135-1-бап. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекіткен тізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Осы бапқа сәйкес медициналық көмек: 1) осы Кодекске сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде; 2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Осы баптың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес медициналық көмек көрсеткені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар медициналық көмекті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзге де денсаулық сақтау субъектілерінде алуға құқылы. Ескерту. 22-тарау 135-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.06.2017 № 80-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
136-бап. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтарға медициналық көмек көрсету 1. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтар медициналық көмекті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алады. 2. Иондандырушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Ескерту. 136-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).