102-бап. Контрацепцияныпайдалану 1. Азаматтардың контрацепция, оның ішінде медициналық контрацепция әдістері мен құралдарын таңдауға, сондай-ақ олардан бас тартуға құқығы бар. 2. Азаматтарға денсаулығының жай-күйін, жасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, контрацепцияның қолайлы әдістері мен құралдарын жеке іріктеу жөніндегі медициналық көмек көрсетіледі. 103-бап. Хирургиялық стерилизациялау 1. Қаламаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретінде хирургиялық стерилизациялау отыз бес жастан асқан немесе кемінде екі баласы бар азаматтарға қатысты, ал медициналық көрсетілімдер мен кәмелеттік жастағы азаматтың келісімі болған жағдайда - жасына және балаларының бар-жоғына қарамастан жасалуы мүмкін. 2. Хирургиялық стерилизациялауды денсаулық сақтау ұйымдары, жекеше медициналық практикамен айналысатын, осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлғалар осы операцияның біржола жасалатыны туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, азаматтың жазбаша келісімі бойынша ғана жүргізеді. 3. Хирургиялық стерилизациялауды жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді. 103-1-бап. Химиялық кастрациялау 1. Химиялық кастрациялау – медициналық ұйым сот шешімі негізінде жүзеге асыратын, жыныстық құмарлықты азайтатын препараттарды қабылдау. 2. Пайдаланылатын дәрілік препараттың түрін, оны сот белгілеген қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасының қолданылу мерзімі шеңберінде енгізу кезеңділігін, сондай-ақ аталған шараны қолдану тәртібін Бас прокуратурамен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды. Ескерту. 17-тарау 103-1-баппен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).