Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған



бет69/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

89-бап. Балалардың құқықтары

1. Әрбір баланың:


1) денсаулық сақтау жүйесінің уақтылы әрі тиімді қызметтерін және ауруды емдеу мен денсаулықты қалпына келтіру құралдарын пайдалануға;


2) денсаулық сақтау саласында білім алуға;


3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қарап-тексерілуге және динамикалық байқалуға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге, сауықтырылуға және вакцинация алуға құқығы бар.


4) паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін алуға құқығы бар.


2. Балаларды стационарлық емдеу кезінде:


1) үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беріліп, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігі жасалады;


2) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.


3. Мектеп жасындағы балалардың стационарлық, қалпына келтіру емін алу кезеңінде стационар, оңалту орталығы, санаторий жағдайында үздіксіз білім алуға құқығы бар.


Стационарлық балалар бөлімшелерінің және мамандандырылған стационарлық медициналық балалар ұйымдарының пациенттеріне ойын ойнау, дем алу және тәрбие жұмысын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалады.


4. Мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ АИТВ жұқтырған балалардың білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.


АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың балалар үйлерінде және жалпы мақсаттағы өзге де медициналық және оқу-тәрбие ұйымдарында болуға құқығы бар.


5. Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін уәкілетті орган бекітеді.


Ескерту. 89-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 30.06.2017 № 80-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет