Халықаралық ғылыми-практикалық конференция келесі бағыттарда жұмыс жүргізеді: Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері



Дата08.09.2017
өлшемі31,75 Kb.
#31797
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық хат

2016 жылдың 7-8 сәуірі күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Шымкент университетінің 15 жылдығы аясында «Білім және ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» тақырыбында жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция келесі бағыттарда жұмыс жүргізеді:

- Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері;

- Бәсекеге қабілетті мамандарды педагогикалық және психологиялық тұрғыда даярлаудың технологиясы туралы;

- Қазіргі заманға сай үштұғырлы тілдік ортаны қалыптастыру мәселелері;

- Қазақстан тарихы: Тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл;

- Жүз нақты қадам: Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет бағдарламасын жүзеге асырудағы әлеуметтік-гуманитарлық, құқықтық мәселелер.



- Ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми ізденістер;

- Индустриалды-инновациялық дамудағы экономика, есеп, және қаржы механизмдерінің негізгі мәселелері.


Жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты:

Қазақстан 2050 стратегиясы аясында бәсекеге қабілетті маманды даярлауда білім мазмұнын инновациялық ақпараттармен қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибелерін зерделеу және ұлттық құндылықтарды дамыту жолдарын айқындау.

Конференция үш тілде: қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Баяндама мәтіні 5 беттен аспауы, Windows-та терілуі, шрифт Times new Roman, кегль-12, 1-аралық қатармен жазылуы тиіс. Сол жақ жоғары бұрышында ӘОЖ (УДК) индексі қойылып, келесі жолдан мақала тақырыбы бас әріптермен, келесі қатардан автордың аты-жөні, келесі қатардан ғылыми жетекшісінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, мекеменің аталымы, қызметі жазылады. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан мақала мәтіні басталады. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінінде пайдалану ретімен тік жақша арқылы көрсетіледі. Түйіндеме қазақша мақалаға орысша-ағылшынша, орысша мақалаға қазақша- ағылшынша, ағылшын тіліндегі мақалаға қазақша-орысша беріледі.

Конференцияға берілген баяндамалар ғылыми жинақ ретінде басылып шығарылады. Конференцияға қатысу үшін жас ғалымдар, магистранттар мен студенттер, мектептің ғылыми-шығармашылық жұмыспен айналысатын жоғары сынып оқушылары шақырылады.

Конференцияға қатысу үшін 2016 жылдың 01 сәуіріне дейін баяндама мәтіні (қағаздағы және электрондық нұсқасымен) тапсырылуы тиіс. Ұйымдастыру жарнасы – 2000 теңге.


Ұйымдастыру алқасының мекен-жайы: Шымкент қаласы. Тассай ауылы, Жібек жолы көшесі, н/ү. Шымкент университеті, 2 этаж, 253 бөлме. Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы 8-775-676-76-75. E-mail: nnmank@mail.ru
Мақаланы дайындау үлгісі:


ӘОЖ (УДК)

МАҚАЛАНЫҢ АТЫ

Автордың аты-жөні

Ғылыми жетекшісінің аты-жөні мен ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі
Мақаланың мәтіні....

Әдебиеттерге сілтеме келтірілген деректен кейін тік жақшаға алынып, әдебиеттер тізіміндегі нөмірі бойынша көрсетіледі [1].

........мақаланың соңы.
Әдебиеттер

Молдабек Қ. Қатысым әдісі: теориясы мен әдістемесі. – Шымкент, 2011. –22-26 бб.


Түйіндеме

Екі тілде берілген аннотация 6-8 қатардан аспауы тиіс.


Мақаланың көлемі 5 беттен аспауы тиіс, шрифт Times new Roman, шрифт мөлшері – 12, 1-аралық қатармен жазылады. Беттердің параметрі(поля) – сол жағынан 2,5 см қалған жақтарынан 2 см қалдырылады.



Мақала мәтіні өңделмейді және жинаққа тікелей көшіру арқылы орналастырылады. Конференция талабына сай келмейтін мақалалар жинаққа кірмейді.
Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет