Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған


-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек



бет39/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

46-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек

1. Консультациялық-диагностикалық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер қолданылатын көмек.


2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.


Ескерту. 46-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



47-бап. Стационарлық көмек

1. Тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып ұсыну нысаны стационарлық көмек болып табылады.


2. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиісті күтім жасалуын және олардың тамақтануын қамтамасыз етеді.


3. Стационарлық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.


Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



48-бап. Стационарды алмастыратын көмек

1. Медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып ұсыну нысаны стационарды алмастыратын көмек болып табылады.


2. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.


Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет