тур (төл, өсіп-өну),
түремек/төремек (көбеймек, тұқымы
көбеймек) сөзқолданымдары, ескі шумер тіліндегі «тұқым, ұл, бала» мәніндегі
тур
сөзі бұдан да алыс уақытты меңзейді. Шумер және түрік тілдерінің ежелгі байланы-
стары мәселесімен 1947 жылдан бері айналысып келе жатқан зерттеуші, Вашингтон,
Пенсильвания университеттерінде жұмыс жасаған, шумер-түрік мәселесі бойынша та-
лай халықаралық жиындарда, осы сала бойынша ең беделді ғалымдардан жинақталған
ғылыми орталарда баяндама жасаған танымал тілші-ғалым Осман Недим Туна ескі шу-
мер тіліндегі мәтіндердегі түрік тілінен енген кірме сөздер құрамын (168 сөз) анықтай
отырып, түріктердің біздің заманымыздан бұрынғы 3500 жыл көлемінде (ескі шумер жаз-
балары заманында), яғни қазіргі кезеңнен 5500 жыл бұрынғы кезде қазіргі Түркияның
шығысында тұрғандығын, сол кездің өзінде түрік тілінде өзара ерекшеленетін екі топтың
(шығыс түркі, батыс түркі) болғандығын дәлелдеген еді [4]. Ғалымның әлем тілдерінің
даму заңдылықтарын ескере отырып түзген глоттохронологиясы бойынша, ешқандай
диалектіге бөлінбейтін «алғашқы түрікше» немесе «ана түрікше» тілдің жалпы жасы
бұдан екі есе әріге кетеді. Яғни шамамен он бір мың жылды құрайды. Аталған жайттар-
ды ескерер болсақ, түркі тілдер тобының қолданым уақытының біз білетін көне
түркі жазбалары заманынан әлдеқайда ұзаққа баратынын байқауға болады. Ол замандарда
байырғы түркілерде шумер жазуының, одан да басқа жазу түрлерінің қолданыста бо-
луы ғажап емес. Қалай болғанда да, түркі тілдерінің ұзақ даму сатысынан өткендігі, де-
мек, бұл жолда ежелгі жазу түрлерін пайдаланғандығы дау тудырмайды. Бір өкініштісі,
түркі тілдерінің глоттохронологиясы, тарихи грамматикасы мен этимологиясы бойын-
ша ұланғайыр тілдік материалмен үлкен уақыт пен кеңістік аралығында жұмыс жасай
алатын айрықша жоғары білікті мамандар шықпай отыр. Түркі тілдерінің байырғы-
бергі жай-күйін зерделеу үшін В.М.Иллич-Свитыч,Т.В.Гамкрелидзе деңгейіндегі тілші-
ғалымдардың болуы қажет-ақ...
Қазіргі кезеңдегі тіл саясатына келер болсақ, латын графикасына көшуді қолдаған
жөн болмақшы. Кирилл графикасының заманы өтіп бара жатыр. Себебі ол шағын
аймақта қолданылатын, қолданым уақыты мен кеңістігі шектеулі графикаға айна-
лып отыр. Оның болашағы жарқын деп айту қиын. Кезінде қазақ тәрізді «бұратана»
халықтардың жазуына осы графиканы бейімдеген Н.И.Ильминский сияқты
миссионерлердің айтып кеткен болжамы бойынша, бұл жазу мәңгілікке қалуы тиіс
еді. Алайда, олай болмайтындығы анықталып келеді. Жақында Қазақ хандығының
550 жылдығын тойладық. Шындығында, сол мерзімнің 450 жылында қазақ арасында
басқа халық, өзге тіл болған жоқ. Таза қазақы орта болды. 1914-15 жылдары, Столыпин
реформасының жүзеге асырылуы нәтижесінде қазақ арасына «қарашекпендер» қаптап
кетті. Сол кезден бергі кезеңде орыс тілді ортаның орасан зор әсеріне ұшыраса да, өз
еркінен тыс бірнеше рет графикасын өзгертсе де, қазақ тілі өз табиғатын сақтай алды.
Бұның өзі тіліміздің құдірет-күшінің алапат екендігінен хабар береді. Сондықтан латын
графикасын қолданған кезде де тіліміз өз болмысын жоғалтпақ емес. Одан сескенудің
қажеті жоқ. Күнделікті жазу құралымыздың жақсы болғаны абзал. Латын графикалы
жазу – қазіргі кездегі ең оңтайлы, заманауи құрал болып табылады. Латын графикалы
жазуға көшу барысында мынадай төрт принципті берік ұстану қажет деп ойлаймыз.
Олар:
қазақ тіліндегі грамматикалық (фонетикалық, морфологиялық) заңдылықтың
201
сақталуы, латын жазуындағы графикалық заңдылықтың сақталуы, әліпбидегі ұлттық бет-бейненің сақталуы, әліпбидегі түркілік бет-бейненің сақталуы. Одан
арғы кезеңдегі, болашақтағы жазу-сызуымыздың мәселесін келешек ұрпақтың өзі
шешетіні даусыз.
Әдебиеттер:
1. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі (Қазақ терминологиясының негіздері). Алматы‚ 1997.
2. Зайончковский А. К изучению средневековых памятников тюркской письменно-
сти (XI-XVI вв.) // Вопросы языкознания, 1967. №6. С.10-14.
3. Türkҫe sözlük. 2 cilt. – Ankara, 1988.
4. Tuna O. N. Sümer – Türk Dillerinin Tarihi İlgisive Türk Dilinin Yaşı meselesi. Elazığ,
1989.