Халел досмұхамедов



бет1/20
Дата05.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#1694
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ



Троцкийдің: «Сталин қазақтың жауапты қызметкерлерін бір-біріне қарсы қойып, қырқыстыру арқылы бұл халықты зиялылардан айырды» – дегенге саятын пікірі ақиқат. Бұрын бұған жазалау саясатының көп қитұрқысының бір тәсілі ретінде қарайтын едік. Құпия құжаттармен дендеп танысқан сайын мұның нақты және ең аяр саясат екеніне көзіміз жетті. Және Каширин, Якубовский, Альшанский сияқты кәнігі арандатушыларды олардың соңына тұрақты түрде салып қойған. Олар үш айда, жарты жылда, жыл аяғында есеп беріп, арандатудың жаңа тәсілдерін алдын-ала қарастырып, жансыздарды дер кезінде «сіңіріп» отырған.
Бұл құрыққа түспеген қайраткер жоқ екен. Сәкен сияқты «ақындардың аққуы» да өзін-өзі ақтау орайында сондай қадамдарға барғаны және ондай мәліметтерді саяси науқандардың қарсаңында 1925 жылы 19 сәуірде, 1937 жылдың басында жазған. Алғашқысы Голощекиннің келуінің, ал екіншісі үлкен «ғарасат майданының қарсаңы. Біз соның ішінде Д.Әділевтің көрсетіндісінде айтылатын бір оқиғаға ғана тоқталамыз. Үкімет төрағасының орнынан түскеннен кейінгі С.Сейфуллиннің Сталинге жазған хатында:
«...Айналып келгенде, Қазақстанды оңшыл элементтер билеп алды, ал «Алашордашылар» қол шапалақтап отыр. Дәйек үшін үлкен мәні бар елеусіз бір оқиғаны келтірейін. Бүкіл Қазақстан тұтастыққа ие боп, Жетісу мен Сырдария облыстары қосылғаннан кейін өткен Ақмешіт (Перовскі) қаласындағы Ү жалпықазақ құрылтайына үлкен маңыз берілді. Құрылтайдың ашылғанына екі-үш күн өткен соң менің бір жолдасым: мәжіліс өтіп жатқан залдың төріндегі қызыл тудың жанына «Құраннан» алынған аят жазылған Досмұхамедов басқарған Батыс алашорданың туы қойылыпты – деді. Мен сенбедім. Бірақ та қызыл тулардың ортасында жасыл тудың тұрғанын есіме алдым. Кейбір жолдастар реніштерін білдірді. «Алашорда» туы алынды. Кейін: бір орыс қызметкері білместікпен іліп қойыпты – деп түсінік берілді. Құрылтайдың техникалық жағын жоғары білімді адамдар басқарды емес пе» – деп мағлұмат берді.
Ал «мәжіліс өтіп жатқан залдың төріндегі қызыл тудың жанына «Құраннан» алынған аят жазылған» Алаш туының орналасуы және оның Халел Досмұхамедовтің есімімен нысандалуы тарихи тағзым еді. Өйткені «Алаш Алаш болғалы, Алаша хан болғалы», «Керегеміз – Ағаш, Ұранымыз Алаш!» болғалы қазақтың тәуелсіздігін империя өкілдері Ленин мен Сталиннің алдында мәселе етіп қойып, баспасөз арқылы:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет