Хайруллина Ғайша- сафура Құзырғалиқызы Менің шыққан тегім, жанұям



бет2/3
Дата22.11.2016
өлшемі0,71 Mb.
#2290
1   2   3

* * *

Әкем туралы “Ол өзін сыйлата білген” деген тақырыппен ең бірінші болып естелік жазып берген Қанапия Ғабдоллаұлы Ахметов дейтін азамат, Отан соғысының ардагері, бізге жезде болады (әкемнің Сәлима дейтін қарындасына үйленген). Бірақ біздер ол кісіні аға деп кеттік. Жасы 80-ге тақағанда 2003 жылы бәйбішесінен айрылып жүдеп, жетімсіреп қалды. Апамыздың жылын бергенде сөйлеген сөзінде “50 жылдан астам бірге өмір сүрдік. Сәкең мұғалім, жұмысқа 7-7.30 үйден шығады, мен 9-ға таман кетемін. Мені бір күн ыстық завтраксыз қалдырмады. Сонда мен “жүре берші, күнімізді көрерміз”− деп айтпағаныма өкінемін” − деп аузы кемсеңдеп, иегі дірілдеп, аржағынан келген өксікті шығарғысы келмей қиналып сөйлеген ағаны көргенде көзімнен жас ыршып кетті де ағаны қатты аядым.

Осы жерде сол ағаның жазған естелігінен үзінді келтірейін.

“ Алпысыншы жылдардың басы еді, Алматы облыстық партия комитетінде хатшы қызметінде жүрген кезім. Бірінші хатшы Н.В.Дыхнов шақырып алды да: Орталық Комитет сауда министрлігінің апалаң- топалаңын шығарайын деп жатқан көрінеді, үш орынбасардың таңдағанын Алматы қалалық сауда басқармасының бастығына алып қалыңдар, қалғанын облыстарға қуамыз дейді. Ал кімді қалаймыз? Дыхнов маған шапағат салған салған бола отырып, аса мәдениетті, әрі ыждақатты, сауда ісіне сабақты инедей жүйрік те іскер Құзырғали Хайруллинді атады. Сауда ісімен айналысып көрмеген басым, бірінші хатшының кандидатурасын қостадым, өйткені бұл салада Құзекеңнен басқа танитын адамым да

жоқ-ты. Несін жасырайын, сауда қызметкерінің қоғамдық статусын бағалауда менде жетіскен көзқарас ол кезде болған жоқ. Тіпті балаларым ержетіп, Халық шаруашылық институтына түсеміз дегенде айға шапшығаным бар. Өйткені саудагер – “таза” тіршілікте өзін көрсете алмаған, твочестволық таланттан мақұрым, керек алып - жұлып жеуден басқа арманы жоқ шала сауатты пысық болып көрінетін. Құзекеңмен етене таныс болу менің бұл көзқарасымды түбегейлі өзгертіп жіберді, оның келбетінен мен сауда қызметкерінің жаңа образын көрдім де дүкеннің жаймасынан жәрмеңкеге, жиыннан кабинетке дейін мәдениет, ар - ұят әкелген саналының жоғарғы сапасын таныдым.

Совет дәуірінің жетпіс жылы күде науқанмен өтті десекте болады. Сол әбігерге Құзекеңе салмақ түспеген сәті болған жоқ. Бір таңғалатыны- жоғарыдан бүгін тапсырма болса, ертеңінде сол іс тап- тұйнақтай орнында тұратын, бір тапсырмаға екінші дүркін ешкім сұрау салып жатпайтын, оның үстіне алдағы сауда қызметінің ауқымын күні бұрын шенеуніктердің “ақыл- кеңесінсіз” жайғастырып қоятын еді.

Ол практик еді. Арнаулы білімі болмаса да экономикалық, сауда қарым- қатынасының проблемаларын бес саусағындай санап отыратын да қалалық, обылыстық партия комитетінің бюроларында, мәжілістерінде соның шығар жолын нақпа - нақ сабақтағанда мен деген экономистер оның білімдарлығы мен іскерлігіне қызғанышпен қарайтын.

Бүкіл ел жайма базар, мүттайым саудагер болып кеткен бүгінгі берекесіз тірлікті көргенде менің көз алдыма Құзекең елестейді: жылы жүзі, жымиып күлісі, дауыс көтермейтін жайдары мінезі, өркениетті елге жұп асқан мәдениет тектіге ғана тән екен-ау!”

(Алматы энергетика және байланыс

институтының профессоры Қ.Ахметов )

Сөйтіп 1963-1969 жылдары әкем Алматы қалалық сауда басқармасының бастығы болып істеді. Жұмысы ауыр. Таңертең 8-де кетеді, кешке біраз демалғасын тағы кетеді, содан 9-10- да келіп демалады. Жұмыс ауыр дейтін себебім осы қалада, қандай дүкенде қант, тұз, спички, нан болмаса, адамдар үйге звондап айтып жататын. Әкем бізге тыңдап дүкеннің номерын, адресті, районды жазып алыңдар дейді.

Таңертең жұмыс басталғанша сол пункіттерді аралап, жергілікті халықпен сөйлесіп, жетіспейтіндіктердің бәрін өз көзімен көріп, нан болмаса ол дүкеннің қай нан пісіретін заводпен байланысы бар екенін, сол жұмысқа жауапты адамдарды тауып, жетіспейтіндіктерді жогодың(58) жолын табуға тырысатын.

Кешкі сағат 10-да әкем жатқасын, Бекең қағазына отырады, басқамыз олардың демалуына, жұмыс істеуіне мүмкіншілік беретінбіз.

Бір күні сағат 8-дерде Бекеңмен бірге оқыған әрі қаламдас досы Қалихан Ысқақов келді.

Тамақ ішіп әңгімені соғып отырмыз. Сағат 12-лерде мамам бөлмесінен шығып “отыра беріңдер” − деп кетіп қалды. Мен қысылып отырмын әкемді ұйықтатпадық- ау деп.

Бір кезде Қалекең:

− Мен Дәмешті тастаймын, ол сондай, бұндай. Әкім мен Сайнаға айтып едім, олар дұрыс, біз саған жақсы әйел тауып береміз деді.

Бекең үндемейді, мен:

− Ал біз олай айта алмаймыз. Саған Дәмешті алып берген біз емес. Самалды тірі жетім етейін деп жүрсің бе? Бізді ондай әңгімеге араластырма, давай қайт үйіңе. Беке, досыңды шығарып сал, − деп мен орнымнан тұрдым.

Ертеңінде жұмыстан келсем телефон шырылдап жатыр, көтерсем Дәмеш:

− Сафураш айналайын. Мен мына кетікке талай айттым саған нағыз дос Бекежан мен Сафура. Ал Әлгі оңбаған Әкім мен Сайын мені таста, жақсы қатын табамыз депті.

Ай, Қалихан-ай! Ойыны ма, әлде достарын сынағаны ма?

Сөйтсек, бүкіл болған әңгімені Дәмешке айтып барыпты. Күлкі үшін жасады ма, кім білсін. Сол Дәмешімен әлі күнге дейін тату - тәтті тұрып жатыр. Қаншама бала, немере өсірді.

Дәмештің аңқаулығы туралы әңгіме көп. Бәріміз қатар оқыдық (арамыз бір- екі курс) сырымыз бір - бірімізге мәлім.

Қалихан аурып больницада жатады. Кешке жұмыстан кейін Жолдасхан (журналист бірге оқыған досы) барып отырса Дәмеш тауықтан сорпа пісіріп екеуіне екі санын береді. жолдасхан: “Дәмеш, қалған екі аяғы қайда?” − десе Дәмеш сол бойда: “Вот спекулянтка, сволочь, она меня обманула”− дегенде Жолдасхан: “Ертең барып оның астаң - кестеңін шығар”− дегенде Қалекең шыдай алмай күліп, Жөкеңде күлсе Дәмеш

аң- таң екеуіне қарап сонда барып түсініпті.

Бір - бірін сынау достардың арасында болып тұрады.

Біз достардың бәрінен бұрын үйленіп, нәресте сүйіп “ата, әже”болдық.

Мысалы, біздің Қадыржан 1977жылы үйленгенде Қалекең мен Дәмекең тойда болып екі- үш күннен кейін кешкі тамаққа Бекеңді күтіп отырмыз 7-8-9 болды Бекеңнен ешбір хабар жоқ. Енем: “Келіннен ұят болды ғой, бұндайы жоқ еді ғой. Қайда жүр?”

− Бір тығыз шаруа болған шығар дедім.

Сағат 12-лерде телефон соқты, көтерсем Бекең екен:

− Сафураш, біз бір жақсы отырыстамыз. Мен әзір бара алмаймын, жата беріңдер. Жігіттермен ән салып, домбыра шертіп, карта ойнап отырмыз.

Таңғы 5-те жымиып келіп тұр, мен есікті ашқанда: “Молодец, бала мен келінге көрсеткен өнегең бе?” − дедім.

Ертеңінде достары сұрайтын көрінеді: “Сафура қалай қарсы алды?” айтса бәрі күліп жатыр дейді. Әне, жолдастардың мені сынағаны екен.

Біздер еншімізді алып бөлек кеткесін үйге папа келсе де, туыстар, достар келсе де Бекең бірінші тосты “ Сафураның денсаулығы үшін көтерейік ”дейтінді шығарды. Қой деп қойдыра алмадым. Әкем жымиып басын шайқап күліп отырады, ал жолдастар әбден үйреніп алып тіпті біз жоқ жерде соны айтатын көрінеді.

Бір күні тағы осы Қалихан мен Жолдасхан жұмыстан шыққасын “Социалистік Қазақстанда” істейтін достарына барса (атын атамай- ақ қояын) дастарханның басына біраз кісілер жиналып қалыпты. Отыра сала Жолдасхан “Сафураның денсаулығы үшінт көтеріп қояйық” дегенде, сол үйдің иесі “Сафура” дегенді “Сафуан” деп естіп, у - шу шығарып, отырыстың берекесін кетіріп, бұларды қуып шыққандай етіпті. Сөйтсе ол жігіт әсем келіншегін қызғанады екен.

Шыққасын Қалекең Жөкеңе ұрсып, екеуі сүмірейіп біздің үйге келіп тұр. Келген бойда Қалекең “Ай, Беке-ай, біздерді әбден жаман үйретіп”− деп, әңгімелерін айтып жатыр. Бекең мәз болып көзінен жас аққанша күлді.

Бекең екеуміз достарымыздай пәтер мәселесінің қиыншылығын көрмедік. Менің әке-шешем мен 11 жыл тұрдық, оларды тастап кетем деген ой менде мүлде болмайтын.орысша айтқанда “Мы полагаем, Бог располагает” – дегендей Бекеңнің әкесі қайтыс болғаннан кейін, балалары басқа жаққа жұмыс бабымен көшіп кетіп маманың жағдайы болмай жалғыз қалған. Бекең де, мен де папаға айта алмаймыз. Сөйтіп жүргенде жаз шықты, әкем әр қашан, сол жылдары Горсоветтің бір дачасын алып, бәріміз жаз бойы сонда тұратынбыз. Жаңғыз – Төбеден маманы шақыртып алдық, екі құдағи сырласып отрып талай әңгімені айтқан болуы керек. Бір күні әкем Бекең екеумізді оңаша шақырып, бақшаның ішінде қыдырып жүргенде Бекеңе қарап:



  • Мамаңның жәйін білесің бе? – деді

  • Білем

  • Білсең неге айтпайсың маған?

  • Не деймін? Қалай айтамын?

  • Ал сен неге үндемейсің? – деді маған қарап. – Ананы олай жалғыз тастап кетуге болмайды. Үй сұра. Ақ батамды беріп бөлек шығарам. Мамаңды қолыңа ал.

Келін мен ененің арасы қиын болады деген әңгімелерді талай естігенмін. Үндемей ішімнен уайымдап, біртүрлі қайғырғандай, Бекеңе айталмай, әке-шешеме баталмай біраз жүрдім. Менің әкем бір айтқан әңгімеге қайта оралмайтын, оны қайталасаң ренжитін.

Күндердің күнінде мама екеуміз оңаша қалдық, кухняда дастархан басында отырып мен:



  • Мамочка, мен не жөнді келін болады екенмін? Сондай қорқып жүрмін, Бекең екеуміздің арамыз бұзылама деп.

Мама маған бақшиып қатулана қарады да:

  • Сен бе? Сен мынандай келін боласың, –деп үлкен бармағын көтеріп көсетті де – ал ондай келін бола алмасаң шашыңды талдап жұлып қолыңа беремін, –деді.

  • Ой, ма-ма!

  • Да, да, да! Учти! – деді шегелегендей орысшалап. – Бекең бізді бірінші күннен “папа, мама” деп атады. Ол оның кемдігі ме? Әлде сенің әкең мен шешең керемет пе? 11 жыл тату-тәтті тұрдық, шырағым. Жұрқа күлкі болмай, әкеңді ренжітпей жақсы тұрып кетуге тырыс. Оған сенің майда тіліңмен ақыл-ойыңның жететініне біз сенеміз. Біз көп ойландық, осындай шешімге келдік. Бір (кемпірдің) ананың тілін таба алмаған әйел, әйел емес – хайуан.

Мен сол жылы минимумды тапсырып Мәскеуге кеттім, бес ай дегенде жоспарлаған жұмысымды бітіріп Алматыға оралсам үй беретін болыпты. ЦК- ның салған үйі екен.

Сөйтіп мен 32 жасымда әкем мен анамды тастап Бекеңнің соңынан еріп кеттім.

Менің енем Жамал Исабайқызы сұңғақ бойлы, аққұба, өте өңді адам еді. Қап – қара бұйра шаштарын көрсетпей маңдайын жауып орамалды жағынан тартатын. Кейде ас пісіріп жүргенде самай шаштары бұйраланып орамалдан шығып тұрғаны өзіне жарасатын. Қап – қара үлкен көздері бірдемеге таңғалып қарағанда тіпті үлкейіп кететін, орысша айтқанда

“вразительные глаза, белки отливают голубизной”. Өзіміздің баяғыда әжептәуір көзіміз бар еді осы күні кішірейіп бара жатқан сияқты, ал ол кісінің көздері кеткенше бір сарғаймай, қызғылт тамырлары шықпай әдемі болып тұратын. Кисе киім жарасатын мамаға мен баяғы өзімнің шешемнен (әкемнің анасы) қалған алтын-күміс жіптен тоқыған оқа-зер тағып кәжей, бешпет тіктім. Жібек көйлектің үстінен соларды киіп, басына ақ орамал байлап балалары, немерелері мен кино, театрларға баратын.

Біз тұрған үйде талай азаматтардың аналары да тұратын. Бәрі шетінен бүлініп шығады. Мен үйдің, қораның сәні бәйбішілер екенін сонда білдім. Кейде мама шыққысы келмей үйде отырады, сонда Бекең:


  • Мама, подругаларың қорада отыр, барып әңгімелесіп, көңіліңді көтеріп қайтсайшы.

  • Қойшы, ешқайда бармаймын. Олар отырған жерінде келіндерін жамандайды.

  • Сіз де Сафураш пен Шекерді жамандаңыз – деп Бекең күлімсірейді.

  • Құдай сақтасын! – деп шошып кетіп, – Мен неге жамандаймын, Сафурашым мынандай, Шекерім білдей Обкомның қызметкері, – дейтін.

Біз күлетінбіз.

Бала тентек болмай жүре ме. 11 жастағы Қадыржанға Бекең дауысын шығарып ұрысты. Бір кезде мама бөлмесінен шығып:



  • Беке, билет әпер, мен кетем.

  • Қайда?

  • Ауылға. Екі үйдің арасында жүрген жалғыз балаға қатты сөйлеп, әкең саған сондай ұрсушы ма еді?

Біз сасып, мелшиіп не дерімізді білмей қалдық.тоқталып барып Бекең:

  • Мама, кешіріңіз. Ендіғәрі сіздің көзіңізше балаға ұрыспаймын. Ешқайда бармайсыз, – деді де кабинетіне кіріп, есігін жауып алды.

  • Мен ренжісем кір жуып, үй жинап, тамақ пісіретін әдетім бойынша кухняға барып тамақ пісіруге кірістім. Біраздан кейін мама қасыма келіп, маған көмектесіп, мен ештеме болмағандай студенттердің жәйі туралы ананы- мынаны айтып, маманы күлдіріп бетін бері қаратып алдым.

Менің әке-шешемді Жамал мама керемет сыйлайтын. Қадыржанды өмірі “Құданың баласы” дейтін. Солай деп тұрса да керемет жақсы көретін, баланы құшақтап, төбесінен искейтін. Қадыржан да әжетайын керемет жақсы көретін. Маманың көзі жұмылғаннан кейін бір күні:

  • Апатай, әжетайдың шапанын маған берші, исін сағындым – деді.

  • Алағой, бірақ мен жуып берейін.

  • Жоқ жума. Мен шеберханада тоңам. Әжетайдың исі сіңген шапанын жамылып жүремін.

Ол шапанды Бекең (37 жасында) ЦК- да істеп жүргенде Жезқазған облысына жазушылармен барғанда киіп қайтқан бірінші шапаны. Келгесін маманың иығына жауып “Бұл шапан, мама, сіздікі ” – деді.

Бір күні, маманың қайтқанына 5 жыл болғанда, Қадыржан Жамал маманың портретін салып Бекеңе силады. Үлкендігі 1,20х80. Бекең керемет риза болып, баланың бетінен сүйіп оны сол бойда жазу жазатын столының тұсына ілдіртті.Әлі күнге дейін сол орнында ілулі тұр.


* * *
Жаз айлары қапырық, ыстық. Қағазыма қарап шұқшиып отыра-отыра мойным қарысып, жаурыным ұйып қалғасын терезені жууға кірістім, қимылдайын деп. Бір кезде телефон шырылдады, мама көтерді, сөйлесті де трубканы салып қойды. Тереземді жуып бола бергенде таксилетіп Нағима мама келді. Есікті ашып, аңқылдап бетінен сүйіп жатсам, мені сүймей қатуланып төрге шығып кетті де:

  • Отыр. Құдағай, бері келіңіз, – маған қарап – Осы сенің терезеңе кім кәкетіп қойды? Жылап – еңіреп роддомнан сопиып шыққаныңа бір ай болған жоқ. Сен Бекеңе бала тауып беріп көркейтейін деген адам емессің. Мен айттым ғой сендерге менің баламда (Қадыржан) жұмыстарың болмасын. Өздеріңе бала тауып алыңдар. Сен жаман ырымды бастап жүрсің. Қазақ айтушы еді “Бала таппаған әйелдің – дүниесі баласы”, соны сүртіп, тазартып, соған қарап қуанады. Бала ондай үйге келмейді. Бала бір жағы таза болса, бір жағы қоқып жатқан үйге келеді. Сен бүйтіп тыртыңдауыңды қой, шырағым. Денсаулығың мәз емес, қаның нашар. Саған дәрігер таза ауада көп жүру керек деді ғой. Скверге барып таза ауада кітабыңды оқып неге отырмайсың изюм, курага жеп. Терезені, үйді жууды тоқтат.

Маманың сөздерінен мен шошып кеттім. Расында да, осы маған не көрініп жүр деген ойға қалдым. Дәрігеріме, маған бір таза санитарка тауып беріңіз дедім. Бір күні үйге қол- аяғы балғадай орыс келіншегі келді де жұмысқа кірісті. Сөйтіп, үй жұмысынан босап өзімді күтуге кірістім.

Екі жылдан соң 1971 жылдың мамыр айында дүниеге Әділжан дейтін нәресте келді де бәрімізді қуантып, өмірімізді мерекеге айналдырды. “Куә бол” деген әнді шырқап жүріп баланы әлдилеймін. Әжесінің (Бекеңнің анасы) қуанышында шек жоқ: “Қыздың тапқан баласындай құлынымнан айналдым”, “Әдемі туған әдептім, кіршіксіз туған келбеттім” дейтін.

Дайын тұрған диссертацияны ысырып қойдым. Бала бір жасқа толғанда барып қорғадым.

Бекең диссертациясын меннен бұрын бітірді, бірақ жолды маған берді де 1973 жылы қорғады.

Сол жылы жаз керемет ыстық болды. Бекеңнің кенже қарындасы Райханды балаларымен шақырып алып, маманың қасында қалдырып өзіміз екі баламен ЦК- ның таудағы дачасына кеттік.

Бір күні түскі сағат 12- лерде Бекең (ол жұмысқа таңертең кетіп кешке келетін, бұл уақытта келмеуші еді) келді де:

− Қадыржан қайда? Тез жинал қалаға барамыз, − деп баланы іздеп кетті.

− Не болды?

− Жинал.

Қадыржанды таба алмады. Үшеуміз қалаға кеттік. Үйге келгесін радиодан тауда сел болғанын естідік. Не керек, әйтеуір сол күні Бекең түнгі сағат бірге дейін баланы іздеумен болды. Бір кезде түнгі бір уақытта құп - қу болып үйге келді. Әкем қайта - қайта телефон соғып бала келді ме дейді. Бәріміз үрпиіп қоқып отырмыз. Түнгі 2-3- терде телефон шыр етті де, Бекең тыңдап: “Бала табылды, мен барып алып келем. Папаға звонда”− деп шығып кетті.

Аман-есен табылғанына қуанып, балаға ұрсуды ұмытып кетіппіз.Қайда болдыңдар деп сұрасақ. Приемниктен болғанын бізден бұрын естіп 5-6 бала (әке- шешелерімен демелып жатқан) апатқа ұшыраған адамдарды құтқарамыз, көмек көрсетеміздеп тауға шығып кеткен жерден “Служба спасения” тауып алып, оларды қамап қойыпты. Кейін құтқарған адамдарды қаладағы пунктке машинамен әкелген, бізге сол жерден звондапты.

Сол түні Бекеңнің жүрегіне приступ болып, жүрегі қысылып, тынысы тарылып дәрігер шақырттым. Дәрігер қарап, укол салып, ЭКГ жасап больницаға жату керек десе Бекең болмай жұмысқа шығып кетті.

Кейін дәрігер қатты стрестан болған деді.

* * *


1979 Бекеңнің Раушан дейтін қарындасының жолдасы Әнуар қайтыс болды. Біздер Жаңғыз-Төбеге барып қырқын беріп жатқанда Бекеңмен бір мектепте оқыған Кеңес Көпбаев дейтін жігіт келіп көңіл айтып, бірге болып, ертеңінде үшеумізді ауылына алып кетті. Ұлан ауданында парторг болып істейді екен. Өз ауылында беделді, сыйлы азамат. Таудағы шопандардың мерекесіне апарды. Әділжан “көкпар”, “қыз қууды” бірінші рет көргені. Голубой заливта 10 күн демалдық.ол жердің ғажайыптығына таң қалдым.

Көп жылдар өткеннен кейін “Ақбілек” романын оқығанымда Ж.Аймауытов Алтай тауларының табиғатын қандай суреттеген. Сол таулар көз алдымда тұрды.

Ал келесі жылы Раушанның қызы Гүлбану (сондай тамаша бала, өте бауырмал, біздің семьяны пір тұтады, ал біз оны жақсы көреміз) институтты бітіріп Бекең үшеуміз Әнуардың жылына бардық.

Бір- екі күнен кейін Бекеңнің інісі Марат - келін екеуі бізді Семейге алып кетті. Мараттың үйінде отырсақ бір кезде Матаев Хафиз Матаевич Абай ауданының бірінші хатшысы келіп алып кетемін деп тұр:

− Сафураш, сен құтты келін болдың, сен кегенде біздің ауданға переходящее Красное знамя берілді.

Мен қатты қиналдым да, қуандым. Қиналған себебім жолды көтере алмаймын, бірақ “өлсем де барам” дедім, ал қуанғаным: сондай үлкен азамат бізді өзі келіп алып кетемін дегеніне. Бұл әрине Бекеңнің арқасы ғой.

Бардық, ел-жер араладық. Қасиетті Абай атамыздың, Шәкәрім, М.Әуезовтың ауылын бірінші рет көргенім.
* * *
1970-ші жылдың ортасынан бастап Жамал мама қатты ауырды. Әуелі бір балдақпен, кейін екі балдақпен, ақыры тұра алмай төсек тартып жатып қалды. Қандай бағып күтсек те, емдетсек те, курортқа да менің мамам

апарды − болмады. Соғыс кезінде өткен суық әбден бойына жайылып кеткен. Дәрігер бізге: “Вы даже себе не представляете какие боли она испытывает. У нее болит каждый суставчик на пальцах. Мужественная женщина!” − деді. Бәсе, кейде екі қолын кеудесіне тақап, өзін- өзі құшақтап, көзін жұмып, тістеніп отрытын.

− Мама бір жеріңіз аурып тұр ма?

− Жоқ қарғам, тек әншейін отырғаным ғой. Жұмысыңды істей бер, алаңдама− дейтін.

Енді ойласам біздің мазамызды алмайын деген екен ғой, жарықтық.

1981 жылдың маусым айында Бекеңе ЦК- ның салған үйінен 4 бөлмелі пәтер беретін болды. Соны қуанып мамаға айтсам, ол кісі:

− Жақсы, құтты болсын қарғам. Бірақ мені қозғамаңдар. Осы үйді мен үшін алдыңдар ғой, осы үйден шығарыңдар, қырқымды осы үйде беріп, жаңа үйлеріңді тойдан бастаңдар.

− Мама, қайдағыны айтпай отырыңызшы− дедім.

Сол жылы мамыр айының ортасында Қаыржан мен Әсия практикаға Москва Ленинград − Рига − Талмен − Каунас дейтін қалаларға кеткен. Мама балалар келді ме деп күнде сұайды. 16 маусымда түнгі сағат бірде мамаға балалардың келгенін айттым. Таңғы сағат төртте мама қайтыс болды. Балалардың тілегін тілеп, келгенін күтіп жатқан екен ғой, жарықтық.

Мамамның айтқаны болды сол үйде қырқын бердік те тамыздың бірінде жаңа үйге көшіп кеттік.

1980-шы жылы наурыз айынан маусымға дейін КазГУ-дің “Повышение квалификации” курсында болдым. Бір күні профессор Махмудов Х.Х. ақсақал маған:

− Бірталай жыл ЖенПИ-де жүрдің ғой, жетер енді. Өзің оқыған

КазГУ- ыңа орал. Жақында жаңа кафедра ашылмақшы, соған меңгеруші болатын қазақ қызын іздестір деген еді Ө.А.Жолдасбеков. Мен сенің кандидатураңды айттым. Дымыңды шығармай менің кафедрама келіп конкурстан өтіп ал.

Сол жылы мен КазГУ-ге ауысып кетті.

Біраз уақыт өткесін, бір күні Бекең жұмысқа кетейін деп, мен бірге шығып папаға кіріп шығам деп жатқанда телефон соқты, көтерсем Ө.А.Жолдасбековтің хатшысы:

− Здраствуйте, Сафура Кузургалиевна. Я вас содиняю с Омирбеком Арслановичем.

Өмекең менімен амандасты да:

− Когда вы можете ко мне прити?

− Сейчас могу.

−Через сколько времени?

−Через 10 минут.

− Хорошо, я вас жду, −деді де трубканы салып қойды.

Мен талай ректорлармен (әйелі бар, еркегі бар) жұмыс істедім. Бірақ дәл Өмекеңдей өте мәдениетті ректорды көмедім. Мен приемнаяға кіре бергенде ректордың кабинетінен бір адам шықты − секретарь маған кіріңіз деді (хотя приемной было много народу).

Мен кабинетке кіре бергенде Өмекең орнынан тұрып орта жолға дейін келіп менің қолымды алып, амандасып, орындыққа отырғызып өзі барып орнына отырды. Кабинетте проф. Митрофанов В.П. бар екен (ол кісі сол кезде паркомның хатшысы еді).

− Сафура Кузургалиевна, мы открываем новую идеологическую общеуниверситетскую кафедру русского языка для иностранных студентов, стажеров и аспирантов. На заведоваение мы решили предложить на парткоме Вашу кандидатуру. Как вы на это смотрите?

−Я никогда не работала зав. кафедрой, Омирбек Арсланович. Я боюсь... − (он так удевленно на мне посмотрел).

− Не надо бояться. Надо работать. Будем помагать.

Сөйтіп традициясы жоқ, жаңадан ашылған кафедраны басқардым. Қармағымда 5 адам бар еді кейін 15- ке дейін жеткіздім. Шет елден (21) келген 100 бала университеттің 13 факультетінде оқыды, ал кейін 52 елден келген балалардың саны 500-ден асты. Екі-үш жылда бүкіл коллектив болып кафедраны аяғынан тік тұрғыздық.

Бір күні жұмыстың аяқ кезінде Бекең телефон соқты:

− Қашан қайтасың?

− Бір сағаттан кейін бітірем.

− Жақсы мен барып алып қайтам.

Біраздан кейін есік қағып кабинетіме әкем кіріп келе жатыр.

− Мен сенің кабинетіңді көргім келді. Мынау көрімдігім, − деп көлемі үлкен қалың альбомдарды қолыма ұстатты: Қазақстан, Рафаэль, Эрмитаж.

Шіркін, әкем- ай! Менің жұмысымды мақтаныш етіп, қызықтап көргісі келіп Бекеңе: “Мені бір күні алып баршы ”− депті.

Бекең КазГУградты машинасымен аралатып, қай жерде қандай факультеттің корпусы, жатақханаларды, студентердің асханасын, кафе, ресторанды, екі дүкенді, кинотеатрды, сол кезде салынып жатқан студентер сарйын тіпті СБК- ға шейін аралатыпты.

Екі бөлмені аралап жүріп әкем “Музыкальный центр сенднрге неге керек?”− деді.

− Оны бізге проректор КазГУ по воспитательной работе С.Н.Савиций сыйлады. Біздің қыздар жұмысты жақсы істегені үшін. (проведение воспитательных мероприятий, ознокомление с традицями и культурой казакского и других народов СССР).

Кереслода біраз отырып әкем:

− Өмірбек молодец! Жігіт екен! Қазағым бекер айтпайды ғой: «жігіт болсаң от бол, от болмасаң жоқ бол» деп. Нағыз жанып тұрған жігіт елдің атағын шығарып жүрген намысы бар. 20-30 жылдан кейін осының бәрі соның есімімен байланысып аталады. Он себе при жизни построил памятник.

Әкемнің айтқанындай Студенттер сарайына Ө.А.Джолдасбековтывң аты берілді, еліміздігі іргелі мәдени орданың бірі болып бой көтерді.

Нашей кафедре Омирбек Арсланович дал зеленый цвет. Все подразделения КазГУ получили от него вполнять все наши просьбы “екі еткізбей орындайтын болыңдар. Бұл ерекше кафедра, идеологическая. ”

Осы жұмыстың арқасында қаншама қалаларда болдым. Москвада жылына бірнеше рет жиналыстарға қатыстым, Ленинград, Киев, Минск, Баку, Ташкент т.б. есімде жоқ. СССР делегациясының мүшесі болып үлкен МАПРЯЛ (Междунородная ассоциация преподователей русского языка и литературы) форумға қатыстым.

V Конгресс МАПРЯЛ – Прага ЧССР (1982ж)

VІ Конгресс МАПРЯЛ – Будапешт ВНР (1986ж)

VІІ Конгресс МАПРЯЛ – Москва СССР (1990ж)

Египет пен Сирияда болдым (1989ж.) в составе советской делегации.

Қазір ойлап отырсам, сол шет елдерден келген балалармен жүргізген жұмысты өзіміздің қарадомалақ балалармен жүргізсек біздің халқымыздың біліміде, мәдениеті де керемет болар еді. Дүниеге талай Өмірбектер келер, осы жұмысты қолға алар деп сенемін. Реформалардың неше түрін жүзеге асырғанша, балаларды, жастарды тәрбиелеуге, олардың мәдениетін жоғары көтеруге үлкен мән беру керек ғой деп ойлаймын. Сонда ғана еліміз өркениетті, мәдениетті, жоңары санадағы ел болып шығар еді.


* * *
1984 жылы Бекеңнің 50 жасқа толған мерей тойын өткізуге Семейге бардық, Қадыржан мен Әділжанды алып кеттік. Домпартпроста үлкен салтанатты жиналыс болды. Халық көп жиналды. Жазушылар одағының хатшысы белгілі жазушы С.Мұратбеков Бекежан Тілегеновтың шығармашылың жолы мен өмірі жайлы баяндама жасады. Бекеңнің кітаптары сатылды. Бір жас қыз кітапты Бекеңе ұсынды да:

– Аға, сіздің “Уақыт” деген романыңыздағы бас кейіпкердің протатипы Үміт дейтін апайыңызға апарып берейін, қол қойып беріңіз. Мен сол кісінің қызымын деді.

Халқымыздың көп оқып протатипты тапқанындарына керемет риза болдық.

Сол күні таңертең Семей обкомының бірінші хатшысы С.Кубашев бәрімізді қабылдады, облыстың жетістіктерімен таныстырды, Бекеңді мерей тойымен құттықтады, ал кешке банкет берілді.

Ертеңінде Георгиевкаға жүріп кеттік. Бекең оқыған мектепте кездесу болды, мұғалімдер, бірге оқыған жігіттер сөз сөйледі. Осы жерде мен Бекең жазып кеткен естелігінен үзінді келтірейін: “Мектептің жоғары класына көшкенде, қыз-қырқынға көз салатынды шығардық. Осы кезде қыздар альбом жазумен әуестенетін. Альбомға әндер, өлеңдер жазылады. Әркім өз альбомының қызық болғанын қалайды. Талай қыз жалынып жүріп маған альбом жаздырады. Мектеп дәптері бұған жарамайды. Көлемі үлкен жаялықтай жалпақ дәптерлерді әкеледі. Бұған бояу да жақсы түседі. Мен өлең түсетін жерлерін ашық қалдырып, әр бетін өрнектеп, әр түрлі романтикалық сарында, ғашықтық тақырыпқа арналған суреттер саламын, әр тұстан ұлы адамдардың осы тақырыптарға арналған ой-пікірлерін, сөздерін жазамын...

... өзіммен бірге оқыған Мата деген қыз осындай ертеде өзіне жасап берген альбомын әкеп көрсетті. 30 жыл бойы жыртпай, тоздырмай сақтап келген екен. Салған суреттерім, жазған жазуларым, арнау сөздерім сол қалпында қарап тұр. Альбом ішіндегі “Менің болашақ балам ” деген суретке қайран қалдық. Ғажабы сол – өзіммен бірге ере барған кенже ұлымнан айнымайды, аузынан түскендей. Жолдасым Сафура таңданғаны сонша, “Ойпырмай, бұдан отыз жыл бұрын Әділжанның осындай болатынын қайдан білдің?” – дейді”.

Бәріміз күліп мәз-мейрам болдық. Жиналыс біткесін қасымыздағы жолдастар сол жерде демалып, ал біз балалармен Жаңғыз –Төбеге кеттік, Бекеңнің қарындасының үйіне кіріп шықтық, папаның басына барып құран оқып қайтадан Георгиевкаға келдік те әрі қарай Абай аулына жүріп кеттік. Елдің аты ел ғой, ауыл талай тойларды дүркіретіп өткізген: жиналыста, кездесулерде, банкетте болды. Жастар шетінен кілең өнерлі: әнші, домбырашы, биші, қыздары недеген әсем – әдемі. “Қаламқас” ансамблі күні- түні біздің қасымызда болды. Балаларымызға, еріп барған жігіттерге ұмытылмайтын әсер қалдырды.
* * *
Біздің үйде әкем мен Қанымзия домбыра шертіп ән салатын. Светаның да дауысы жақсы. Осы Хамит Ерғалиев ағайдың 50 жасқа толған тойында “Жұлдыз” ресторанында Қанымзия “Айнамкөзді” айтып жұрттың бәрін таңқалдырған. Дауысы керемет ашық, диопозоны күшті болатын.

Әкем қоңыр дауысы мен Мұхиттың әндерін, Ғарифолланың айтатын әндерін домбырасын шертіп айтып отыратын. Мына әнді де жиі айтатын:

Жарқыраған жанардан қорқам

Бір күн солып қаласың-ау деп,

Тақ-тақ еткен таяқтан қорқам

Бір күн қолыма ұстаймын-ау деп,


Тақылдаған сағаттан қорқам

Бір күн тоқтап қаласың-ау деп,

Жолда жатқан жотадан қорқам

Бір күн сонда жатамын-ау деп.

У-у-у, у-у-у барамын-ау деп,

У-у-у, у-у-у қаламын-ау деп.

Осы өлеңнің сөзі мен әнінің авторын білмеймін. Бір отырыста (біздің үйде) осы әнді касетадан естіп жаттап алыпты (памяті күшті еді, ештеңені ұмытпайтын). Ол касетаны біздің үйге Советхан мен Светлана сыйлап еді.

Зейнеткерлікке шыққасын (1978ж.) әкемнің күні – түні тыңдайтыны радио, қыдырса да приемнигін алып келіп жаңалықтарды, әндерді тыңдап жүретін. Он был в курсе всех событий в стране и вмире.

Бір күні төсегенің үстінде отырып домбырасын шертіп, ән салып, шөберелеріне домбырасының құлағын тістетіп қойып, олардың сықылықтаған күлкісіне мәз болып отырғанда үйге баяғыда өзі жұмысқа орналастырған жігіт келді. Хал- жағдайды сұрасқаннан кейін әкем:


  • Жұмысың қалай? Жүдеп кетіпсің ғой.

  • Жұмыс қиын. Тексеру болып жатыр, ұйқыдан айрылдым. Қорқам.

Әкем біраз үнсіз отырды да бетіне қарап:

–А ты воруй. Крепко будешь спать, как я! – деді.

Біз бәріміз үнсіз сасып қалдық. Әкемнің осындай тікелей бетке айтатын ғадеті бар еді.

Сексенінші жылдары әкем бір күні үйге звондап “ Бекең екеуің кешке бізге келіңдер, мамаң тамақ әзірлеп жатыр, айтатын әңгіме бар” – деді.

Барсақ әкем жымиып әңгімесін бастады:


  • Бағана ескі алаңда қыдырып жүрсем алдымнан Хамит Ерғалиев шығып, сәлемдесіп:

  • Құзақа, Бекежан ұят жасады.

  • Ия. Не істеп қойыпты?

  • Тахауи туралы жаман мақала жаиялады.

  • Дұрыс еткен. Мен Тахауидің түрмеде отырып келген балдызын бір емес екі рет ЦУМ-ға орналастырдым. Ондай адамды саудаға жолатуға болмайды, ал мен алдырттым. Менің көп балам жоқ. Сүйенішім де тірегімде жалғыз Бекежан. Ол неге менің балам туралы не болса соны айтады. Оңбаған! (әкем бір кетсе қатты кететін).

Сөзімді айтып болғанша, бір жігіт емпелеңдеп келіп “Хамаға” деп бастай бергенде Хамит:

–Ой, көргенсіз, атаңа нәлет! Ағаның айтып тұрған сөзін бөліп, орта жолдан килігіп. Кет, жоғал, көзіме көрінбе – деп жігітті қуып жіберді.

–Маған басқа ештеңе айта алмай, әлгі байғұс жігіттен өшін алды – деп әкем күлді де – Ол қандай мақала? Маған бір күні оқып беріңдер – деді.

Әкем мен Әлжекең (Әлжапар Абишев) ескі алаңда жиі бірге қыдыратын, екеуінің жасы қатар, әңгімелері жарасады. Осындай қыдырыста Әлжекең талай әңгімені айтып “Құзеке, осыларға ұрыспайсың ба” – деген де әкем: “Жоқ, айтпаймын. Я не желаю опускаться до их уровня. Менің Бекежаным защите не нуждается, он сам сумеет дать отпор. Олар сөйлей тұрсын. “Собака лает – караван идёт” – дегендей Бекең біраз шыдағаннан кейін өз-ақ жауабын бере алады. Мені сыйлағаннан үндемей жүр ғой”, – деп әңгімесін аяқтапты.

Осыны сол отырыста әкем бізге айтып берді. Папа үндемей жүріп, барлық жаңалықтарды естіп - біліп жүр екен ғой. Бекеңің жүрегін ауыртпайын деп әңгімесін бастамайды екен.

Ол кезде әкемнің көзі көрмейтін, адамдарды дауысынан танитын, орысша айтқанда “музыкальный слух”, дыбысты естігіш еді. Көзі көрмесе де жүрісі тік, мығым, аяғын тәлтіректемей батыл басатын (уверенная походка, он был очень организованный).

Сол жылдары, кешкі сағат 9-10-дарда телефон шырылдады, көтерсем – папа.

– Бекең қайда?



  • Кабинетінде, қағаздарын жазып жатыр.

  • Шақыр.

  • Ия, папа.

  • Ертең Одақта не болушы еді?

  • Пленум болады.

  • Балам сен ойланып, жақсы дайындалуың керек. Мықты бол – депті.

Бекең маған басқа ештеңе айтпай бөлмесіне кірді.

Папаның сезімталдығына, қырығылығына, байқағыштығына таңқалып ертеңінде Пленум өткесін Бекең кешке қарай айтты. Папаның кешегі Бекеңе телефонмен айтқан әңгімесін толық келтірейін.

–Кешке таман Қонаев бюсті тұрған скверде қыдырып жүрсем (әкемнің үйі соның жанында) 4-5 адам біресе тоқтап, біресе жүріп, біресе тоқтап ақылдасып- келіскендей болды. Мен жақындағанда бәрі маған бұрылып сәлем беріп, қол алысты, жағдайымды сұрады. Бәрін дауысынан таныдым: Ғабит Мүсірепов, Жұбан Молдағалиев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қалтай Мұқамеджанов, Шерхан ғой деймін. Бәрі шалды (Ғабеңді) айналдырып жүр. Они что-то затевают. Будь начеку. Жақсылап дайындал. Я верю в твою победу, балам.

Әкем өмір бойы қол ұшын беретін туысы болмаса да өзінің іскерлігімен, адалдығымен, тазалығымен жол тапқан азамат. Керемет сезімтал, қауыптың қай жағынан келіп, қай жағынан төнетінін біле қояды.

Ертеңінде Пленумда әкем айтқанындай болыпты. Пленумда болған жағдайды, кімдер сөйлегенін Бекең өзі жазып кетті ғой естелігінде, мен үзінді келтірейін: ”... пленум қатты басталды. Жұбан... бар қаһарын “Жұлдызға” төкті. Ештеңені аяаған жоқ. Бастан-аяқ сынап, бір жылт еткен жақсылық таба алмады. Осыны сезгендей бүгінгі жиналушылардың құрамы да әдеттегіден бөлек... Өмірі мұндай жиындарға бас сұқпайтын Орталық Комитеттің бастықтары мен бөлім бастықтары да келген...

... Жұбан баяндамасының бір осал тұсы көңілге сап ете қалды. Жұбан мұндай білместікке барады деп кім ойлаған. Бірақ, адамның бір осалдығы, әлсіздігі болады, ол - әбден ызаға булығып, біреуді жүндей түтіп, жерлеуге әзірленіп, ашуға жеңдірген шақта, кемшіліктен, кемітуден басқаны ойламайды. Жұбан да осы жолға түсті. Осындай ашу үстінде “ Жұлдыз” журналында Мүсіреповтің “ Оянған өлке” романының екінші кітабы жаряаланғанын көрмепті, білмепті... Ғабеңнің бұл романы баяндамада айтылмады...

Кезегім келіп, мінбеге шықтым. Мұндайда әдеттегі айтатын сөзімді айтып жатырмын... Қағазымның соңында бағана қазақша түртіп алған ойма жеттім. Енді президиумда төрде отырған Жұбанға бұрылып, сөзімді қазақша бастадым.


  • Жұбақа! Жаңа баяндамаңызда осы есепті кезеңде біздің журнал жариялаған екі құнды, көркем дүниеміз – Ғабит Мүсіреповтің “ Ояанған өлке” романының екінші кітабын неге атамадыңыз? Ғабеңнің бірінші кітабы жарияланғалы 20-жылдан аса уақыт өтті. Осы 20жыл бойы Ғабеңе осы басты еңбегіңіздің екінші кітабын қашан бітіресіз деп сұраумен келдік, асыға күтумен болдық. Ал, сол 20 жыл бойы асыға, аңсап күткен шығарма - “ Ояанған өлкенің” екінші кітабы “ Жау қолында” деген атпен міне жарық көрді, журналда толық жарияланды. Бұл еңбек тек журналдың ғана табысы емес, бүкіл қазақ әдебиетінің табысы. Ендеше бұл табысты неге атамайсыз? Жарайды бұл табысты маған қимай-ақ қойыңыз, “ Жұлдыз” журналына да қимаңыз. Бірақ Мүсіреповтің “ Мүсірепов” деген аты бар емес пе, даңқы бар емес пе. Ендеше Мүсіреповке қиюға болатын еді ғой. Бүгін Мүсіреповты осы еңбегімен, осы табысымен құттықтауға болатын еді ғой. Осы жақсылықты қимағаныңыз қалай? – дедім.

Зал тым-тырыс тына қалды. Жұбан да өз қатесін енді түсінген сияқты.

Өңі бұзылып сала берді. Ғабең де кеудесін тік көтеріп, мен жаққа қадала қарап қалыпты. Көзілдірігінің үлкейтіп көрсететін әйнегінен көзі алара қарап, өңменіңнен өтеді. Осы сәтте ол қандай күйде, не ойлап тұрғанын кім білсін, түрі сұрланып, қаны қашып, қабағы қарысып қалған. Үнсіз пауза ұзаққа созыл, қабағы қарысып қалған. Үнсіз пауза ұзаққа созылған жоқ, бірақ Ғабең ыңыранып, жайлып айтқан мына сөзі құлаққа шалынды:

–Ә-әй, сендер мені әдейі арандатып әкепсіңдер ғой. Мен сөйлемеймін, - деп алдындағы қағазын бүктеп қалтасына салып алды.” (“ Әдебиет–менің Отаным ” дейтін естелігінен )

Міне әкемнің айтқаны “шалды айналдырып жүр” дегені дәл келді.


* * *

Менің әкем мен анам дүние - мүлік жинамай дос жинаған адамдар. Қайда барсада үлкен кіші демейді қолдары ашық, достарын қонақ етіп силап жүретін. Зейнеткерлікке шыққасын (80-ші жылдары) бір күні әкем: “Сафураш, мен бәленді көрдім (атын атамай-ақ қояйын). Баяғыда командировкаға барғанымда ол мені үйіне шақырып қонақ етіп еді, осында көшіп келіпті, қорғапты, профессор атағын алыпты. Шақыру керек” – деді. Мен құптадым. Келгендерге бәрімізді таныстырып жатыр: “Ортаншы балам Сафураш” – дей бергенде, әлгі кісі:



  • Білеміз, білеміз, Сәкеңнің талай кілемін қаққанбыз” – деді. Тура Гогольдің “Ревизорындағы” “немая сцена” болып, бәріміз үнсіз мелшиіп қатып қалдық. Мен ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Бір кезде Бекең “Қалайша?” – деген дауысын естігенде барып есімді жидым.

  • Беке, мен сіздің бауырыңыз Маратпен Кооптехникумда бірге оқып, студент кезде, қарным ашқанда Маратқа еріп сіздерге келетінмін. Сәкең бізді тамаққа тыңқитып тойғызып жұмысқа салатын. (Менің есебім бойынша 1958-60 жылдары)

Міне, қазақтың мақалы “Жас өспейме, жарлы байымайма” – дегендей. Қонақ кеткесін әкем ашуланып:

  • Сафураш, осы сен бала көрсең жұмысқа салуды қашан қоясың? – деді.

Қалай жұмсамайсың? Әрі жұмыс, әрі диссертация, үйдің шаруасы, келім-кетім кісі, әке-шешені күту керек және әкем қонақшыл болатын. Бірақ содан бері танымайтын баланы жұмсамайтын болдым. Және өзіміздің балалар өсті ғой.

–Папа, онда тұрған не бар? – деді Бекең.



  • Жоқ, қарғам. Адамды қорламау керек, намысына тиетін іс жасамау керек. Көрдің бе одан бері қанша жыл өтті, ол ұмытпай жүр, көңілінде қалған. Сол кісінің орнына өзіңді қойып көрші. Арланасың. Менің жаңа ол жігітке жаным ашып, тура менің баламды біреу қорлағандай болдым. Бұндай әңгімеге енді оралмайық. Бұндай іс жасаушы болмса, балам – деп әңгімені доғартты.

Содан бері 20 жылдан аса уақыт өтті, мен әлі сол күнгі уақиға есіме түссе бір түрлі боламын.
* * *

1994 жылы наурыз айында Бекең 60-қа толды. Осы жерде Бекеңнің естелігінен үзінді келтірейін: “... курстас досым, кейін қызметтес болған майталман жазушы Қалихан Ысқақовты сөйлеткім келіп тұр. Менің мүшел тойыма арнайы жазып, сыйға тартқан, той кезінде қалың жұртқа оқып берген мына бір жазбаларын келтіруді жөн көрдім.

”Сөйткен Бекежан

Аппақ қудай сақал-шашын, желім жақсаң жұқпайтын маңдайын көріп таң қаламын. Япырау, мынау біздің Бекежан ба деп. Бура санды, бұйра шаш, кептер төс, қыздарға қырғидай тиетін жігіттің көркемі университеттегі сұлумын дейтұғын паң бикештерді ең болмағанда бір дүркін биге шақырмай құр жіберген емес-ті. Жә деген жігіттердің жамбасын жерге соқпай қоймаған тағы да біздің Бекежан еді десем, саған өтірік, маған шын.

Елу алтыншы жылдың ми қайнатқан шілдесінде, қызыл вогонды собалаң состав, университеттің соңғы курсындағы еркек атаулыны түгел тиеп, Тахиа – Ташқа тартты да кетті. Тартқаны бар болсын, Алматыдан шыға бере-ақ ши түбіне бұт көтерген ит сияқты көрінген бағананың қасына бір тоқтап, мына тұрған Нөкістің іргесіндегі әскери горнизонға жеткізбей-ақ қойғаны. Тағы бір қырсығы, елді мекенді көрсе үріккен түйедей едіреңдеп ала жөнеледі де қайдағы бір бұдыры жоқ дөйдалада ентігін басқандай пысылдап кеп тұрғаны. Қу тақтайдан басқа кәмперті жоқ қызыл шолақ вагон шықырлағанда ми шайқап, қарғығанда қарақұсыңды төбеге ұрады. Сөйтіп, бір тайпа жігіт “жынды поез ”атандық. Өзімізде жынданып кете жаздадық. Жалғыз ермегіміз – күрес. Бекежанның жоян екенін сонда бір көріп едік- ау! Әттең, қызықтайтын қыз-қырқын болмады!

Университеттің сегіз факультеттінен Бекежанмен белдесетін бір Төлеген табылсашы. Әншейінде сен тұр мен атайын дейтін дүр жігіттер қақпалдың тасындай домалап жатты. Жөпшеңкіні желкесінен алып лақтыратын Қойлыбай дейтұғын дөнежін бұқадай дәуіміз бір шалымға келмей мұрттай ұшқанда орынынан тұра беріп, ұялғаннан:

–Япырай, мына Бекежанды локамативтің орнына жеккенде әлдеқашан Тахиа- Ташта отырғандай екенбіз- ау! – деп ақталғаны бар.

Сөйткен Бекежанмен белдесетін жүрек жұтқан жалғыз-ақ адам табылған. Ол – Сафура еді. Қайсысының жыққанын, қайсысының жығылғанын білмеймін, әйтеуір, Сафураның қолына түскен соң біздің Бекежан белбеуді тастап, әдебиет детұғын бәсекенің күресіне түскен, менің ойымша, бұл бәсекеде де оның жамбасы жерге тиген жоқ.

Сөйткен Бекежан алпысқа келіпті. Сақал-шашы ағарса – ақылының толысқаны шығар. Маңдайы қасқа тартса – оны да Сафура сипаймын деп отырып сиретіп алған. Қосағыңмен қоса ағар деген осы екен де!

Бес жыл бірге оқыған, онан соң қырық жыл

бойы қызметтес болып келе жатқан Қалихан. ”

Сол тойда Ғафекеңде сөйледі:



  • Бекежан, ешбір кикілжіңсіз, жай қызмет бабындағы кейбір келіспеушілік болмаса, әріге кетпей, жүз жыртыспай шыдамдылық білдіріп, аға деп сыйлағаныңа әлі күнге дейін ризамын, – деп ұсынған мына бір өлеңі бар еді.

Інімсің еркелетіп “Бекеш” деген,

Жерің жоқ бақ таласып өңестеген.

Сен бүгін бір төбеге шығып қапсың

Алпыс та “ Атаң асқан белес” деген.

Шүкірлік тұла бойың толған сабыр,

Шабытың көпке кетер- толғансаң бір

Сен бейне қарагер ат секілдісің

Жортатын қақпан белің талғанша бір.

Белгілі қаламгерсің – романшы,

Ішінде қарағайдың сен орманшы-

Танығыш тамашасын табиғаттың,

Бүркітші қолың құтты, шебер аңшы

Екеуміз он бес жылдай бірге істедік

Көрген жоқ көңіл кеміп, тұрмыс кеміп,

Жемісін татулықтың бөліп жедік,

Жанымыз жасыл жайлау - өңір едік.

Қабыл ал ақ тілекпен дос сәлемін,

Көңілді маған деген қош көремін.

Ағаңның адал көңіл лебізіндей

Қолыңа жетсін жедел осы өлеңім!

(Б.Тілегеов. Әдебиет – менің Отаным! Естелік жазбалар)
* * *
Жазда каникул кезінде Бекең командировкаға барса кіші баласын Әділжанды алып кететін. Өзімен бірге оқыған Советхан Нурпеисов Талды-Қорғанда горкомның хатшысы болды сонда алып барды, кейін ол жігіт Целиноградта обкомның хатшысы болғанда Сәкен Сейфуллиннің 90-жылдығына алып кетті, Семейге апарды, өзбек халқының “Шарқ-Юлдузи” әдебиет журналының 50-жылдық тойына Ташкентке алып барды, Москвадағы өткен СССР жазушылар одағының сьезі болғанда 1986жылы оған да апарды. Сөйтіп Әділжанға талай қалаларды, елдерді көрсетті.

Кейін Советхан Сейітқалиұлы Нүрпейісов Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Біздің үйдің қасынан жаңадан салынып біткен үйден 4 бөлмелі пәтер алды. Күнде кездеспесекте жиі-жиі араласып дәмдес болып, кешке қарай өзеннің бойы мен қыдыратын едік.

Сәкең мен Бекең комплимент айтқыш. Светлана екумізге неше түрлі жақсы сөздерді айтып, осындай керемет қыздарды біз қайдан тауып алдық, екеуіде осындай, екеуіде кандидат, екеуіде зав. кафедрой. Ай, Беке-ай, екеуміз де мықтымыз-ау! – деп өздерін мақтайтын.

Бір күні Светлана маған телефон соғып: “Сафура, мына балалар Әділжанның тұмағындай тұмық тігіп бер деп мазамды алды. Қалай тігуін білмеймін. Келіп көрсетіп берші ”– деді. Жарайды деп, тері кесетін өткір пышағымды, төбесіне жабатын мақпал матаны, т.б. іс тігетін саймандарымда алып бардым. Светлана алғыр да шебер еді. Екеуміз 2-3 күнде екі тұмақ бітіріп, балаларды қуанттық.

“Ағайын тату болса мал көп,абысын тату болса ас көп ”– дегендей біздер керемет тату-тәтті өмір сүріп, біздің достарымызбен олар достасып, олардың достарымен біздер достасып кеттік.

Сөйтіп мәз болып жүргенімізде Светлана 1996 жылы машинаның авариясында қайтыс болып кетті. Досымнан айырылып қалғанға мен көп жылыдым. Бекең маған “Сафураш, жыламашы, көз жасыңды көрсетпеші”– деп жалынды. Сол кезде ауырып жүрген. Жыл жарымнан кейін Бекең де қайтыс болды.

* * *

1995 жылы қаңтардың 16 жұлдызында жұмыстан келіп, кухняға кіріп жатсам Бекең келіп М.Мағауиннің “Қазақ тарихының әліппесі” деген кітапты алдыма қойды.



– Мұхтар қайныңның екеумізге сыйлаған кітабы – деді.

Мен мектепте Иван Грозный, Александр Невский, ПетрІ, Куликовская битва деген Ресейдің тарихын оқып өскен адаммын.

Шаруларымды тез бітіріп, жаңағы менің көңілімді алаңдатқан кітапты қолыма алып оқыдым. Қызықтырып әкетіп барады. Не керек, әйтеуір түнгі 11-де бітірдім де ойға қалдым. Соншама уақиғаны, хандардың атын, ғасырларды, құжаттарды шатастырып алмай мида сақтау!!!

Ну Мұхтар! Мықты екен! Молодец!

Алдымда Мұхтарға телефон соғып, түннің бір уақытында мазалағаныма кешірім сұрап, рақметімді айттым. Орыс бола жаздап кеткен адамға елімнің тарихын жазып, оқытып, танытқаның үшін рақмет дедім.

Кейін Мұхтардың үйінде бір отырыста кабинетіне кірсем картотекаға көзім түсіп, сонда барып жазушының шеберханасының қайнаған қазанына түсіндім.

Кейін мен орыс бөліміне қазақ әдебиетінен орыс тілінде дәріс оқығанда тағы да осы Мұхтар Мағауинің “Қобыз сарыны” деген кітабындағы қазақтың неліктен осындай ән-күйге құмар болғандығы туралы аңызды орыс тіліне аударып лекциямды содан бастадым. Студнеттер тым-тырыс отырғаны әлі есімде.

Лекцияларыма дайындалғанда әдебиеттің бәрі үйден табылады. Бекең соншама кітаптарды мен үшін жинағандай болды.

Мен көп жазушылардың творчествосымен таныстым. Қазағымның қаншама мен естімеген жыршылары, жыраулары, ақындарының болғанын сонда барып білдім.

Орыстардың “Век живи – век учись ” – дегені осы екен ғой.

* * *

Әкем 1969 жылдан бастап Зам. Министра торговли КазССР және начальник Казглавзаготплодоовоцторга дейтін міндеттерді зейнеткерлікке кеткенге дейін атқарып жүрді.



1975-76- шы “Колорадский жук” дейтін қоңыздар бүкіл Қазақстанның жеріне жайылып кетіп халқымыз көкеніс (овощи) жей алмай қалды. Сол жылдары жаз бойы әкем Прибалтика елдерінде, Белоруссияда, Украинада жүріп договормен елімізге вагондармен овощтарды жіберіп жатты. Это был запасы на зиму.

В те же годы в пригороде Алматы по инициативе Хайруллина К.Х. был построен газовый холодильник - второй в СССР, а первый был построен в Москве.

Сөйтіп әкем қаланы, жалпы Республиканы көкеніспен, фруктылармен қыс бойы қамтамасыз етті.

1978 жылдың мамырында Минторг Казпотребсоюз, Горторгуправление торговли болып бәрі әкемді 66 жасында аса құрметпен, ілтифатпен зейнеткерлікке шығарып салды.

Бүкіл Қазақстанның талай жерінен азаматтар келіп, құттықтап, әкеме алғысын айтып, оларды өсіріп қолдағаны үшін рахметін айтып, ризашылығын білдірді.

Бүкіл Совет Одағының түпкір-түпкірінен әкеме достарынан телеграммалар келіп жатты: Москва, Ленинград, Киев, Минск, Баку, Тибилиси, Ташкент, Фрунзе, Ашхабад, тіпті Сибирьден, Дальний Востоктан т.б. Бәрі әкемнің үйінде архивында жатыр.

Бұндай құрметпен ешбір министрді шығарған емес деп азаматтар таңғалады. Әкеме “Персональная пенсия союзного значения ” деген пенсия тағайындалды.

Жан-жақтан құттықтап келген азаматтарды, Коллегияның мүшелерін әкем таудағы“Жайлау” деген ресторанда қонақ етті.

Келгендер өздерінің әкеме деген ықыласын білдіріп жатты. Бір кезде министр торговли Ивановтың бәйбішесі (ол кісі Казпотребсоюзда істеген) сөз сөйлеп тұрып:


  • Эх, Кузеке! Если бы вы знали как Вас женщины любили, как они всегда готовились на совещания, которые вы проводили, хотели Вам понравитьсия и совлазнить, но не смогли. Вы были всегда верны Нагиме Маразбаевне. Вы прекрасный, правильный человек Кузеке, но не ОРЁЛ, - деп жұрттың бәрін күлдірді.

Сөйтіп әкем 20 жыл бойы пенсиясының қызығын көрді.

2002 жылы мама бастап, балалары, немере-шөберелері, туған- туысқандар болып әкемнің 90 жылдығын өткіздік. Жатқан жері жайлы болсын, ұрпағына риза болар деп ойлаймын.


* * *

Мен әкемнің қандай азамат болғанын, ол кісінің іскерлігін, жастарды тәрбиелеп қолдаулағанын көрсету үшін шәкірттерінің естеліктерінен үзінді келтірейін.



Из воспоминаний Джиенбаева С.С.

бывшего зам. председателя Совета

Министров КазССР

Находясь на посту начальника ГорУправления торговли К. Хайруллин внёс большой вклад в укрепление материально – технической базы торговли в столице: В городе было откырыто иного современных магазинов и предприятий общественного питания, он пользовался большим авторитетом среди работников торговли.

К.Хайруллин где бы не работал6 работая честно, добросовестно, к совим обязанностям относился очень ответственно, решал вопросы со знанием дела, был настоящем профессионалам тоговли.

Из воспоминани А. Х. Унгебаевой

бывшего зам. министра торговли КазССР

К. Х. Хайруллин я знала на протеженя 45 лет. Впервые мне пришлось столкнуться с ним в начале моей трудовой деятелности в аппарате Министерства торговли КазССР, где я работала товороведом- экономистам упровлени который курыровал.

Для всех нас6 рядовых работников, тов. Хайруллин был образцом руковадителя с высоким моральными и профессиональными качествами, а также большими организаторскими способностями. Тов. Хайруллин всегда грамотно педантично решал все вопросы, каким бы они трудними не были. Зная все положительные качества тов. Хайруллинаработники аппарата старались быть подтянутыми и дисциплинированными. При всей строгой требовательности к работникам по деловым вопросам тов. Хайруллин был заботливым, добрым, чуткимруководителем – учителем. Всегда, кому трудно по работе, обьяснит суть дела,защитат работника от несправедливых обвинений, даст совет и т.д.

Тов. Хайруллина уважали как ответственного и принципиального руководителя не только работники торговли, но и другие, которые координировали свою деяательность с отрслью торговли. Он пользовалься авторитетом и уважением и в аппарате союзного министерства торговли.

Тов. Хайруллин внёс много личного труда в становлении и развитии и в потребительской кооперации, и в системе Горуправления торговли г. Алматы, и в республиканском тресте Горплодоовоцторга, Где бы ни работал, он всегда оставлял за собой хороший след. Результаты его деятельности всегда были положительными.

Я считаю мне и повезло6 что пришлось работать совместно с ними и многое от него перенять. Не было бы “Хайруллиновской школы” мне было бы трудно работать в последующем на руководящих должностях.

Спосибо Вам, Кузеке6 и всем подобным Вам, повстречалась на моём трудовом пути.

Из воспаминаний Умаргазиной А.Ж.,

бывшего директора ЦУМа,бывшего

директора оптовый базы “Казкультторга”

Кузыргали Хайруллович был очень грамотный, эрудированный, высоко – культурный человек, настоящий профессионал. Кроме того, он был требовательный и ответственный руководитель, аккуратный и педантичный в делах, он того же требовал от починённых . Одним словам, нам, молодым торговым работникам, было чему у него поучится. Мне кажется, что он внимательно следил за нашей работой, был очень заинтересован в росте и продвижении молодых кадров. Именно он выдвинул меня в 1966 году на должность заместителя директора ЦУМа, а уже спустя 4 года, 1970 году, я стала директорам. Кузыргали Хайруллович сыграл большую роль в моей работе и и становлении меня как первого руковадителя. Я считаю его своим наставникам и учителем.

Кузыргали Хайруллович был большой патриот, он искренне радовался и был очень горд открытию ЦУМа в те время, да и сейчас, по- прежнему, самого большого магазина в Казахстане.

Мы вместе с ним открывали вторую очередь ЦУМа. Причём, здесь нельзя не сказать о Кузыргали Хайрулловиче как о прекрасном руководителе, который не только умел масштабно мыслить, но и продумывал все до малейших мелочей.

Открытие ЦУМа прошло очень торжественно и организованно без ЧП. В 7.15 часов были открыты все дверей и магазин начал свою работу.

Я хочу еще раз подчеркнуть, что Кузыргали Хайруллович очень ценил работников торговли и дорожали кадрами. И я благодарна ему всегда как своему учителю.

Осы жазбамды жазып жатқанда А.Р. Рустемоваға (бывший начальник управления общежита) звондап рұхсат сұрадым “ Сіздің папа туралы айтқан әңгімеңізді жазуға болама? Ренжімейсіз бе? – Әрине, жаз. Мен ол кісіні өзімнің ұстазым деп әрқашан мақтанышпен айтып жүрем”.

Енді Роза Абдразаққызының әңгімесін орысша келтірейін.

–Кузыргали Хайруллович будучи Начальником Горторгупровления вызвал на 3 минуты. Секретарь меня не пустила к нему. Совещание закончилась, все разошилась и секретарь сказала “ Заходите.. ” Когда я вошла Кузыргали Хайруллович сказал?

– Почему опоздала?

– Я на три минуты опаздала, секретарь меня не впустила.


  • Правильно сделала. Что ты за руководитель6 если опаздываешь на совещание? Какой пример подаешь подчиённым? Надо приходить на 5-10 минут раньше назначенного времени. Чтобы больше мы к вопросу о дисциплине не возвращались.

Кузеке преподнёс мне урок на всю мою жизнь.Это был обязательный, педантичный,справедливый человек. Если он молодёжь выдвигал, то следил за его дальнейшим ростом.

Бір күні терезе жауып жатсам әкем қасыма келіп, қарап тұрды да “Сафураш, мына терезе қалайша жылтырап кетті? ” – деді.



  • Жарты шелек суға 1-2 қасық аммиак (нашатырный спирт) құйу керек.

  • Ол қайда сатылады?

  • Нашатырный спирт- аптекада, аммиак- “Колоста”.

Әкем үндемей кетіп қалды. Күндердің- күнінде“ Балдырғанға” барып балаларға, немерелерге киім алдым сонда заведующая таңғалыпмаған:

–Сафура Кузыргалиевна, недавно Кузеке проводил у нас собрание , а когда всех отпустил, меня отчитал как следует, сказав

–Почему окна не моются? Грязные! Это очень просто: налить в полведра воды 2-3 столовые ложки аммиака. Окна и двери – это визитная карточка магазина. Неужели Вы дома окна не моете?

Я не знала этого. Откуда он всё знает? Я не нашлась что сказать. Но надо отдать должное ему: он никогда нас при подчинённых не отчитывал. Я благодарна ему за это.

Әкем талай жастардың өсуіне себепші болыпты. Мысалы: Сәрсенов Т.Ж. – директор треста столовых и ресторанов, ал кейін директор Казторгодежды болған;

Тасов Г.Х. – “Алматы” ресторанының директорлығынан Начальник Горборгуправления г. Алматы болды, әкемнен кейін; Максимова Р.М. жәй товароведтен Текстильторгтың директоры болды; Рүстемова Р.А. жәй столовыйдың бастығынан Начальник управления общежита болды; Людмила Кузминчина дейтін келіншек (фамилиясын ұмытып қалдым) жәй товароведтен “Балдырғанның” директоры болды; Золотавина А.Х. – бұрынғы өзінің шофёры (біздің үйдің қызындай болып кеткен) институт бітіргесін “ Сәуле” магазинінің директоры болды, тағы басқалары есімде жоқ.

Бұл аталған адамдардың барлығы әкемнен көрген жақсылықты өздері айтатын.

Енді бір отырыста И.С.Сариев ( “Иссык” ресторанынның директоры) әңгімесінде былай деді:



  • Бір күні Құзекеңе үй сұрап бардым, көмектесіңізші, семьямда 11 адам.

  • Ол кімдер?

  • Анам қолымда, келіншегім, сегіз балам.

  • Оның не? Қағынып кеттің бе? Оның бәрін қалай оқытып адам қылам деп жүрсің? Болашақта олардың бәрін үйлендіру керек. Не ойлап жүрсің?

Құзекеңнен ұялғанымнан қып- қызыл болып жерге кіріп кете жаздадым, – деп күліп әңгімесін аяқтады.

Сол жігітке әкем үй алуға көмектесіпті. Риза болып үйіне шақырғанда айтқан әңгімесі.

Әкем талай кісілерге көрсеткен көмегін еш уақытта әңгіме қылмайтын, айтпайтын. “Жаман бергенімен ішкенін айтады, жақсы көргенін айтады ” – дейтін.

Әкемнің көзі жұмылғаннан кейін талай азаматтар үйіне шақырып әкемнен көрген жақсылықтарын айтып сонда естігенбіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет