234
зуы (А.Ремюза, 1822ж), қалмақ немесе моңғолия жазуы (Г. Роммель, 1823), грек жа-
зуы (Ю.Г.Клопрот, 1824 ж), славян халықтарының жазуы (Г.И.Спасский, 1857 ж), фин
жазуы (Ж.Аспелин, 1847 ж), якут/саха жазуы (Г.В.Ксенофонтов, 1933 ж.) десе, ал бір
сыпыра ғалымдар (Н.А.Аристов, И.А.Батманов) руникалық жазу ешбір алфавиттің
ықпалысыз-ақ өздігінен жасалып, түркі таңбалары негізінде туған төл жазуы деп
дәлелдейді. Түркітанушы, ғалым А.С.Аманжоловтың пікірінше, көне түркі руникалық
жазуы арғы ата-бабаларымыздың 1500 жыл бойы қолданған төл жазу екендігін
ешқандай күмән туғызбайды.
Түркі халықтарының тарихы тым әріден басталғанымен, олардан біздің заманға
жеткен жазба нұсқа дәуіріміздің VІІ ғасырынан басталады, соның өзінде де қағазға
жазылған мол материал түрінде емес, мола басына қойылған ескерткіш құлпы тастарға
қашалып жасалған жазба түрінде жетті. Мұндай нұсқа ғылымда
эпитафия
деп аталады.
Эпитафиялық жазбаның алғашқы түрі ХVІІ ғасырда қазіргі Тува автономиялық рес-
публикасы, Хакас автономиялық облысы жеріндегі Енисей өзені бойынан табылған.
Оны алғаш байқап, ғылым әлеміне паш еткен швед армиясының капитаны Фи́липп
Ю́хан фон Стра́ленберг. Бұл жазба табылған жерінің атымен Енисей ескерткіші деп
аталады. Бұдан кейінгі жылдарда да Енисей өлкесі аймағынан бірсыпыра эпитафиялық
ұсақ жазбалар табылды. Олардың жалпы саны 80 шақты. Солардың барлығына Ени-
сей ескерткіші деген ат қойылған.
Енисей ескерткішінің қай ғасырда жазылғаны белгісіз. Петербург университетінің
профессоры П.М.Мелиоранский Енисей ескерткішін түркі тілі жазба ескерткішінің
ең көнесі деп есептеп, оның жазылған уақыты VІ- VІІ ғасырлар болу керек десе,
Л.Р.Қызласов, И.В.Кормушин, И.А.Батманов, А.Н.Кононов сияқты біраз ғалымдар
ІХ-Х ғасырларда жазылған болар дейді.
Бұдан кейін 1889 жылы Сібір өлкесін зерттеуші Николай Михайлович
Ядринцев (1842-1894) Моңғолиядағы Орхон өзені бойынан белгісіз жазуы бар екі
үлкен құлпы тас табады. Кейінде айқындалғанындай, Орхон жазуы деп аталып кеткен
бұл нұсқаның бірі – түркі ханы Білге ханға, екіншісі оның туысы Күлтегінге арналған
тарихи-биографиялық ескерткіштер болған. Бірақ бұл мәлімет бірден белгілі бола
қоймады. Құлпы тастардағы жарияланғаннан жұмбақ жазулардың фотокөшірмелері
әр елде жарияланғаннан кейін ғалымдар олардың қай халықтың жазуы екендігін, онда
не айтылғанын білуге тырысады. Біраз ғалымдар көшпенді азиялықтарда көне жазу
болды деуге іштарлық жасап, готтардан, гректерден, финдерден, славяндардан қалған
жазу болу керек деп жорамалдайды. Ғылымда мұндай жұмбақ жазулар
Достарыңызбен бөлісу: