеудің 
ағымдағы күннің талаптарынан артта қалуы; 
-
мемлекеттік және жергілікті (нақты банктер) деңгейлерде 
проблемалық 
активтермен 
жұмыс 
істеу 
тәсілдерінің 
әдістемелік 
жетілмегендігі; 
-
жүйелі дайныдықтың болмауы және проблемалық берешекпен жұмыс 
істеуге маманданған білікті кадрлардың жетіспеушілігі; 
-
банктердегі проблемалық борыштармен жұмыс бойынша қызметті 
тиімсіз ұйымдастыру. 
Осыған байланысты қазіргі уақытта банктердің проблемалық 
несиелерді басқарудың әртүрлі технологияларын белсенді пайдалануына 
қарамастан, осы технологияларды, тетіктерді, әдістер мен құралдарды 
теориялық, сонда-ақ әдіснамалық аспектілерде түсінуге бірыңғай тәсіл жоқ, 
оған қоса Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы жеткілікті 
дамымаған. Осыны негізге ала отырып, бірінші кезекте заңнаманы жетілдіру, 
ол банктердің өкілеттіктерін шектеуді әлсіретуді болжайтын және, керісінше 
юрисдикциядан асып кеткен теріс қылықтарға жол берген жағдайда 
жауапкершілікті күшейтетін болады деп есептейміз. 


111 
Проблемалық несиелерді басқарудың жекелеген тетіктері мен 
технологияларын бірыңғай әдістемеге мәлімет бермей жаппай пайдалану 
банк ұйымының таңдалған әдістен тәуелділігіне байланысты проблемаларды 
туындатады. Біздің ойымызша, проблемалық несиеге қатысты әртүрлі 
сауықтыру шараларын қолданудан тұратын проблемалық несиелерді 
басқарудың қаралған әдістеріне қарағанда, мақсаты несие бойынша 
ықтимал проблемалардың туындауын болдырмау болып табылатын алдын 
алу шараларын дамыту қажеттілігіне ЕДБ-ның назарын аудару қажет. 
Бұл ретте қарыз алушыларға қатысыты ЕДБ-ның кез-келген іс-
қиымылының неғұрлым маңызды құрамдас бөлігі ретінде тұрақты өзара 
қолайлы әріптестік ынтымақтастықты құру қағидаттары болуға тиіс: 
-
проблемалық берешекті реттеу әдісін таңдауда ашықтық және келісу; 
-
проблемалық несиелермен жұмысты әдістемелік (құжаттамалық) 
қамтамасыз ету; 
-
несие берешегін қайта құрылымдаудың оңтайлы түрін іске асыруға 
несие берушілердің қарыз алушыға жәрдемдесуі. 
Банктердің проблемалық несиелермен жұмыс істеу тәжірибесін 
зерделеу проблемалық қарыз алушымен жеке жұмыс жеткілікті тиімді екенін 
көрсетті, алайда банк тарапынан елеулі шығындарға алып келеді. Оларға 
қоллекторларға комиссиялар, қызметкерлердің жалақысы, сот ісін жүргізуге 
арналған шығындар жатады, сондай-ақ несие беруші бөлімшенің 
қызметкерлері проблемалық несиелермен жұмыс істеу кезінде жаңа 
несиелер беруді жүзеге асырмауына байланысты алынбаған пайданың пайда 
болуын атап өту маңызды. 
Экономикалық дағдарыстар жағдайында проблемалық несиелер саны 
күрт өседі, бұл әрбір жекелеген проблемалық несиеге жеке тәсілді қолдану 
мүмкін еместігіне әкеледі, өйткені олар геометриялық прогрессияда өседі 
және қызметкерлер осындай көлеммен айналыспайды. Бұл фактор әрбір 
нақты проблемалы несиені қайтарудың мүмкін еместігіне байланысты 
банктердің айтарлықтай залал келтіруге мәжбүр болуына әкеп соғады. Бұл 
оларды жеке жұмыстан бас тартуға және проблемалы берешектермен жұмыс 
істеу стандартталған әдістемелер мен технологияларға бағдарлануға мәжбүр 
етеді. 
Тәжірибе негізінде проблемалы несиелердің көп санының жинақталуы 
оларды басқару үшін қоржындық тәсілді пайдалануды талап ететіндігі 
туралы қорытынды жасадық. Проблемалық несиелер қоржынын тікелей 
басқару қоржын бойынша қайтару шығындарын азайтуға бағытталған 
проблемалық несиелерді қайтару үдерісін жүзеге асыру кезінде банк 
қызметін ұйымдастыруды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет