Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған


-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары



бет12/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары

1. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары:


1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;


2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


3) медициналық көмектің барлық түрін көрсету;

4) инновациялық медициналық технологияларды байқаудан өткізу, оларды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына енгізу және трансферттеу;


5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізуге қатысу;


6) стандарттарды әзірлеуге және оларды денсаулық сақтау ұйымдарына енгізуге қатысу;


7) консалтингтік, ақпараттық-консультациялық, электрондық және басқа да қызметтерді көрсету;


8) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;


9) денсаулық сақтау саласындағы жобаларға қатысу;


10) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.


2. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан ақпарат сұратуға және алуға құқылы.


Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет