БҰҰ жүйесі мекемелері
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ)
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ)
Халықаралық еңбек ұйымының негізі 1919 жылы қаланды. БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымы бола отырып, ХЕҰ бірегей үш жақты құрылым болып табылады. Ұйым шеңберінде жұмыс берушілер мен жұмысшылардың бірлестігі үкіметпен бірге тең дауыстарға ие.
Лайықты еңбек мәселелері бойынша техникалық қолдау тобы және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін ХЕҰ бюросы (2010 жылдың сәуіріне дейін – Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін ХЕҰ субаймақтық бюросы) Мәскеуде 1959 жылдан жұмыс істейді және Қазақстанды қоса алғанда, ХЕҰ-ның он елдегі қызметін үйлестіреді.
2012 жылғы 1 қазаннан ХЕҰ Бас директоры - Гай Райдер (Ұлыбритания). 2014 жылғы 1 маусымнан Ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық бюросының директоры Хайнц Коллер (Германия) болып табылады.
1993 жылы Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының мүшесі болды. 2011 жылы ХЕҰ Әкімшілік кеңесіне сайланды.
Қазақстан 2009, 2012, 2013 және 2014 жылдары ХЕҰ Бас конференциясының жыл сайынғы отырыстарына жоғары деңгейде қатысты. Қазақстандық делегацияларды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі басқарып отырды.
Өз кезегінде, ХЕҰ Аймақтық бюросының директоры жыл сайынғы Астана экономикалық форумында белсенді түрде қатысып келеді.
Елдегі ХЕҰ қызметі лайықты еңбек ұлттық бағдарламасының негізіне қаланған. ХЕҰ «Қазақстан Республикасында әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы» стратегиялық құжатын әзірлеуге айтарлықтай үлесін қосты. Оны іске асыру үшін ХЕҰ халықтың біршама мұқтаж бөлігіне атаулы әлеуметтік (АӘК) көмек көрсетудің қазақстандық жүйесін жақсарту бойынша шараларды да қабылдады. Әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттік саясатына ең төмен күнкөріс деңгейі жүйесін біріктіру мақсатымен ХЕҰ елде ТК есебі жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізіп отыр. Еңбек саласында негізін қалаушы принциптер мен құқықтарды алға ілгерілету және еңбек заңнамасын халықаралық стандарттармен үйлестіру үшін ХЕҰ Еңбек туралы заң мен ҚР Еңбек кодексін (2007 жылы қабылданды) әзірлеуге көмектесті. ХЕҰ жұмысшылардың, жұмыс берушілер мен үкіметтің мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік әріптестік институтының қалыптасуына жанжақты қолдау көрсетуді жалғастырып отыр. Елде ХЕҰ-ның белсенді қатысуы кезінде ұлттық күзет жүйесі мен еңбек қауіпсіздігі мен еңбек инспекциясын жаңғырту жүргізілді. Кәсіпорындарда еңбекті қорғау комитеттерін құра отырып, «ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001» еңбекті қорғауды басқару жүйесі енгізілді. 2004, 2008 және 2015 жылдары ХЕҰ конвенциялары мен Еуропалық Одақ актілерінің негізінде еңбекті қорғау жүйесі мен еңбек инспекциясына салыстырмалы талдау (аудит) жүргізілді. Жұмыспен қамту заңы мен Халықтың жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеуде консультативтік көмек көрсетілді. Көші-қон саясаты тұжырымдамасы мен Көші-қон туралы заң жобасына түсініктемелер берілді.
Елімізде ХЕҰ қолдауымен әлеуметтік қамту, еңбекті қорғау, көші-қон, балалар еңбегі, әлеуметтік әріптестік саласында жобалар іске асырылды және әлі де жалғасып отыр.
Қазақстан барлық негізін қалаушы конвенцияларды қоса алғанда ХЕҰ-ның 24 конвенциясын, оның ішінде негізін қалаушы (сегіз) және еңбек қауіпсіздігі (төрт) саласындағы конвенцияларын бекітті.
БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ)
1992 жылы ақпанда Балалар қоры мен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы балалар жағдайын бағалауды өткізу үшін тәуелсіз Қазақстанға бірінші миссиясын ұйымдастырды. Бұл барлық балаларды қызылша және полиомелитке қарсы иммундау миссиясы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы қызметіне негіз болған бірінші жобасы болды. 1994 жылы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдігін ұйымдастырғаннан кейін ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің тұрақты бағдарламасы бойынша жұмысы басталды.
ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен күшінің нәтижесінде Мыңжылдық даму мақсаттарының (МДМ) алғашқы үш мақсатына жету саласында өрлеуге жетті. 2007 жылы ҚР Үкіметі ұлттық артықшылықтар мен статистиканың талдауы негізінде құрастырылған қосымша мақсаттары бар «МДМ плюс» күн тәртібі бойынша міндеттемелерді өзіне алды.
1994 жылы 25 қарашада қол қойылған ҚР Үкіметі мен БҰҰ Балалар қоры арасында ынтымақтастық туралы негізгі Келісім 2001 жылдың 10 сәуіріндегі № 176-ІІ ҚРЗ Заңымен бекітілді.
2000 жылдың қыркүйегіндегі Мыңжылдық Саммитте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев «Балалар саудасы, балалар зинақорлығы және балалар порнографиясына қатысты балалар құқығы туралы» Конвенцияға және «Балалардың қаруланған қақтығыстарға қатысуына байланысты балалар құқығы туралы» факультативтік протоколға қол қойды.
Астанада 2014 жылдың 18 ақпанында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Джун Кукита және Адам құқығы бойынша өкілетті Асқар Шакиров Қазақстандағы Балалар құқығын қорғау және ынталандыру саласында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Қазақстандағы ЮНИСЕФ қызметі келесі үш негізгі бағытқа шоғырланады:
1. Әлеуметтік саясат және білімді басқару.
ЮНИСЕФ балалар мен әйелдер, сонымен қатар маргиналдық және осал топтардың жағдайына қатысты ақпаратты жинауда қолдау көрсетеді.
Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігі ұлттық даму бағдарламасы, стратегиялар, қазақстандық заңнама және балалар мен әйелдер құқығына қатысты қоғамдық бастаманы қамту және ықпал ету саласын зерттейді.
2. Денсаулық және балалар мен жасөспірімдердің дамуы.
2002 жылдың маусымында Қазақстан полиомелиттен еркін ел ретінде Дүниежүзілік Сақтау Ұйымымен және ЮНИСЕФ-пен сертификатталды.
3. Балаларды қорғау.
Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау саласында отбасыны сақтау, әлеуметтендіру және сауықтыру бойынша оларға мерзімді көмек көрсету мақсатында қаупі бар топтағы отбасын ерте анықтау мәселелері шешілмеген болып табылады.
ЮНИСЕФ жақын болашақта Қазақстандағы, әсіресе шалғай аудандар мен осал қауымдастықтарда өмір сүретін балалардың өмірін жақсарту, сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау саласында ҚР заңнамалық жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарын жалғастырады.
Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО)
ЮНЕСКО-ның негізгі мақсаты – халықтардың білім беру, ғылым және мәдени салалардағы әріптестігін барлығының бірдей әділдік, заңдылық және адам құқықтарына деген мүддесін, сондай-ақ нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамай БҰҰ-ның Жарғысында жарияланған негізгі бостандықтарды қамтамасыз ету жолымен әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға көмек беру болып табылады.
ЮНЕСКО-ның Жарғысы 1954 жылғы қарашада қабылданып, 1946 жылы 4 қарашада күшіне енді.
ЮНЕСКО – арнайы құрылған ЮНЕСКО істері бойынша үкіметтер мен Ұлтық комиссиялар арқылы мүше-мемлекеттермен әріпестікі жүзеге асыратын БҰҰ жүйесінің жалғыз халықаралық ұйымы. Қазіргі таңда әлемде 198 Ұлтық комиссия бар, олардың мақсаттары мен қызметтері ЮНЕСКО және ЮНЕСКО істері бойынша Ұлтық комиссиялардың Жарғыларында белгіленген.
ЮНЕСКО құрамына 195 мемлекет (2011 ж. қабылданған Палестинаны қосқанда) және 9 қауымдастырылған мүше-мемлекеттер кіреді. Онымен қатар, ЮНЕСКО-ның түрлі елдерде 50 құрылымдық бөліністері бар. Париж қ. 184 мемлекеттің ЮНЕСКО жанында тұрақты өкілдіктері бар. Штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. ЮНЕСКО-ның жетекші органдары:
Бас конференция – ЮНЕСКО-ның ең жоарғы жетекші органы, сессияға екі жылда бір рет жиналады. Әрбір мүше-мемлекет бір дауысқа ие. Конференция ЮНЕСКО-ның бағдарламасы мен бюджетін бекітеді, Атқарушы кеңес белгілеген маңызды мәселелер бойынша шешемідер қабылдайды.
Атқарушы кеңес құрамына 58 мүше-мемлекет кіреді. Атқарушы кеңес сессияға жылына бір рет жиналады, Бас конференцияның жұмысын әзірлігін жүзеге асырады және оның шешімін орындауда жауапты болады.
Хатшылық ЮНЕСКО-ның орындаушы органы болып табылады. 4 жылғы мерзімге сайланған (бұрын 6 жылға сайланатын) Бас директордың басқаруымен Хатшылық қабылданған Бағдарламаны жүзеге асырумен айналысады.
Бас директордың қызметін қазіргі таңда Бас конференцияның 2009 ж. 35-сессиясы барысында сайланып, Бас конференцияның 2013ж. 37-сессиясы барысында екінші мерзімге қайта сайланған Ирина Бокова (Болгария) атқаруда.
Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 ж. 22 мамырда мүшелікке енді. ЮНЕСКО-мен белсенді әріптестікке және әлемдік қауымдаыстыққа бірігуге ерекше ден қоя отырып, 1993 ж. Ұйыммен өзара қарым-қатынаста негізгі бағыттарды анықтайтын ҚР СІМ жанынан ЮНЕСКО ісі бойынша ҚР Ұлттық комиссиясы құрылды. 1993 жылдан 2014 жылдың сәуіріне дейін Ұлттық комиссия Төрағасы И.Н.Тасмағамбетов болды, ал 2014 жылғы 11 сәуірден бері Ұлттық комиссияны Мәдениет және спорт минстрі А.Мұхмедиұлы басқарып келеді. 2008 жылғы 13 қарашадан бері Ұлттық комиссияның Бас хатшысы – ҚР СІМ департаменті директорының орынбасары А.Утегенова.
ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдігі болып 2013 жылғы қарашадан бері Н.Даненов болып табылады. Бұған дейін ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдігі қызметін О.О.Сүлейменов атқраған болатын.
ҚР мен ЮНЕСКО арасындағы әріптестік Алматы қаласында ЮНЕСКО Кластерлік Бюросын ашу туралы Келісім (1995 ж.) негізінде жүзеге асырылады.
ҚР – ЮНЕСКО қамқорлығымен өткен халықаралық 14 конвенцияның қатысушысы.
ҚР-ның белсенді әріптестігінің ықпалымен ЮНЕСКО 2001 ж. Алматы қаласындыағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросына өңірлік статус беру туралы шешім қабыдады. 2010 ж. мен 2015 ж. аралығында ОА бойынша ЮНЕСКО Кластерлық Бюросын РФ өкілі С.Лазарев басқарды. Қазіргі таңда Кластерлік Бюро басқарушысының м.а. А.Шевелев болып табылады.
Әріптестік жылдарында бірқатар мынадай маңызды сапарлар болды:
1995 ж. Қазақстанға ЮНЕСКО Бас директоры Федерико Майор келді.
1995 ж. қараша айында Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтеріне сапармен барды.
ЮНЕСКО Бас директоры Коичиро Мацуура Қазақстанға 1999 жылғы маусымда және 2001 жылғы тамыз айында келді. Бас директор, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының ІІ Съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты (2006 ж. 12-14 қыркүйек).
2008 ж. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ЕврАзЭс Бас директоры Т.Мансуров және Бас директордың орынбасары М.Баробоса ЮНЕСКО және ЕврАзЭс Хатшылықтары арасында өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.
2009 ж. 1-2 маусымында Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының ІІІ Съезіне ЮНЕСКО Атқару кеңесінің Бас директоры Олабий Бабалола Жозеф Яй қатысты.
2012 жылғы мамырда Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының ІV Съезіне ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Бокова Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді. Сапар барысында ол ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен, ҚР Парламентінің Сенатының Төрағасы – Съезд Хашылығыныың Басшысы Қ.Мәмимен, ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановпен және Ұлттық комиссия Төрағасы, Астана қ. әкімі И.Н.Тасмағамбетовпен кездесті. Барлық деңгейде ЮНЕСКО мен ҚР арасындағы әріптестік пен әрі қарайғы даму бойынша барлық бағыттар жоғары бағаланды.
И.Бокованың екінші ресми сапары 2013 жылғы тамызда Халықаралық мәдени жақындастықтың он жылдығын ұлықтау (2013-2022 жж.) жағдайы бойынша Халықаралық форумына қатысуы аясында болды.
2015 жылғы 10-11 маусымда Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының V Съезіне Халықаралық диалог бойынша ЮНЕСКО Бөлімінің басшысы А.Прайс қатысты.
Қазақстан – 2001 жылғы 31-сессияда құрылған ЮНЕСКО Бас Конференциясының Орыс тілді тобының (18 ел) төрағасы.
Бүгінгі таңда Қазақстан ЮНЕСКО-ның мынадай органдарын кіреді:
- 2013-2017 жылдарға Бүкіләлемдік мұралар комитеті;
- 2013-2017 жылдарға «Адам және биосфера» Бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесі;
- 2013-2017 жылдарға Коммуникацияны дамыту халықаралық бағдарламасының Үкіметаралық кеңесі;
- 2013-2015 жылдарға «Барлығы үшін ақпарат» Үкіметаралық кеңесі;
- 2015-2019 жылдарға Халықаралық гидроглогиялық бағдарламасының Үкіметаралық кеңесі.
БҰҰ Бас ассамблеясы жариялаған 2010 жылы Халықаралық мәдени жақындастық жылы (ХМЖЖ) аясында ҚР бастамасымен мүше-мемлекеттер, халықаралық және өңірлік серіктестер және ЮНЕСКО Хатшылығы дүние жүзі бойынша 1000-нан астам іс-шара өткізді.
ЮНЕСКО жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігі ХМЖЖ асянда 2010 жылғы 18 қарашада Париж қ. әлемдік дамуға өз үлесін қосқан Ұлы отандасымызға арнап «әл-Фараби және Еуропалық өркендеу» атты дөңгелек үстел өткізді.
2011 жылғы 25 қазан мен 11 қарашада өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-сессиясы болды өтіп, оған Ұлттық комиссия төрағасы И.Тасмағамбетовтың басқаруымен ҚР делегациясы да қатысты.
ЮНЕСКО Бас конференциясы Алматы қаласында әлемдегі мұздықтардың еру процесін зерделейтін алғашқы орталық болып табылатын ЮНЕСКО қамқорлығындағы өңірлік мұзтану орталығын (2-санат) құру бастамасын бекітті. Орталықтың ашылуы ЮНЕСКО Бас директоры орынбасарының келуіне орай 2012 жылғы 12 желтоқсанда өтті.
Сондай-ақ Бас конференция мақсаты ЮНЕСКО-ның «21 ғасырдағы жаңа ізігілендіру» әлемдікқұрылыс жаһандық диалогы мен стратегиясына жәрдемдесу және ХМЖО оңкөзақарасты импульсты сақтау болып табылатын ҚР-ның (27 елмен тең авторлық) 2013-2022 жж. Халықаралық мәдениет жақындастығының онжылдығы туралы бұрыштамасыеа қолдау көрсетті. 2012 жү 17 желтоқсанда Қазақстанның аталған бастамасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-сессиясында да қолдауға ие болды, ол ХМЖО-ны әлемдік деңгейде өткізу бойынша барлық мүше-мемлекеттердің, халықаралық ықпалды үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды, атақты мәдениет, ғылым қайраткерлерін тарта отырып ЮНЕСКО-ға БҰҰ-ның жетекші мекемесі рөлін жүктеді.
2013 жылғы қарашада Ұлттық комиссия төрағасы И.Тасмағамбетовтың басқаруымен ҚР делегациясы ЮНЕСКО Бас конференциясының 37-сессиясына қатысты. Бас конференцияның алаңы ҚР халықаралық негізгі бастамаларын дамыту және ел кандидатурасын ЮНЕСКО-ның беледі органдарына ұсынуда тиімді пайдаланылды. Мүше-мемлекеттер Қазақстанның ХМЖО іс-шара жоспары және Ұлы Жібек жолы бойынша ЮНЕСКО онлайн платформасын жылжыту туралы бастамасының бұрыштамасын бір ауыздан қабылдады. Қвазақстан ұсыныстарының жобасының уақытылы әрі мазмұнды презентациясының нәтижесінде ЮНЕСКО-ның 2021 жылға дейінгі ортамерзімдік стратегиясына енді.
2014 жылғы сәуірде ЮНЕСКО Атқарушы органы тиісті ХМЖО мақсаттарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бектіп, мынадай 4 негізгі тақырыпқа басымырақ назар аудару ұсынылды: 1) мәдени, этникалық, тілдік және діни түрлілікті өзара түсінісу және екіжақты танысуға көмектесу; 2) жалпы құндылықтарды нығайту үшін плюралистикалық негіздерді құру; 3) сапалы білім мен ақпарат құралдары арқылы мәдениетаралық диалогтардың құралдары мен принциптерін тарату; 4) мүдделі тұрақты дамуға және оның эикалық, әлеуметтік және мәдени аспектілерінің диалогына жәрдемдесу. ЮНЕСКО мәдениеттердің жақындастығын дамытуға ықпал ететін өзекті жаһандық және өңірлік бастамалардың есебін жүргізеді. ХМЖО стратегиясында ірі халықаралық форму ретінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының Съезіне айтылады, ол қазақстандық бастаманың беделіне және рөлінің көтерілуінде ерекше маңызды болып табылады. ЮНЕСКО-ның ұсынысымен Ұлттық комиссия жыл сайын ХМЖО аясында Ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бектеді.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының V Съезі аясында ХМЖО тұжырымыдамасын кең аудиторияға таныстыру масқатында ЮНЕСКО шығарған «Agree to Differ» (Түрлендіруге келісу) кітабының презентациясы болды. Басылым ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және ЮНЕСКО Бас директоры И.Бокованың үндеулерімен басталады. Қазақстанға арналған жеке блогта ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың, Қазақстан халықтарының ассамблеясы төрағасының орынбасары А.Башмаков пен О.Сүлейменовтың мақалалары бар.
Бас конференцияның 36-сессиясының шешімімен Палестина ЮНЕСКО-ның 195-ші мүше-мемлекеті болды. Осыған байланысты АҚШ пен Израиль ЮНЕСКО-ға салымды доғару (АҚШ үлесі- бюджеттің 22%) туралы хабарлады. 2011 жыл мен 2015 жыл аралығында Қазақстан ЮНЕСКО-ға Донорлық көмектің төтенше қорына, ХМЖО және Алматы қ. ЮНЕСКО кластерлық Бюросының қызметіне ерікті салым түрде 1 млн.АҚШ долларынан астам қаражат салған.
Қазақстан ұлттық және бүкіләлемдік мәден, табиғи мұраларды сақтау мен қорғау, әлемдік мәдениетті және күштемеуді көтермелеу мақсатындағы бағдарламалардың іске асырылуына ерекше мән береді.
ЮНЕСКО-ның Бүкіәлемдік мұралары тізіміне 4 аталым: Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі (2003 ж.), Тамғалы археологиялық ландшафтының петорглифтері (2004 ж.), «Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері» аталымы асяында Қорғалжын және Наурызым қорықтары (2008 ж.), сондай-ақ «Жібек жолы: Чаньань-Тянь-Шань коридоры бағыттарының желісі» Қытай және Қырғыз Республикаларымен бірлескен сериялық траншекаралық аталым аясында сегіз қазақстандық объекті (Алматы облысындағы – Қаялық, Арқамерген, Талғар қалашықтары, Жамбыл облысындағы – Степнинское, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек қалашықтары) кірген (2014 ж.). Жапонияның қаржылық қолдауының арқасында көне Ортырар қаласының сақтау жобасы жүзе е асырылды. 2014 ж. қыркүйекте қырғыз және өзбек тараптармен бірлесіп ЮНЕСКО Бүкіләлемдік Мұра Орталығына «Батыс Тянь-шань» трансшекаралы аталамы жолданды.
ЮНЕСКО-ның атаулы күндер және оқиғалар күнтізбесіне: А.Құнанбаевтың туылғанына 150 жылдығы, М.Әуезовтің 100 жылдығы, Түркістан қаласының 1500 жылдығы, Мұхамед Хайдар Дулатидың 500 жылдығы, С.Мұқанов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдығы, Тараз қаласының 2000 жылдығы, Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы, ғалым Әлкей Марғұланның 100 жылдығы, Әбілхан Қастеевтің туылғанына 100 жылдығы, композитор А.Жұбанов пен ғалым А.Машанидің 100 жылдығы, «Қыз Жібек» эпосына 500 жылдығы, ғалым У.Ахмедсафиннің 100 жылдығы (2012 ж.), режиссер және актер Ш.Аймановтың 100 жылдығы (2014 ж.), жазушы І.Есенберлиннің 100 жылдығы (2015 ж.), мемлекет қайраткері Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығы (2016 ж.), Алматы қ. 1000 жылдығы (2016 ж.) және Қожа Ахмет Яссауидің қайтыс болғанына 850-жыл (2016 ж. Түркиямен бірлескен өтінім).
2004-2011 жж. «Мәднеи мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған.
ЮНЕСКО-ның «Әлем естелігі» халықаралық құжаттық мұра реестерінде ҚР-нан Қожа Ахмет Яссауи және оның шәкірттерінің қолжазбасы, «Невада-Семей» ядроға қарсы өалықаралық қозғалысының архвитік материалдары, сондай-ақ «Арал теңзінің архивтік қорлары» бар. 2012 ж. А.Фирдоусидің «Шахнама» қолжазбасының түрік нұсқасы ұсынылды.
2014 жылғы қарашада Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне алғашқы ұлттық өтінім «Домбыра күйін орындау өнуері» және Қырғыстанмен бірлескен «Киіз үйді жасау машықтары» аталымы енді. 2015 жылғы 2 желтоқсанда Репрезентативтік тізіміне қазақстан-қырғыз бірлескен «Айтыс/Айтыш, суырып салма өнері» аталымы кірді. Шешім ЮНЕСКО Үкіметаралық комитетінің материалдық емес мұраларды қорғау туралы 10-сессиясы аясында қабылданды (НАмбия, Вндхук қ., 2015 ж. 30 қараша-4 желтоқсан). 2016 жылы ЮНЕСКО ҚР қатысуымен бірқатар көпұлтты «Наурыз»(12 ел), «Құс салу» (18 ел), «Түрік пәтір наны» (Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан және Түркиямен) және ұлттық өтінім «Қазақша күрес» өтінімдерін қарауды жоспарлауда.
2008 ж. ЮНЕСКО-да ҚР бастамасымен «Халықтардың ұлы қоныстануы» алғашқы халықаралық конференциясы өтті. 2011 жылғы желтоқсанда Колумбия университетінде (Нью-Иорк қ.) «Халықтардың ұлы қоныстануы: Американың Колумбқа дейінгі қоныстануы» 2-конференциясы, 2013 жылғы желтоқсанда Корей Респуликасында «Оңтүстік-Шығыс Азия және Алыс шығыс қоныстануы» 3-конференциясы, 2014 жылғы желтоқсанда Испанияда «Еуропаның қоныстануы» 4-конференциясы өтті. 5-конференцияны 2016 ж. Түркияда өткізу жоспарлануда. 2014 ж.бері «Халықтардың ұлы қоныстануы» ХМЖО өткізу бойынша ЮНЕСКО іс-қимыл жоспарына енген.
«Тұрақты даму мақсатында білім беру» Бағдарламасы шеңберінде ҚР 100 мектеп «Экомектеп» бағдарламасын іске асыруда, 800 мектеп георгафи; химия және физика пәндеріне оқытуда SPARE (тұрақты энергетика) жобасының материалдарын қолданады. ҚР 28 мектеп ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептері сертификатын алған. 2013 жылғы сәуірде Алматы қ. Ұлттық комиссия «ХМЖО аясында ҚР қаумыдастырылған мектептер, клубтар және кафедралардың әлеуетін нығайту бойынша форум (2013-2022 жж.)» өткізді, ол ЮНЕСКО қаумдастықтарының ҚР-да даму процесіне ерекше импульс берді.
ЮНЕСКО кафедралары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (журналистика және тұрақты даму бойынша), Абай ат.ҚазҰПУ (педагогика бойынша) және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ (толеранттылық бойынша) құрылған.
30 клубтың басын қосқан ЮНЕСКО клубтарының қазақстандық федерациясы 2011 жылғы тамызда ресми түрде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік клубтары, орталықтары және ассциациялары қатарына енді.
2010 ж. Ә.Қастеев атындағы Алматы көркем сурет өнері және техникалық дизайн мектебінің базасында Орталық Азиядағы алғашқы көркем суреттен білім беру бойынша ЮНЕСКО-ның ҚР өңірлік обсерваториясы құрылды.
Ғылым саласындағы әріптестік ЮНЕСКО-ның 3 жаһандық бағдарламасы «Халықаралық гидроглогиялық бағдарлама», «Адам және Биосала», «Биэтика» бойынша жұмыс істейтін үш ғылыми ұлттық комитеттердің бағыты бойынша жүзеге асырылады. ҚР БҒМ Георграфия институты ҚР су, қар және мұздық мәселелерінің барлық аспектілерін қамтитын 20 сала бойынша бірқатар зерттеулерді жүзеге асырды.
ЮНЕСКО-ның «Адам және Биосала» бағдарламасымен ЮНЕСКО-ның Бүкләлемдік биосалалық резерваттар желілері аталымына дайындау бойынша Ұлттық комитет тұрақты түрде жұмыстар жүргізіледі. Ұлттық комитеттің қазіргі құрамы жұмыс атқару кезінде 2011 ж.бері аталған желіге 5 қазақстандық биослалақы резерват: «Қорғалжын» (2012 ж.), «Алакөл» (2013 ж.), «Қато-қарағай», «Ақжайық» (2014 ж.) және «Ақсу-Жабағылы» (2015 ж.) кірді. ҚР және РФ шекаралас аумағында «Алтай» трансшекаралы биосалалық резерватын құру туралы мәселе пысықталуда.
Ақапарат және коммуникация саласында жұмыстар атқарылып жатыр. 2009 ж.бері ЮНЕСКО Алматыдағы Бюросы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң жобасы жұмысына белсенді қатысты. 2010 жылғы қыркүйекте Астана қ. ЮНЕСКО «Нұр Отан» ХДП, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары бойынша комиссия және БҰҰДБ бірлесіп, «ҚР ақпаратқа қол жеткізу: жағдайы және болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 2012 ж.қазанда Алматы қ. Азиядағы тәуелсіз және плюралистикалық БАҚ-ты дамытуға жәрдемдесу туралы Алматы декларациясының 20 жылдығына орай халықаралық конференция өтті.
2011 жылғы қырыкүйекте Астана қ. өңірдің Ұлттық комиссиясының 1-іс-шарасы болған Орталық Азия елдерінің ЮНЕСКО Ұлттық комиссияларының өңірлік жиналысы өтті.
2012 жылдың күзінде Астана қ. «Астана – түркі әлемінің мәдени астанасын» мерекелеуге орай Түріксой елдерінің ЮНЕСКО ісі бойынша Ұлттық комиссияларының үшінші жиналысы өтті.
2013 жылғы 23 тамызда Астанада әлемдегі танымал саяси, мәдени және ғылым қайраткерлерінің, ЮНЕСКО, БҰҰ басшыларының қатысуымен Халықаралық мәдени жақындастықтың онжылдығын ұлықтау (2013-2022 жж.) жағдайы бойынша халықаралық форум өтті.
2013 жылғы 14-16 қазанда Алматыда ЮНЕСКО аясында Ұлы Жібек Жолы бойынша әлем бойынша алғашқы кешенді онлайн платформаның ресми жұмыс істеуіне орай Ұлы Жібек Жолы бойынша халықаралық форум өткізілді. Форумға 20 елден шетелдік сарапшылар, қазақстандық танымл ғалымдар қатысты.
2013 жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың шешімімен ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Бокова жоғарғы мемлекеттік награда «Достық» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысының атынан жоғарғы мемлекеттік награданы Ұлттық комиссияның Төрағасы И.Тасмағамбетов 2014 жылғы сәуірде табыстады.
2014 жылғы 22-24 маусымда Астана қ. әріптестікті нығайту мақсатында барлық өңірлердің (Араб мемлекеттері, Африка, Азия және тынық мұхиты, Еуропа және Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Кариб бассейні) Ұлттық комиссияларын жиналған ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиялардың Бірінші өңірлік жиналысы өтті. Шара жұмысына Ұлттық комиссиялардың 125 елдегі өкілдері, сонымен қатар АЛКЕСО, МИЦАЙ және ТЮРКСОЙ бақылаушылары қатысты.
Жиналыс барысында Ұлттық комитеттінің экс төрағасы Астан қ. әкімі И.Тасмағамбетов ЮНЕСКО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ Ұлы Жібек Жолының мұраларын сақтаудағы үлесі үшін ЮНЕСКО-ның құрметті медалімен марапатталды.
Қазақ өнері мен мәдениетін танымалдандыру аясында ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерде тұрақты түрде концерттер мен көрмелер өтіп отырады (2013 ж сәуірде «Ұлы дала сарыны» концерті, 2013 ж.қыркүйекте Қарағанды обл. Тәттімбет ат. Қазақ академиялық ұлт аспаптарының оркестрінің қойылымы, 2013 ж. қазанда А.Исмаилованың сурет көрмесі, 2014 ж. мамырда «Қазақ елі классик» гала концерті, 2014 ж. желтоқсанда Атырау обл. Д.Нұрпейісова ат. Академиялық ұлттық оркестрінің концерті, жл сайын өзге елдермен бірлесіп «Наурызды» мерекелеуге арналған мәдени бағдарлама).
ЮНЕСКО-ның «Әлем әртісі» атағын А.Мұсаходжаева (1998 ж.) «Спорт бойынша ерікті елші» құрметті атақтарын С.Сәпиев (2013 ж.) алды. 1999 ж. маусымда Астан қ. Астан қ. ЮНЕСКО «Әлем қаласы» премиясына лайықты деп таныды.
2015 ж. 15 сәуірде ЮНЕСКО Штаб-пәтерінде Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықова мен Бас директор И.Бокова Халықаралық түрік академиясы Қазақстан, Әзірбайжан және Түркия мемлекеттерінің тұрақты өкілдіктерімен бірлесіп ұйымдастырған «Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі» шарасына қатысты.
2015 ж. 6 қарашада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Францияға сапары аясында Ұйымның құрылуына 70 жылдығына арналған ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясына қатысты.
ЮНЕСКО Бас директоры И.Боковамен екі жақты кездесуінде және пленарлық отырыстағы өзінің сөз сөйлеуінде мемлекет басшысы ЮНЕСКО Біріккен Ұлттар отбасы «мәдени және табиғи мұраларды сақтау, сондай-ақ білім беру, ғылым және коммуникация саласында халықаралық әріптестікті кеңейтуде» ерекше рөлге ие екендігін атап өтті. ҚР Президентінің мәдениетаралық диалог, терроризммен күрес, Бейбітшілік пен тұрақты дамуды қолдау бойынша халықаралық академия мен ЮНЕСКО қамқорлығымен Астанада мәдениет жақындастығы орталығын құру туралы бастамасы Басконференция делегаттары тарапынан жоғары бағаланды.
2015 жылғы 24-25 қарашада Алматы қаласында 12 елдің қатысуымен «Жібек жолы» сериялық трансшекаралы аталымы бойынша Үйлестіру комитетінің төртінші отырысы өтті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына 1992 жылдың 19 тамызда қосылып, осы ұйымның 180-ші мүше мемлекетті болды. Географиялық тұрғыдан біздің еліміз ДДҰ-ның Еуропалық аймағына кіреді. Қазіргі уақытта ұйымға 194 мемлекет мүше болып табылады.
Алайда, Қазақстан 1978 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында өткен Алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша ДДҰ/ЮНИСЕФ-тің халықаралық конференцисынан кейін әлем деңгейінде мойындалды.
1994 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы денсаулық сақтау саласындағы техникалық және консультативтік ынтымақтастық құру туралы негіздемелік келісімге қол қойды. 1993 жылдың шілде айында Алматы қаласында Қазақстанмен байланыстар бойынша ДДҰ офисі ашылды. Қазіргі уақытта Астана қаласында ДДҰ-ның офисі жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік Қазақстандағы бюросы және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі арасында 2014-2015 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі екі жылдық келісімге қол қойлған. Бұл құжат Еуропалық өңірлік комитетінің 62-сессиясында қабылданған Денсаулық -2020 - Еуропадағы жақсы денсаулық, сондай-ақ, денсаулық сақтау саясат негізіндегі ұғымдар, принциптер мен құндылықтарды белгілейтін ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының жаңа болжамына сай келеді. Денсаулық-2020 стратегиялық іс-қимыл бағыттары келесі төрт салаға бағытталған: адам өмірі мен азаматтар құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мүмкіндіктерінің барлық кезеңдеріне денсаулыққа инвестициялау; жұқпалы аурулар және жұқпалы аурулар байланысты аймақтағы ең өзекті мәселелерді шешу; адамдардың қажеттіліктеріне бағытталған денсаулық сақтау жүйесін нығайту және төтенше жағдайларға дайын болуды қамтамасыз ету.
Қазақстан мен ДДҰ арасында іскерлік қарым-қатынас орнатылған. Қазақстан ДДҰ-ның Копенгагендегі аймақтық кеңсесі және Женевадағы штаб-пәтерімен екі жақты ынтымақтастықтың серпінді дамуына ерекше көңіл бөледі. Біздің еліміз «Туберкулезді тоқтату» бойынша жаһандық әріптестікке қолдау көрсетеді. ДДҰ-мен бірге қабылданған туберкулезді қысқартуға арналған шаралар елімізге оң ықпалын тигізді.
Ана мен бала денсаулығын сақтау сұрағы ұлттық басымдықтардың бірі болып табылады. Ұзақ дайындалу кезеңінен кейін, 2008 жылдың қаңтарында Қазақстан өмір сүру және өмір үшін балалардың құқықтарын қорғау саласында өз саясатын растай отыра, тірі және өлі тууды бағалау бойынша ДДҰ және ЮНИСЕФ ұсынған халықаралық критерийлерге көшті.
2014 жылдың 21 мамырында Женевада өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының 67-ші сессиясы шеңберінде Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Алғашқы медикалық-санитарлық көмек бойынша географиялық алшақ офисінің ашу туралы келісімге қол қойып. Бұл офис 2015 жылдың ақпан айында ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ж.Якабтың Қазақстанға сапары барысында ашылды.
Осы офистің қызметі Еуропа өңірінде енгізілетін озық технологияларды пайдаланумен қатар, Еліміздің денсаулық сақтау әлеуетін қалыптастыруға және Қазақстандағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейін әлемдік озық тәжірибеге сай бейімдеуге оң септігін тигізеді.
ДДҰ-мен ынтымақтастықты нығайтуға Женевада өтетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының және ДДҰ Еуропа аймақтық комитетінің отырыстарына қазақстандық делегациясының қатысуы ықпал етеді.
Қазақстандық өкіл 2015-2018 жылдарға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады.
Қосылған : 4.12.2013, 19:26, Өзгертілген : 14.08.2014, 19:52
Достарыңызбен бөлісу: |