Хайруллина Ғайша- сафура Құзырғалиқызы Менің шыққан тегім, жанұям



бет3/3
Дата22.11.2016
өлшемі0,71 Mb.
#2290
1   2   3

* * *
Мен өмір бойы қолымнан келгенінше әкемнің ойынан шығуға тырыстым.

Әкем мен үшін асқар тауым, шыққан биігім, тірегім, қуанышым, ақылшым, мақтанышым, жұбанышым болды.

Мен 60-қа толған күні олардың келгеніне шыдай алмай, таңертең сағат

8-де гүл алып, үйлеріне барып ол кісілерді құттықтадым, мен осы жасқа келгенше қасымда жүргендері үшін, қызығымды қызықтағандары үшін рахметімді айттым.

Әке – шешем мәз- мейрам болып, түске таман барайын деп жатыр едік деді.

Сол күні туған- туысқандар, құдалар, жолдастар, балалар болып біздің үйде жиналып, талай әңгімелер, ұмытылмаған естеліктер айтылып, ән салынып түннің бір уақытында тарастық.



* * *
Әкем мамамсыз курортқа да бармайтын, тіпті больницаға да жатпайтын. Әсіресе соңғы жылдары.1996 жылы дәрігерлер “ Құзеке, больницаға жатыңыз ЭКГ нашарлап кетіпті” – десе, – “Бәйбішемді де жатқызып емдеңдер,” –деген. Барғасын күшті дәрілерден маманың аллергиясы шығып, үсті қышып, душ аламын деп ваннада құлап жамбасын сындырып алды. Он күннен соң үйге шығарды. Киімін ауыстырып, астын сүртіп, мама бізді аяп екі қолымен тіреп көтерліп жатса әкем “Ойпырмай, енді мамаң қолын сындырып алмаса екен” – деп шыр- шыр етті.

Балалары мен немерелері маманы аяғына тұрғызды. Баласы Қадыржан бірінші рет Америкаға барғанда қолына ұстауға ыңғайлы, алақанымен тіреп ұстайтын таяқ әкелді. Екінші рет барғанда төрт аяқты “ходунок” әкелді. Ол кезде Алматыда ол жоқ еді.

Мама әлі күнге дейін өңін жоғалтпаған адам. Қазақ айтқандай “Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны қалады” деп маманың отырысы, киім киісі, айтқан әңгімесі бәрі орынды, өзіне жарасып тұр. 90 жасқа келсе де ой-парасаты әлі мықты (великолепная память!). Радио, теледидарды тыңдап елімізде болып жатқан жайлардың бәрін біліп отырады.

Мен осы жазбама кіріскенде әкемнің Қызыл-Ордада дос болып араласып кеткен азаматтарының есімдерін, атқарған жұмыстарын ұмытып қалып (ол кезде мен 7-10 жастамын) сіңілім Светаға телефон соғып мамадан сұрап-біліп маған айт дедім.

Бес-он минут өткесін, Света звондап айтып берді. Екеуміз таңғалдық. Одан бері 60 жыл өтіпті, сонда да ол кісінің есінде бәрі бүгін болғандай сайрап тұр.

Менің мамам жұмыс істемеген адам, бүкіл өмірін әкеме арнап, сол кісіні күтіп, қонағын күтіп, біздердің оқып, жұмыс істегенімізді қызықтап, балаларымызды күтумен болды. Сондықтанда болар, біздердің көп уақытқа дейін бойжеткен қыздарша жүргеніміз.




* * *

Қ.Ысқақовтың естелігінен

Қоғамдық, әлеуметтік қызметке белсене араласқан Қ.Хайруллиннің беделі өз ортасында өте жоғары еді. Бұрыңғы Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары С.Жиенбаевтың айтуынша, кезінде облыс-облысқа шашырап кеткен орынбасарлардан өз орнына қайта көтерліп, абырой-атаққа ие болған жалғыз Хайруллин ғана.

Қ.Хайруллин ұйымдастырған ірі-ірі сауда орындары бүкілодақтық бәсекеде сан дүркін бәйге алып, республикамыздың сауда-саттық саясаты мен мәдениетінің аптарихасын көтеріп, ішкі-сыртқы қарым-қатынастың дамуына көп үлес қосты. Сауда қызметкерлерін тәрбиелеуде де оның еңбегі зор.

Құзырғали Хайруллин еңбегімен де, ерекше мінез, адал қызмет, адамгершілігімен де көрегендіге үлгі, көпке жанашыр өз заманының тұлғасы болды.

Үкімет оның адал қызметінің белгісі ретінде “Еңбек Қызыл ту”, “Құрмет белгісі”, ордендерімен, медальдармен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен және “Центросоюз” грамотасымен марапаттады.

Т.Жұртбаевтың естелігінен
Б. Тілегеновтың шығармашылық жолы 1959 жылдан басталды. Оның әңгімелері мен хикаяттары сол тұстағы мерзімдік баспасөзде үздіксіз жарияланып тұрды. “Таң нұры ”атты алғашқы жинағы 1966 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрді. Ауыл өмірінің елуінші жылдардағы қарама-қайшылық пен психологиялық тартысқа толы тіршілігін шынайы суреттеген. “Көктем де ызғарлы”және “Жанама жағасында” атты повестері Б.Тілегеновтың шығармашылық жолының бағыт-бағдырын анықтап берді. Бұл туындылар жазушының эпикалық романдарының тақырыптық негізін қалады. Тамырлас тақырыпты суреттей отырып, қаламгер өз туындыларында қазақ халқының сан қилы тағдыр талқысына түскен кезеңдеріндегі психологиялық толғаныстар мен жандүние ирімдерін реалистік тұрғыдан бейнеледі.

Жазушының кезеңді әрі кең тынысты шығармасының бірі “Уақыт” диологиясы болып табылады. Қаламы ұшталып, кемеліне келген тұсында жазылған “Уақыт” романы Б. Тілегеновтың алымды суреткер екенін танытты. Екі кітаптан тұратын бұл шығармада автор өзінің алғашқы шығармаларындағы кейіпкерлерінің тарихи өмірбаяны тағдырлы тұлғасының түп тамырына үңілді. Түрлі көзқарастар мен таным қайшылығына тап болған жандардың әлеуметтік – психологиялық тебіреністері мен реніштері, өз арасындағы тартыстың себептерін астарлы емеурінмен жеткізе отырып, олардың тағдырына таңба салған заман мен уақыттың өктемдігін, әділетсіздігін жан-жақты ашты. Кейіпкерлердің мінез қақтығыстары арқылы адамды рухани бостандығы мен бас еркінен айрылуға мәжбүр еткен қоғамның езгісін кішкентай кейіпкерлердің қарым-қатынасы арқылы шебер суреттеді. “Уақыт”диологиясы орыс тіліне аударлып, 1985 жылы Москвада “Советский писатель” баспасынан жарық көруі соның бір айғағы.

Бірыңғай шығармшылықпен айналысуға бет бұрғаннан кейін жазушының өзін толғандырған тақырыпқа баруына мүмкіндік туды. Соның ішінде, Семейдегі атом полигонының тәлкегіне ұшырыған ел мен жердің тағдыры суреттелген “Қара жел” романы Б.Тілегеновтің шығармашылық жолындағы бетбұрысты белес, әрі айтулы табысы болып табылады. Бұл роман тек қана қазақ әдебиетіндегі ғана емес, сол тұстағы бүкіл дақ көлеміндегі ең көкейтесті мәселені қозғанған шығарма ретінде жоғары бағаланды. Мұнда атом жарылысы болар алдындағы халықтың мамыражай өмірі, табиғаттың тамылжыған көріністері сондай шабытпен жазылған. Кенеттен заманның, қатігез қоғамның, зорлықшыл мемлекеттің, шовинистік пиғылдың қара дауылы соғып, адамның да, сол жерді мекендеген аңның да бейбіт тұрмысының астан-кестеңін шығарды. Ашық жер бетінде сыналған бомбаның әсерін байқау үшін тірідей сынақ алаңының маңына апарылған адамдардың күйзелісі, жарылыстың болатынан бейхабар қойшының радиация апатының астында қалуы, адал махаббат иелерінің мәңгілік айықпас дертке ұшыпауы, иен қалған қыстаулардағы жүні түскен тақыр қойлар мен тағы аңдардың сенделісі барынша қанық, әрі нақты суреттелген. өмір шындығы көркем шындықпен астасып, адамзат тіршілігіндегі ең қауіпті қарудың рухани дертке ұласуы мүмкін екендігі туралы пікірлері ерекше суреткерлік түйсікпен баяндаған. Жазушы Дегелең қасіретін бейнелей отырып, исі адамзатқа ортақ адамгершілік мәселесін қозғайды. Роман жарық көргеннен кейін бір жылдан соң, атом сынағы тоқтатылды. Бұл - Б.Тілегеновтің жазушылық, әрі азаматтық парызына деген адалдығының және шығармашылық батылдығының көрінісі. Ал сол жылдары жазылып, 1993 жылы ғана жарық көрген “Тауқымет” және “Алыста қырғын соғыс бар” повестері Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тосын оқиғаны арқау еткен. Бұрын бірен-саран жазушылардың ғана қалам тартуына мүмкіндік берілген соғыстан бас сауғалап қалған жандардың тағдыры арқылы Б.Тілегенов өзінше тың ой салды. Мұндағы басты кейіпкер майдандағы өлімнен қорықпайды. Майдан, Отан ортақ. Алайда сол жауынгерлерге деген көзқарас әрқилы. Алайда ақ қар, көк мұз жастанған қашқынның ойына үнемі соғыс көріністер елестейді. Достарын ойлағанда майданнан қашып кеткеніне өкінеді. Бір күдік пен бір жұбанышты серік еткен кейіпкер ақыры шырмалған ойдың шырмауында қалып іштей тұншығады.

“Сексен алтыншы жыл” романы қаламгердің көркем шығарма саласындағы ең бір шоқтығы биік туындысы. Ең үлкен және ең сенімді шындық - көркем шындық. Тарихи оқиғалардың өзі екшеле келіп, көркем шындыққа айналады. Бекежан Тілегеновтің осы романын оқи отырып, желтоқсан оқиғасының бұрқ ете қалуына ілік болған психологиялық-әлеуметтік мәселелердің астарын нақты сезесің. Ұлы державалық өктемдік пен жазалау саясаты дәреже үшін досын ғана емес, ұлтын сатып, оны арандатуға дейін барған басшы мен орталықтың аяр әрекеттері зилы қауымның екі бетті психологиясы, жалған идеяның жалаңтөс жандайшабы болған аға буын өкілдері жас толқынның ішкі қуаты мен жан күйзелісі, тәні қорланса да жан тазалығын сақтап қалған адал махаббат иелерінің рухани күресі, скери жазалаудың алдын ала ойластылырып қойылғаны туралы деректер сондай бір сенімді мотивировкамен шынайы, әрі терең суреттелген. Бұл романды желтлоқсан оқиғасы туралы жазылған психологиялық талдау ретінде қабылдуға әбден болады.

Белгілі жазушы ағамыз Ә.Нұршайықов “Сексен алтыншы жыл” деген романды оқып шығып, сол туралы “Қазақ әдебиеті” газетінде (2 қараша, 1994 жыл) жазған пікірінде былай депті: «Бекежан Тілегеновтің «Сексен алтыншы жыл» романын оқып жатырмын. Қызықтырып, тартып әкетіп барады. Бас алдыратын емес... Бекежанға әбден риза болдым. Шешен де, шебер де, батыл да екен. Сонысы сүйсіндірді... Апыр-ау, Бекежан қандай білімді, жорғадай тайпалған сөз шебері болып қалыптасқан».

Бекежан Тілегеновтің азаматтық және қаламгерлік парасаты оның деректі роман-эсселерінде ерекше байқалады. Тоқырау, қайта құру, жариялылық кезеңдері деп арналған тұстардағы өкіметтің басында отырған билік иелерінің арасындағы интригалар мен бақай қулықтары, алдап-арбаулары, арандатуларды, өзара бақталастық пен бәсекелерді, жалған айыптаулар мен домалақ арызды ұйымдастырудың «әдіс-айлаларын» арқау еткен «Тұйық өмірдің құпиясы» атты толғау-эссесі сол Кеңестік қоғамның тоғышарлық – қастаншықпағыр писхологиясының барлық құпиясын әшкерелеп берді. Мұнда ойдан шығарылған оқиға жоқ. Бәрі де өмірде болған адамдар және олардың аттары да сол қалпында сақталған. Жазушы өзі куә ретінде қатысқан жайларды негізгі сюжет етіп алған. Жетпіс мың данамен шыққан кітаптың бір айдың ішінде таратылып кетуі соған дәлел. Жазушы «Әдебиет - менің Отаным» және «Қас пен көздің арасыннда» атты эсселерінде бұл тақырыпты одан әрі тереңдете жазды. Мұнда өнер адамдары мен өнер туралы әңгіме қозғай отырып, астарлы пікір түйеді. «Қазақ тілі – менің елім, жұртым, өмірім, тарихым, тегім, отаным»,-дейді Б.Тілегенов. Бұл триптих эссені 1970-1990 жылдардың арасындағы қазақ ұлтының әдебиеті мен мәдениетінің көркем шежіресі десек – қателеспейміз. Өкінішке орай, жазушы өзінің соңғы шығармаларын жариялауға үлгере алмай кетті Б.Тілегенов жазушы және мәдениет қайраткері ретінде Қазақстанның рухани дамуына өзіндік үлес қосты. Ол бас редактор болып тұрған кезінде «Жұлдыз» журналының таралымы 220 данаға жетті. Қазақтың тарихи-көркем ойлау жүйесінің қалыптастыруда бұл басылым зор ықпал жасады. Жас әдебиетшілер мен жазушыларды тәрбиелеуге зор мән берді. Ұлттық прозадағы жаңа тақырыпты игеруге жол салды. «Құрмет» белгісі орденімен және өкімет мақтау грамоталарымен бірнеше рет марапатталды. Қазақстан жазушылар одағының басқармасының секретары болған он үш жылдың ішінде қазақ сөз өнерінің дамуы мен оны насихаттауға сүбелі үлес қосты. Қазақ әдебиеті деңгейінің халықаралық беделге ие...


* * *
Әкем мен Бекең кеткесін келесі жылы Айтуар дейтін әппақ көзі алақандай немеремнен айрылып қалдым. Сол жылы 18-ге толып бойы өсіп кетті (180 см), әкесі аяғына 46-шы размер крассовки әперген. Өзі бір керемет әзілқой, жүрген жерінде бәрімізді күлдіріп, қызық әңгіме, анекдоттарды айтатын (бізді жыламасын деп). Өзі керемет шебер бала еді, маңдайымызға сыймай кетті. Шешесі Әсияға күмістен неше түрлі сақина, білезік,мойынына тағатын өңір соғып берген және портреттерге рама жасайтын. Кететін жылы гипстен адамның (бас-бейнесін) басын жасады, оны тырнаққа жағатын перломутровый лакпен бояп атын «хамелеон» деп қойды. Әлгі басты оң жағынан қарасаң – күлімдеп тұрған адамның әп-әсем түрін көресің, ал сол жағынан қарасаң – зұлымдықтан түрі бұзылып, қасарысқан адамды көресің. Жас болсада адамның осындай хамелеондық бейнесін көрсеткенге біз таңғалып риза болық.

Баладан айрылып қалғасын, маған келіп көңіл айтып, жұбатқан коллегаларым:



  • Сафура Кузыргалиевна! За что Вас так Господь наказал? Вы же токого не заслуживаете, - дегенде, мен көз жасымды тиып алдым да

  • Это не наказание, а испытание, которые я должна выдержать, чтобы не сойти с ума, не озлобиться на весь мир, поддержать детей своих. Я должна быть не только счастливой, но как и все испытать горечь разлуки, потерю близких. Это закон природы: Бог дал – Бог взял.

* * *
1999 жылы жазда отпускіге шыққасын Бекеңнің столына келіп, соңғы кезде жазып жатқан қағаздарын ақтарып отырсам жап-жақсы дүние сияқты. Әрі ойланып, бері ойланып Тұрсын Жұртбаев деген жігіт ойыма түсті: білімді, парасатты, көп нәрсені білетін, жан-жақты, бірақ сонысына өзі мақтанбайтын, қарапайым, скромный.

Бекеңмен үйге келіп тұратын «Беке-ай, күнде осындай тамақ ішесіз. Не деген бақытты адамсыз»- деп Бекеңді мәз қылатын.

Сол жігіт М.Әуезовтың мұражайының директоры еді, телефон соғып ойымды айттым, компьютерге теретін қызды бірге ертіп кел дедім.

Қағаздарды қарап отырды да: «Сәке, мынау біткен, жұмыс. Тіпті кітаптың атын, тарауларының атын жазып кетіпті» - деп, қағаздарды рет-ретімен қойып қыздың қолына ұстатты. Біраздан кейін қыз жұмысты бітіріп, Тұрсынға көрсетіп үйге әкелді.

Сол бойда (тамыз айы еді) Мұхтар Мағауинге телефон соқтым.



  • Мұқа, Бекеңнің бір жұмысын (еңбегін) реттеп қойдым. Қашан апарайын?

  • Бүгін әкеліңіз.

Барған бойда қарап:

–Жеңеше, тоғызыншы номерге жіберем – деді.

Сөйтіп, Бекеңнің тағы бір естелік-романы сәті түсіп жарық көрді(«Жұлдыз» журналы, 1999ж. №9-10, 11-12 номерлерде).

Аты «Қас пен көздің арасында».

2001 жылы «Жұлдыз» журналының №2 санында Мұхтар Мағауиннің «Зұлымдық шежіресі» деген мақаласы жарияланды. Ол Бекежан Тілегеновтың үш романына «Тұйық өмірдің құпиясы», «Қара жел», сексен алтыншы жылға арнап жазған зерттеу мақаласы екен. Мақаланың тақырыбы да, тарауларының аты да «Билік», «Геноцид», «Бүлік», мазмұны да адамның жанын түршіктіретін, қалың ойға түсіретін ғажап мақала. Әлгі үш романды қайта қарап шықтым.

Әлбетте, Бекеңнің жазбаларын ең бірінші мен оқитынмын. Оқып болғасын «Мой гениальный Бекежан!»- десем, Бекең жымиып маған: «Бұныңды ешкім естімесін, саған күледі ғой»- деп маңдайымнан сүйетін.

Бір күні (2003 жылғы қаңтарда) ойыма ой түсіп «Жазушы» баспасында жатқан Бекеңнің «Өмір-өзен» атты романын алайыншы деп баспаға бардым. Ол романды бұдан 14 жыл бұрын Бекең өзі апарып берген.

Раушанов Есенғали деген жігіт, баспаның директоры, жақсы қабылдады. Барған шаруамды айттым.



  • Ендігі жылы Бекеңнің юбилейі ғой (біліп отыр) бір данасын берейін, бір данасы бізде жата берсін. Мүмкін шығарармыз, - деп жылы сөзбен мені шығарып салды. Машинасымен үйге әкелдіріп тастады. Онысына рахмет.

Бірақ, мен ол жігіттің романды шығару қолынан келмейтінін сездім.

Роман шықпады.

Сол күні үйге келгесін «Санат» баспасының директоры Серік Әбдірайымовқа телефон соқтым. Ол да «жата берсін, қайтесіз алып. Мүмкін шығып қалар»- деді. Осы жігітке 1997 жылы Бекең өз аяғымен «Әдебиет – менің Отаным!» атты роман-естелігін апарып бергенде «Беке, сіздің жазғаныңызды шығармағанда кімді шығарамыз?»- деген жігіт әлі күнге дейін шығармады.

Міне «өзі жоқтың – көзі жоқ» деген осы.

Серік мені талай көргенде көзін тайдырып әкетті. Мені танымай қалды ма? Кім білсін? Мен қарттайдым, өңім бұзылды.

Сонымен, Есенғали да, Серік те айтқан сөздерінде тұрмады. Мүмкін қолдарынан келмеген шығар, ал қолдан келмесе – уәде бермеу керек.

Менің бұл жазып отырғаным өкпе-наз емес. Мен ешкімге өкпелемеймін, менің қайран қалатыным жігіт бола тұрып, айтқан сөзінде тұрмағандарына таңғаламын.

Жоғарыда аталған Бекеңнің екі еңбегі де жарық көрді.

«Әдебиет – менің Отаным!» деген естелік-жазбалар Бекең қайтқан 1998 жылы «Жұлдыз» журналының №6,7,8 сандарында жарияланды, ал 14 жыл бойы шықпай жатқан «Өмір-өзен» деген романы 2004 жылы «Жұлдыз» журналының №3,4,5 сандарында шықты.

қазағым бекер айтпайды ғой «Жігіт болсаң – от бол, от болмасаң – жоқ бол» деп. Мұқаң нағыз қазақтың атын шығаратын жігіті екен. У- шусыз, сөйтсем-бүйтсем демей, уәдесін бермей үндемей жүріп Бекеңнің еңбектері жарыққа шығарды.

Жасай бер, Мұқа! Аман бол! Қазағымның атағын шығара бер!

Менің, менің анамның Сізге алғысымыз.

2004 жылы, ақпанның ортасында бала- келіндер бәрі жиналып, әкесінің 70-жылдығын қалай өткіземіз деп ақылдасты. Жылда қалай өткізіп жүрсіңдер, солай болады дедім.

– Жоқ, апатай, олай болмайды –деп Қадыржан айта бергенде телефон шыр ете қалды. Трубканы көтерсем: Мұхтар Мағауин екен.



  • Жеңеше, жаңа Жазушылар Одағында кеңес құрдық. Бекежан Тілегеновты еске алу кешін өткізетін болдық, газеттерге мақала жазылды, шақыру билеттер шығарылды. Сіз оған қалай қарайсыз?

  • Өте жақсы! Положительно.

  • Балалармен ақылдасып, уақытын белгілеңіз. Мамыр айы дұрыс болады ғой деймін.

  • Рахмет, Мұқа. Хабар менен болсын.

Мына Мұхтар біздің әңгімемізді естіп қойғандай звондағанын қарашы,- деп күлдім де жаңағы әңгімені балларыма айтып бердім де. – Вот теперь можно и нужно заказывать ресторан. Бұл ас, арақ-шарап алмайсыңдар дей бергенімде Қадыржан:

  • Жоқ, апатай, асты беріп жүрміз ғой. Бұл жолы біз қазақ әдебиетінің мерекесі етіп өткізуіміз керек. Көкетайдың қаламдастары, достары бір көсіліп рахаттанып қалсын. Арақ-шарап алынды – деді.

  • Сөйтіп 2004 жылы 21 мамырда Қазақстан жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде көрнекті жазушы Бекежан Тілегеновтың туғанына 70 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті.

Кешті Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин ашүты. Қазақстанның халық жазушысы, «Жұлдыз» журналының Бас редакторы Мұхтар Мағауин мерейтой иесінің шығармашылығы мен өмірі жайлы баяндама жасады. (ж-л «Жұлдыз» №11, 2004жыл). Жазушылар Әзілхан Нұршайықов, Сайын Мұратбеков (газета «Жас Алаш»27 мая 2004 год), Қалихан Ысқақов, Ахат Жақсыбаев (газета «Қазақ әдебиеті» за 21 мая 2004 год) және Институт международных профессейдың ректоры, ғалым-сыншы профессор Файзолла Оразаев естеліктер айтып, ақын Шөмішбай Сариев арнау өлеңін оқыды.

Конференц залы лық толды. Келгендерге кітап тарактылды. Өнерлі жас жігіттер домбырамен ән салып, күй шертті. Отырыста Бекең туралы, Әкем туралы қызық естеліктер айтылды. Осының бәрін балалар видеоға түсіріп алды.

Жұрт тарарда менің анам Бекеңнің достарына, қаламдастарына, балаларына батасын берді.

Бекең достарына, балаларына риза болып бір аунап түскен болар. Жатқан жері жарық, жаны жаннатта болсын.

* * *

Мен ер азаматтардай карьера қуған адам емеспін. Бірақ жұмысыма мықты болуға, адал да әділ болуға тырыстым.



Мен атақ пен даңқа қызықпаған, оны керек те қылммаған адаммын.

Мен Хайруллин Құзырғалидай азаматтың қызы болғаныма, жазушы Тілегенов Бекежанның жары болғаныма, балаларымның, келін-немерелерімнің ақмамасы болғаныма өтен қуаныштымын, бақыттымын және мақтанамын. Одан артық мәнсап маған қажет емес.



Осымен жазбам бітті. Артық-кем жерлері болса оқырман қауым мені түсініп кешірер деп ойлаймын.

С.ХАЙРУЛЛИН

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет