197
ретінде биореактордың өзі қызмет етеді. Жылуды азайту үшін биореакторды
мұқият орап жабу акерек (изоляциялау). Бұл жерде мына нұсқаларды
қарастыруға болады: соның ішінде, айналасын жеңіл каркаспен қоршау,
шыныматамен (стекловата) қаптап, реакторды полиуретенмен жағып тастау
және т.б.
Биореакторда алынған газ қысымы оны бірнеше метр қашықтыққа
беруге жеткілікті.
Биореактор кез келген биогаз құрылғысының негізі және оның
құрылымы қатаң тәртіппен іріктеліп алынады. Мысалы, биореактор корпусы
қабырғалары
міндетті
түрде
қатты
болуы
керек.
Қабырғалар
термоизоляциясына да аса қатты көңіл бөлу керек және ол коррозияға
тұрақты болуы керек. Реакторды қайта жаңарту және тоқтату жағдайына
көңіл бөлу керек.
Реакторлар формасы алуан түрлі болып келеді. Сұйық субстратты
араластыру
үшін,
газдың
жинақталуына,
ағыстарды
шығаруға,
қабыршақтардың жиналмауы үшін және осы үдерістерге жағдай жасау үшін
резервуар жұмыртқа пішінде болғаны дұрыс. Ірі реакторлар мұндай
формада көбіне бетоннан жасалады, сондықтан да оның құрылысы көп
қаражатты да қажет етеді. Сол себепті оларды қолдануды да шектейді [14].
Бірақ кіші шағын көлемдегі реакторлар шыны пластиктен жасаған тиімді,
яғни полиэфирлі шайырлардан және анағұрлым арзанға түседі.
Төбесі конус тәрізді болып келетін цилиндрлі резервуарлар жұмыртқа
тәрізді болып келеді, газды да аздаған көлемде жинайды, қалдықтарды да
жақсы шығарады. Дегенмен мұндай реакторларда сұйық субстараттың
қозғалып тұруы шектеулі болады. мұндай пішіндегі үлкен резервуарлар
коммуналдық жағдайда ақаба суларды жинап, тазалау үшін қолданылады,
жұмыртқа пішінді реакторлар сияқты бетоннан жасалады. «Цилиндрлік»
реакторлар анағұрлым салыстырмалы түрде арзан болып келеді. Жеке
шаруа қожалықтарында осы реакторларды шыны пластиктен де жасайды,
бірақ олардың көлемі салыстырмалы түрде шағын болып келеді. Мұндай
реакторларда субстраттың қозғалысы анағұрлым жеңіл жүреді.
Цилиндрлік резервуарлар дайындалуы да өте қарапайым, бұл
ауылшаруашылығында кеңінен қолданыс табуына бірден бір себеп болды
(болат, бетон, шыны пластик, цистерна бункер, және т.б.). Алдыңғы
резервуарлармен салыстырғанда бұл цилиндрлік резервуарда субстраттар
қозғалысы қиын жүреді, және осы кезде көп шығын болып, масса
араластыруға кететін энергия шығыны да жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: