Самар тарихи- өлкетану мұражайының 2018 жылдың ІІ--тоқсанында өткізілген іс-шаралар ақпараты
2018 жылдың 5 -6 сәуір айында Чернобыль апатына 32 жыл толуына орай «Чернобыль апаты кеше, бүгін, ертең..... » атты ерлік сағаты өтті. Сынып сағатына Самар бастауыш мектебі және Ж.Болғанбаев лицей мектебінің оқушылары қатысты. 1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз.Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы 26 сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды, оның - 24 біздің жерлестеріміз. Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Онда қазір радиация деңгейі төмендегенмен, қорғаныс шаралары әлі сол қалпында қалып отыр.
Іс-шара соңында оқүшылар Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары көрсетіліп, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, «Чернобыль апаты қазақстандықтардың жүрегінде әлі күнге дейін сақталуда» — деп мұражай менгерушісі Дюсюпова Г.Ж. тәрбие сағатын аяқтады.
Достарыңызбен бөлісу: |