Халық педагогикасындағы имандылық пен адамгершілік тәрбиесі


"Тәрбие басы — тал бесік" атты музыкалы-драмалық қойлым



бет11/13
Дата30.04.2024
өлшемі325,5 Kb.
#201617
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
kur -halyq-pedagogikasyndagy-imandylyq-pen-adamgershilik-tarbiesi

2.2 "Тәрбие басы — тал бесік" атты музыкалы-драмалық қойлым


"Тәрбие басы-тал бесік" деген тақырыптағы музыкалы-драмалық қойылым, ашық тәрбие сағаты ретінде өтті. Бұл қойылым оқушыларға ата-салтымыздың ұмыт бола бастаған әдет ғұрпымызды дәріптеу, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу болды. Сыныптағы 25 оқушыны 5 топқа бөлдім. Бірінші топ: Сүйінші сұрау
Балаға ат қою:
- көрініс.
Екінші топ: Бесік, бесік жыры, бесік той:
- көрініс
- жырын айту.
Үшінші топ: Шілдехана тойы:
- көрініс
- жырын айту.
Төртінші топ: Тұсау кесу:
- көрініс
- жырын айту.
Бесінші топ: Такырыпқа сай:

  • мақал- мәтелдср

  • әндер

  • өлендер.

Тәрбие басы- тал бесік.
(музыкалы- драмалық қойылым).
Мақсаты: Ұлттық, дәстүр-салттар нәрінен сусындауына, тәлім-тәрбие, тағылымдарын адамгершілік қасиеттердің өнегелі үлгісі ретінде бойына еркін сіңіруіне мүмкіндік туғызу. (Залмен, сахнада домбыраның сазды үні ойнап тұрады).
Киіз үйдің керегелері жартылай тігіліп, үй жиһаздарын безендіріледі. Ұлттық киім киген кемпір, шал, ұл-қыздары, келінде: үй жұмысымен айналысып отырады. Төрт бес бала асық ойынының қызығына түсіп жатады.
Көрнекті жерлерге халқымыздың өсиет сөздерімен, ақындардың жырларынан үзінділер жазылып, ілінеді. Мысалы: "Ұлы бар үйде, қуат бар, қызы бар үйде – шуақ бар», «Өз базарың өз балаң, ол қызық озбаған", "Бала бауыр етің", «Бақыттың басы – баладан, баланың нәрі — анадан", "Ағаш жапырағымен қымбатты, ал, ұрпағымен қымбатты, "Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады", "Перзент көздің нұры, жүректің жыры", т.б. Жүргізуші қыз, жігіт сақнаның бір бөлігінде жекеленген столда отырады. Оркестр сахнаның бір шетіне жайғасады. Домбыраның сазды үні шырқап тұрады.
Жүргізуші қыз:
Қуанып жан жүрегім қақ жарылып,
Қәсірет басымдағы қалды арылып.
Ұл көріп, ұлы дүбір той жасаймыз,
Атқан соң маңдайымнан тақ жарылып,
(Оркестр Түркештің "Көңіл ашар" күйін тартады. Екі оқушы қуанып, сүйінші сүрайды. Үй иелері қуанышқа бөленіп жатады).
Жүргізуші жігіт:
Дүниеге нәресте келгенде сүйінші сұрау, ат ерттеп,
жол жүруі ағайын туысқандарды қуанышқа бөлендіру,
болып табылған. Сүйінші беру – еңбекті бағалаудың бір
түрі ғана емес, қуанышты, жақындықты білдіру.
Жүргізуші қыз:
Күн келген бейбіт көгінде,
Ғажайып байтақ елімде.
"Балалы үй-базар" тегінде
Бақытың - бала - сенің де.
Бақыты — бала — оның да ,
Бақытым - балам менің де.
"Бал бөбегім" (сөзі Б.Тәжібайевтікі, әні Р.Байкоңыровтікі әні орындалады.
Жүргізуші жігіт. " Балаға ат қою". Басқа халықтардан ерекшелігі қазақ аттарынық көптігі — соның әсері болар, азан шақырып ат қояды. Ат қойғанда туыс адамдар аттары қайталанбау керек. Ұлаттары ерекше көп болған, қыз аттары нәзік сұлулыққа көркемделген аттың өзіне тиіс тәрбиелік мәні бар. Ат қоюдағы ырымдар: "Жаман" аттардың кез тимесін", "тіл тимесін" деген оймен қойылуы ерекше. Негізінен, ат қоюдағы тілек – есім адамның өмірлік серігі, онда жақсылық, денсаулық, байлық сұранады.
(Қуандық, Өмірзақ, Құнанбай, Ұзақбай, Жақсылык т.б.
Киіз үйде жас нәрестеге ат қойылып тойлап жатады).
Жүргізуші қыз:
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген бір мұрат.
Жүргізуші жігіт: "Бесік". Бесіктің қазақ өмірінде алатын орны ерекше. Көшпелі өмірге ыңғайлы болған. Балаға жайлы орын, тазалығын, денсаулығын сақтауда маңызы зор.
Жүргізуші қыз: "Бесік той", Қазақ халқы қызды аса жоғары құрметтеген. Сол себептен, өсіп, өнсін деген үмітпен, ізгі ниетпен бесікті нағашысы әкеледі. Бесікті саудаласпай сатып алады. Ағайын арасында бесікті тегін беру дәстурге айналған. Баланы бесікке салу ауыл балаларына, жақындарға арналатын көңілді той. Әр түрлі ойындар ойнатылады. Мысалы: ауыл қариясы қолына қамшы алып, бесікке мінеді, сөйтіп, "Қоқанға барам", "Қоқанға барам " деп айнала отырған адамдарды қамшылайды.
(Бесікке салу кәдесі жасалады). "Бесік жыры орындалады. "Бөбек бөлеу" І.Жансүгіровтің (ана жыры).
Жүргізуші жігіт:
Ақылға терең бойламай,
Базарық жайлы ойламай.
Ажарың жайлы ойламай,
Балалар жайлы ойламай.
Болашақ жаплы ойламай,
Бақытты болу - қайда — ай.
Жүргізуші қыз: "Шілдехана тойы" - халқымыздың қастерлі тойларының бірі. Шілдехана тойы бала туған бір жеті өткенде немесе бала қырқынан шықса соң өткізілетін дәстүр. 40 күндік өмір боланың дамуындағы белгілі бір кезең, ежелгі дәстур бойынша нәресте қырқынан шығарылғанда, халықтың өз нанымы бойынша қыз бала, қырық, ал ұл бала отыз күннен соң-ақ қырқынан шығарыла береді.
Жүргізуші жігіт :
Ата — апалық - үлкен сын,
Бала өсіру үлкен өнер.
Жақсылардың соңынан,
Жарқын қыз бен ул ерер.
"Сәби болғым келеді"
(сөзі М.Мақатасвтікі әні Т.Рахимовтікі) әні орындалады.
Жүргізуші қыз: Жаңа өмірге іңгәләп келген жас нәрестенің буыны бекіп, сүйегі қатая бастаған шақта, ата-ана қуанышының айғағындай болған шілдехана тойы өткізіледі. Бұл жиында дүниеге келген нәрестенің өміріне құттықтау айтылып, оның бүкіл тіршілігін қайғысыз, уайымсыз өткізіп, жақсы өмір кешуіне жүрек жарды тілектер, жылы лебіздер білдіріледі. (әр түрлі әндер айтылып, ойындар ойналып, шілдехана тойы өтіп жатады).
Жүргізуші жігіт:
Жылы сөзге сәби де мәз боп қалады,
Жылы сөзге қарт та мәз боп қалады.
Әр адамға бір жылы сөз тауып айт,
Жабықпасын, жарқылдасын жанары.
Жүргізуші қыз: "Тұсау кесу "- баланың қаз тұрып, той-той басып жүре бастауына жасалатын салт. Тұсау кесу жүріс тұрысы жеңіл, елгезек адамды таңдайды, себебі, бала да сондай болсын деген мақсатпен жүре бастаған бала аяғына ала жіптен тұсау салынады, оны белгілеген абам кеседі.
(Тұсау кесу рәсімі көрсетіледі).
Жүргізуші жігіт:
Қаз-қаз, балам, қаз балам
Қадам бассаң мәз болам.
Тұсауыңды кесейін,
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Тәй-тәй, қаз-қаз,
Қадамыңды бас-бас!
"Түеау кесер" (өлеңі мен әнін жазған С.Медеубеков) әні орындалады.
Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін жас ұрпаққа насихаттауға арналған "Тәрбие басы-тал бесік" атты музыкалы-драмалық қойылым аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет