Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет99/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   165
Біз қазіргі 
жағдайда солай істей аламыз ба? Иә, әрине, болады, бірақ бізде әлі де нақты әліпби 
жобасы ұсынылмауы мұндай қадамдар жасауға кедергі болуда.
  «Бұл мақалаларда 
кирилл жазуының артықшылықтарын анықтап көрсету, түсіндіру мақсаты болды. Ал 
жаңа алфавитті қабылдауға қарсы көзқарастардың ескерілмегені, кирилл алфавитіне 
көшуге  совет  үкіметінің  көп  кедергісіз  қол  жеткізгенін  1941  жылғы  «Социалистік 


209
Қазақстан» газетінде жарияланған  Қазақ ССР жоғарғы Советі Президиуымының Ука-
зынан байқауға болады : 
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы
1941 жылғы 1 сентябрьден бастап, орталау және орта қазақ мектептерінде, пе-
дагогика ВУЗдарында және Қазақ ССр Оқу халық комиссариатының училищелерінде 
кейбір пәндерді қазақтың жаңа алфавитімен оқытатын болу туралы
Қазақ ССР-ның Оқу халық Комиссариатына 1941 жылғы 1 сентябрден бастап ор-
талау және орта қазақ мектептерінің Ү-Х кластарында, педагогика училищелері мен 
ВУЗдарында кейбір пәндерді, сонымен қатар орталау және орта орыс мектептерінің 
Ү кластарында қазақ тілін қазақтың жаңа алфавитімен оқытуға рұқсат етілсін.
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Председателінің орынбасары 
И. Лукьянец
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиуымының  секретарі үшін – Жоғарғы Совет 
Президиуымының мүшесі – Қ. Байұзақов 
Алматы қаласы, 18 август 1941 жыл»
 [5, 65-68 бб.]. Орыс графикасы негізіндегі 
қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясының жобасы СССР Ғылым академиясының 
Қазақстандағы филиалының қазақ тілі секторында С.А.Аманжоловтың басшылығымен 
жасалып, ғалым авторлығымен 1940 жылы латын графикасымен емле ережелері жарық 
көреді. Бұл емле ережесінде түрлі емлелік ережелер ұсынылды. 1940 жылғы қарашада 
Қазақстан  Республикасының  Жоғары  Кеңесіне  жаңа  әліпби  жобасын  ұсынылды 
[6, 248 б.]. Қазіргі бізге етене таныс қазақ орфографиясының негізгі ережелері осы 
еңбекте тұжырымдалды. С.Аманжолов әзірлеген орыс графикасына негізделген қазақ 
әліппесі  мен  орфографиясының  жобасы  1940  жылы  қарашада республика  Жоғарғы 
Кеңесі тарапынан қабылданды.  Ресми нұсқасы 1953 жылы газеттерде жарияланып, 
көпшіліктің  талқылауына  ұсынылды.  Кейіннен  профессор  С.Аманжоловтың  «Орыс 
алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы» деген еңбегі екі 
тілде, қазақ және орыс тілдерінде, жеке кітапшалар болып басылып шықты. Жаңа ал-
фавитке көшудің себебі, мақсаты мен принциптері, қазіргі қазақ орфографиясының 
негізгі  ережелері  осы  еңбекте  барынша  тұжырымдалды.  Осы  тұста  профессор 
С.Аманжоловтың әліпби мәселесіне деген сыни көзқарасы да көрінеді: «Сөз жоқ, араб 
әліппесіне қарағанда, латын әліппесі баспасөзімізді, оқу-ағарту ісімізді әлдеқайда тез 
алға бастырды. Бірақ 11 жыл қолдану тәжрибесі оның да өрісінің тар, икемі аз екендігін 
айқын көрсетіп отыр. Мұның негізгі кемшілігі: 1. Жаңа сөздерді, терминдерді орыс-
шасындай (өйткені СССР-дегі барлық халықаралық, интернационалдық сөздерді орыс 
тілі арқылы аламыз), жаза алмауымыздың  (мысалы, орыстың 
ц, щ, ч, я, ю, ь, ъ
 дыбыста-
рын дұрыс беру үшін, әрқайсысына екі, үш ереже керек болады) айқындалуында; 2. Со-
нымен қатар орфографиялық (емлелік) ережелеріміздің көптігінде; 3. Орыс әліппесіне 
кей әріптеріміздің (р, п, с, r) ұқсас болып, балаларды шатыстыруында.  Мұның аты – 
алфавитіміз өскен әдеби тіліміздің қасиетін өтей алмайды деген сөз» [6, 253-256 бб.]. 
«Осы жазғы тұрым орталық жаңа әліппе комитеті барлық ұлттарға өзіндегі  
q, o, ә, у, 
ь, ө
 әріптерін алып тастауды ұсынды. Олардың кеміс бөгеті, қолайсыздығы көп. Бірақ 
мұны ұсыну алдында Жаңа әліпби комитеті әр ұлттың ерекшелігімен санаспағандығы 
көрініп тұр», – дейді. - Орыста q, o әрпі жоқ екені рас, оларға ол әріптерді үйрету де 


210
қиын екені рас. Бірақ орыста жоқты жойып, ұлт тіліне балта шабуға бола ма? Әрине, 
оның бәрі еске алынбауы белгілі мөлшерде «солшылдыққа» жатады», – деп жазды [6, 
253-256 б.].  
1941  жылғы  газеттерде  Жаңа  емлені  (кириллицаны)  таныстыруды  ойластырған 
мақалалар  жарияланып,  кирилл  жазуының  артықшылықтарын  түсіндіру  мақсаты 
көзделді. Айталық, «Соиалистік Қазақстан» газетінің 1941 жылғы 30 январь, №24–
де 
«Жаңа  алфавитті  үйрену»  деген  тақырыппен  мақала  жарияланған:  «Қазақ 
жазбасын  орыс  графикасы  негізіндегі  жаңа  алфавитке  көшіру  мәселесі  бастап 
көтерілгеннен-ақ қазақ еңбекшілері бұған түгелдей қосылатынын білдірді. Өйткені 
мұның економикалық, мәдени дамуымызды тездетуге бейімделген үлкен саяси шара 
екенін  еңбекшілер  бұқарасы  жақсы  түсінген.  Үкмет  қабылдаған  жаңа  алфавитті 
жүзеге  асыру  жөніндегі  шараларды  басқаратын  үкмет  комиссиасының  белгілеген 
шаралары негізінен ойдағыдай орындалып жатыр. Бұл республика жұртшылығының 
мәдениетті игілікті істі жүзеге асыруға ат салысып отырғанынан. ...Жаңа алфавитті 
үйрету жұмысы республиканың мұғалімдерінен басталады. Мұғалімдердің облыстық, 
аудандық курстары, мектептік кружоктары уақытымен өтіп, мұғалімдердің негізгі 
көпшілігі жаңа алфавит пен орфографияны үйреніп алды. Қалың көпшілікке үйретуші 
өздері  болатынын  ескеріп  мұғалімдер    алфавит  пен  орфографияның  ережелерін 
үйренуге үлкен жауаптылықпен қарады. 
Қазір жаңа алфавитті мекеме қызметкерлері, ішінара колхозшылар үйреніп жа-
тыр».
 Үзіндідегі қарамен терілген сөздердің емлелік ерекшеліктері бар. Кириллицаға 
көшкеннен  кейін  де  латын  графикасының  әсерінің  болғанын  «і»  орнына  латынның 
«j» әрпі келуінен, «ұ» әрпін «у» әрпінің төбесіне сызықша қойып жазудан, «ү» дыбы-
сын «у»-мен таңбалаудан байқауға болады. Я жазылатын жерлерде 
йа
 жазылуы т.б. 
ерекшеліктер орын алған. Ескерту әрі ұсыныс ретінде бұл 
жағдай қазіргі латынға 
қайтадан  көшу  кезінде  де  болуы  мүмкін,  кириллицаның  әсері  бір  күн,  бір  сәтте 
тоқталып қалмайтынын ескеруіміз керек. 1. Жақын арада Мәдениет және демалыс 
паркында «Родина» атты жазғы кинотеатр ашылады. Кинотеатр №8 жауынгерлік 
«киножыйнақты»  көрсетумен    бастайды.    2.  «Алматы»  кинотеатрында  көркем 
суретті, түрлі түсті фильм «Сорочин» жәрмеңкесі. Сеанстар сағат 12-ден баста-
лады. 3. 20 апрельде кешкі сағат 8-де Опера және балет театрында әйел жастардың 
жыйлысы болады. 
Бұл хабарландырулардағы кейбір сөздердің жазылуы қазіргі емлеге 
сай келмейді.
Майдан газеттері тек кирилл алфавитімен жарық көрген. Яғни жаппай мобилиза-
циялау жазуға өз әсерін тигізген, бұл қоғам мен тілдің арақатынасынан туындаған, 
әлеуметтік-саяси  жағдайлар  кириллицаның  қолданысқа  енуіне  барынша  қолайлы 
жағдай  тудырған  заңдылық  еді.  Өйткені  бір  ғана  жазуды  қолдану  15  республи-
ка  өкілдерінен  жасақталған  армияны  басқару  үшін  өте  қолайлы  еді.  «Біздің  еліміз 
ўлы бостандық соғысын жүргізуде. Соғыс даласында біздің отанымыздың тағдыры 
шешіледі. Қызыл Армияның жауынгерлерінің, саяси қызметкерлерінің алдында ўлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет