Халық шаруашылыгындагы маңызы, таралуы, өнімі



бет3/9
Дата30.05.2020
өлшемі169 Kb.
#71792
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Айым отчет по практике 3 курс жимолость
замок
1.1 Ботаникалық сипаттамасы
Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі.

Оны вегетативті түрде (түйнек, көзше, бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен – қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрі көбейтіледі. Тұқыммен кобейтілгенде картопта күндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбейтілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Картоп бүтасы бірнеше сабақтардан құралады. Өсімдігі қосжарнақты, әлсіз дамыған тамыр жүйесін қалыптастырады (бүкіл картоп өсімдігі массасының 6–7 %, ал астық дақылдарында ол көрсеткіш – 20–25 %) және топырақтың

60 см қабатында орналасқан.

Картоптың жер асты сабағының ұштары жуандап түйнекке айналады.

Түйнектерде көзшелер бұранда тәртібімен орналаскан (кеңірдектелген жапырактар). Картоп түйнегі маңызды биологиялық қасиеті – тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұқымдық материалды келесі өніміне

зиян келтірмей күзгі-қысқы кезеңде сақтауға мүмкін береді. Тыныштық күйін ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Ортадан кеш пісетін және кеш пісетін сорттарының тыныштық күйі ерте және орташа мерзімде пісетіндерге карағанда ұзағырақ. Қысқы сақтау ережесін (тәртібін) дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6–7 ай бойы көктемей жақсы сақталады.

Түйнектер өне бастағанда тыныштық күйдегі өркен-көзшелерден өскіндер түзіледі, олар жарықта қысқа және жасыл, ал қараңғыда – ұзын және түссіз болады. Өскіндерден картоп қоректік заттармен бір мезгілде, үздіксіз және қажетті мөлшерде қамтамасыз ету қажет.

Картоп өсімдігінің қоршаған орта факторларына талабы тіршілігінің әр

кезеңінде бірдей емес. Оның үстіне, әр фактор басқа жағдай қалыптасқанда басқаша әсер етеді, міне сондықтан өсу жағдайларына қоятын талаптарын тереңірек оқып-үйреніп және өсімдіктердің оларға қажетсінуін ескеру абзал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет