Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған


-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу



бет15/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу

1. Көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығына бағалау жүргізу және біліктілігінің сәйкестігін растау, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау және білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау үшін денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау саласында аккредиттеуге жатады.


2. Аккредиттеу ерікті сипатта болады және аккредиттелетін субъектінің қаражаты есебінен және тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.


3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу олардың қызметiнiң уәкiлеттi орган бекiтетiн аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiн сыртқы кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi және тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде ескерiледi.


Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.


4. Алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


5. Аккредиттеуді уәкілетті орган не уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргізеді.

6. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады және аккредиттелген субъектілердің деректер банкін қалыптастырады.


Аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.


Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет