Хакимова Алия Джумагалиевна



Дата01.08.2017
өлшемі46,03 Kb.
#22532
Хакимова Алия Джумагалиевна,

1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі КММ



директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы

Сапалы білім-жаңа форматты ұстаз еншісінде
Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуге тиісті. Мағжан Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп айтып кеткендей тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Мектебіміз 30 пилоттық мектептер қатарындағылардың бірі. Жалпы мектепте Қазақстан Республикасының педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша 16 мұғалім оқыту курсын аяқтап сертификатталды. 16 мұғалім жұмыс істеуде. Сонымен қатар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 26 мұғалім курстан өтті.

Жақсы мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуал­ды, шығармашылық әлеуеті мол тұлға екендігі барлығыңызға белгілі. Қазіргі уақытта осы талаптарға сай білімді ұрпақ қалыптастыру жолында мектебіміздің ұстаздар қауымы жаңа оқыту технологияларын меңгеріп, ақпараттық-коммунникативтік технологияларды жете меңгеру мақсатындағы жұмыстарын кеңінен жүргізуде.Оған айғақ ретінде өткен аудандық семинар. Аудандық семинарға білім бөлімінің әдіскерлері, мектептің директорлары , мектептердің пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, кітапханашылары, технология пәні мұғалімдері қатысты.

«Сапалы білім-жаңа форматты ұстаз еншісінде» тақырыбындағы семинарда ашық сабақтар, шығармашылық жұмыстар мен кітапханашылар жұмыстары көрсетілді. Жаңартылған білім мазмұны бойынша бірінші сынып мұғалімдері ашық сабақтар көрсетті. 1 «А» сынып мұғалімі Сулейменова Г.Т. ана тілі пәні бойынша «Ж дыбысы және әрпі.Сүйікті жануарлар» тақырыбында, 1 «Ә» сынып мұғалімі Мұратова Ж.Е. математика пәнінен «Сандық заңдылықтар» тақырыбында, 1 «Б» сынып мұғалімі Оразбаева А.М. әліппе пәні бойынша «Ә дыбысы мен әрпі.Әуедегі және жердегі серуен» тақырыбында, 1 «В» сынып мұғалімі Арынжанова А.А. орыс тілі пәнінен «Мои друзья (Описание фильма)» тақырыбында, 1 «Г» сынып мұғалімі Жақсыбай А.Қ. әліппеден «Ө дыбысы және әрпі.Табиғатты танимын.Көңілді серуен» тақырыбында сабақтар берілді.

ІІІ базалық деңгей бойынша сертификатталған қазақстан тарихы пәні мұғалімі Қасымова Б.Р. 10 «А» сыныбында «Қимақтар мен қыпшақ мемлекеті», ІІІ базалық деңгей бойынша сертификатталған биология пән мұғалімі Беремжанова Р.Б. 8 «Б» сыныбында «Бұлшықет, оның типтері, құрылысы және маңызы», ІІІ базалық деңгей бойынша сертификатталған орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Рахимбекова Ә.Ж. және тәлімгері қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жұмабаев Д.М.6 «Б» сыныбында «Абай и Пушкин.Русская классика и казахские переводы», ІІІ базалық деңгей бойынша сертификатталған физика пән мұғалімі Жұмагельдина А.С. және тәлімгері Жұмабаева А.А. командалық оқыту бойынша 7 «А» сыныбында «Дененің салмағы.Салмақсыздық»тақырыбында сабақ көрсетті.Ағылшын тілі пәні мұғалімі Зайрбаева А.С. мен жас маман бейнелеу өнері пән мұғалімі Шапиев Д.С. 6 «Ә» сыныбында «Мектеп және мектеп формасы» атты командалық оқыту көрсетті.Ағылшын тілі пән мұғалімдері Абенова Г.Е. мен Торсыкпаева С.К. 1 «А» сыныбында «Жануарлар» тақырыбында командалық оқыту сабағын жүргізді. Музыка пәні мұғалімі Омарова А.А. 1 «Г» сыныбында «Сумен ойнау» тақырыбында сабақ өткізді.Өзін-өзі тану пән мұғалімі Сапар А.А. 1 «В» сыныбында «Менің досым» атты ашық сабақтарын өткізді.

Қытай  философының  «Маған  жәй  айтсаң  –  ұмытамын,  көрсет­сең - есімде  сақтаймын,  ал  өзімді  іс – әрекетке  қатыстырсаң -  үйрене­мін» деген  даналығы  білім   алу­шының білімге  ықыласын  артты­руда, өзіндік  ізденіс  жүргізуді  практикада  жүзеге  асырудың  маңызды  екендігін көрсететінін шығармашылық топтардың жұмыстарынан көруге болады.

Мектеп директоры Мажитова С.С. «Білім беру жүйесіндегі көшбасшылық және менеджмент» тақырыбында шығармашылық жұмысты ұйымдастырып көрсетті. І базалық деңгей бойынша сертификатталған мұғалім Ботаева А.Б. «Оқытудағы көшбасшылық» тақырыбында, І базалық деңгей бойынша сертификатталған мұғалім Шокина Б.Р. мен ІІ базалық деңгей бойынша сертификатталған мұғалім Сулейменова Г.Т. «Дарынды және талантты оқушыларды анықтау» тақырыбында, ІІ базалық деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдер Қабышева С.Б. мен Айтпаева А.Ы. «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары» тақырыбында, ІІІ базалық деңгей бойынша сертификатталған мұғалім Молдатаева А.М. мен тәлімгері Жұмабаев Д.М. «Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында шығармашылық жұмыстар көрсетті. Технология пән мұғалімі Төлеген Қ «Сиқырлы өнер» атты шебер сынып өткізді. «Бастауыш сыныпта оқытудың тиімді тәсілдері» тақырыбында шебер сабақты бастауыш сынып мұғалімі Ишанова Қ.Т. мен ІІІ базалық деңгей бойынша сертификатталған мұғалім Сулейменова С.О. өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Мектеп кітапханашылары «Мектеп кітапханасының оқушының оқу сауаттылығын арттырудағы рөлі» тақырыбында бірнеше іс-шаралар ұйымдастырып, әріптестерімен бөлісті. Мысалы «Жазушы-сағат», «Карта және қаламгер», «Сөредегі кітаптар», «Тілек ағаш». Мерзімді басылымдарға оқушыларды тарту жолдары туралы айтып өтті. Бірақ осы жұмыстарды жүргізу үшін көп оқып, көп ізденуге тура келеді.



Жалпы жаңа форматтағы ұстаздың жеке бас қасиеттері мен кәсіби шеберлігін біртұтас, тығыз байланысты ұғым ретінде қарастыруымыз қажет. Мұғалімнің жеке бас қасиетінің негізгі мамандыққа тән мынадай іскерлік түрлері қалыптасуы қажет:
-сабақ барысында қолданылатын жаңашыл әдістемелерді анықтау іскерлігі;
-әр оқушының жеке басының қабілетін есепке алу іскерлігі;
-оқушылардың таным қабілетін, өздігінен білімін, іскерлігі мен дағдысын жетілдіру іскерлігі;
-жаңашыл әдістемелердің мүмкіндігін мақсаткерлікпен пайдалана білу іскерлігі. Осындай іскерлік дағдылары қалыптасқан жеке бас қасиеттеріне ие болған ұстаз ғана жаңа оқыту технологияларын оқушыларды жаңа білім талаптарына сай оқытуда жетістіктерге қол жеткізеді.

Сапалы білім беру үшін жаңа форматтағы ұстаз - өз ісінің шебері болуы тиіс. Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті, өз пәнін терең білетін, өзіне тиісті ғылым және мәдениет салаларымен жақсы таныс, психологиялық мәселелерін практикалық түрде талдай білетін , ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып тәрбиелеу мен жаңаша білім беру әдістемесін терең меңгерген маман. Тек осындай қасиеттерге ие болған ұстаз ғана еліміздің жарқын болашағы болып табылатын білімді де тәрбиелі, жаңашыл ұрпақты тәрбиелей алады деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет