10-1-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның спорттық медицина мәселелері бойынша құзыреті 1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган: 1) спорттық медицина ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады; 2) республикалық спорттық медицина ұйымдарының басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады; 3) уәкілетті органға спорттық медицина ұйымдарының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (тоқтату) туралы ұсыныстар енгізеді; 4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорттық іс-шараларға дайындалуын медициналық қамтамасыз етуге қатысады; 5) спорттық медицина ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді; 6) халықтың дене бітімі дамуының деңгейін айқындайды; 7) спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру тәртібін әзірлейді және бекітеді; 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша: 1) спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету тәртібін әзірлейді және бекітеді; 2) спорттық медицина ұйымдарының құрылымын және олардың қызметі туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді. Ескерту. 2-тарау 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2014 N 229-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).