235
Орхон ескерткіштерін проза үлгісінде орыс тіліне аудару ісімен П.М. Мелиоранский,
С.Е. Малов та айналысты. Бұл ескерткішті поэзиялық туынды деп тауып, оны алғаш
рет орыс тіліне өлеңмен аударған Мәскеудегі Азия және Африка тілдері институтының
ғылыми қызметкері И.В.Стеблева. Оның аудармасы
Поэзия тюрков VІ-VІІІ веков
деген
атпен 1965 жылы Мәскеуде жарияланды.
Зерттеулер нәтижесінде құлпы тастардағы жырдың авторы және оны жаздырушы
Иоллығ-тегін деген ақын екендігі айқындалады. Иоллығ-тегін Білге ханның (Магилян)
баласы, Білге хан мен Күлтегін Елтеріс ханның балалары. Білге хан кезінде Күлтегін
оның әскербасы-батыры болған. Білге 734 жылы, Иоллығ хан 739 жылы дүние салған.
Орхон ескерткіштерінде Білге қаған мен Күлтегіннің және Тоныкөктің ерлік,
білгірлік істері, олардың түркі халықтарын бір хандың туы астына жинап біріктірулері,
жаугершілік жорықтары эпикалық, көркемдік тәсілмен баяндалады. Зерттеушілер бұл
ескерткішті VІ-VIII ғасырдағы түркілердің поэзиясы, олардың әдеби үлгілерінің бізге
жеткен бастамасы деп есептейді.
Бұдан кейін руникалық жазуларға қатысты жинау, бастырып жариялау, әр түрлі
тілдерге аудару, филологиялық талдаулар жасау жұмыстары қарқынды жүргізіледі
және күні бүгінге дейін жүргізіліп те келеді. Бұл жұмысқа А.С.Аманжолов,
Ғ.Ғ.
Мұсабаев, Ғ.Айдаров сияқты қазақ тілі мамандары да өз үлестерін қосты.
Құлпы тастар беттерінде сақталған руникалық нұсқалардың VII ғасырда жазыл-
ған дығын қарап, бұл жазу тек сол уақытта ғана болған деген қорытынды шықпайды.
Руникалық ескерткіштердің лексикасы да, морфологиясы да, синтаксисі де қалып-
тасқан, бір жүйеде, стандартта болып келетініне карап, ғалымдар бұл жазуды түркілер
өте ерте замандардың өзінде де қолданған болу керек дегенді айтады. Бірақ ондай
замандардан сақталған нұсқа біздің заманға жеткен жоқ. Сондықтан эпитафиялық
нұсқалар тілін түркі жазба тілінің бастапқы үлгісі, оның көне замандағы тілінің
көрсеткіші деп қараған мақұл.
Орхон-Енисей жазбалары деген жалпы атаумен топталған эпитафиялық нұсқалар
құрамына Отанымыздың әр түрлі аймақтарынан табылған бірсыпыра ескерткіштер
енеді. Мысалы, Енисей өзені бойынан, Тува елі мен Хакас автономиялық облысы
және Краснояр аймақтарынан табылған Талас, Турфан, Лена, Байқал т.б. деп аталатын
ескерткіштер де осы топқа жатады. Орхон ескерткіші деп аталатын нұсқалар да Онгин,
Күлтегін, Могилян немесе Білге қаған, Тоныкөк, Құтлұғ қаған, Күлі-шор, Мойын-шор,
Суджи, Иха-Асхед, Хойто-Тамир ескерткіштері дейтін бірнеше жазулардан құралады.
Руникалық жазудың шыққан төркінін айқындауда да әртүрлі пікірлер болды.
Қазірде ғалымдар оның шыққан төркіні – арамей жазуы негізінде калыптасқан Соғды-
Иран жазулары үлгісінде жасалған дыбыстық жазу десіп жүр. Бұл ескерткіштерге
филологиялық талдаулар жасаумен көптеген ғалымдар айналысты. Солардың ішінде
зерттеулерінің ғылыми мәні, кейінгі зерттеушілерге тигізген игілікті әсерінің күші
жағынан өзгелерден оқшауланатындар – В.Л.Томсен, А.Вамбери, В.Банг, В.В.Радлов,
П.М.Мелиоранский, С.Е.Малов. С.Е.Малов жазба ескерткіштерді барлық жағынан
талдаған: мәтінін берген, оны орыс тіліне аударған, историографиялықмәліметтерді,
сөздігін және грамматикалық очеркінжазған. Бұл еңбектің жариялануы көптеген
ұлтреспубликаларындағы ұлттық мамандардың көнежазбалар тілін өз тілдеріне
салыс тыра зерттеулерінекең жол ашты.
236
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі туралы айтылған біраз пікірлер бар.
Әйгілі түрколог, академик В.В.Радлов көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін үш
түрлі диалектіге бөледі: оның бірі – көне солтүстік диалектісі, екіншісі – оңтүстік
диалектісі (мұны автор ұйғыр тілі деп те атайды), үшіншісі – аралас диалект.
Бұлардың біріншісіне Күлтегін, Могилян, Тоныкөк, Онгин т.б. ескерткіштердің
тілдерін жатқызған. Екіншісіне – ұйғыр тілінде жазылған ескерткіштер тілі, үшіншіге
– солтүстік пен оңтүстік диалектісінің араласуынан туған Манихей ескерткіші, Ал-
тын жарық т.б. ескерткіштер тілдері жатады. Автор әр диалектіге тән фонетикалық,
грамматикалық ерекшеліктерді талдайды. В.В.Радлов жіктеуі жазудың сипатына,
дыбыстық, морфологиялық белгілерге негізделген.
Көне түркі ескерткіштерінің грамматикалық құрылысын зерттеумен белгілі
түрколог А.Н. Кононов та айналысты. Ол өзінің 1980 жылы жарық көрген
Достарыңызбен бөлісу: