241
тын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына біраз уақыт болғанымен,
бұл мәселе төңірегінде дау мен талас-пікір көп. Академик Ә. Қайдари, профессорлар
Ә.Жүнісбек, С.Мырзабек, А.Мектептегі, А.Фазылжанова т.т. көптеген тілші-ғалымдар
тарапынан ғана емес, басқа да сала адамдарын толғандырып, қолдарына қалам алғы-
зып отырған көкейтесті мәселе – латын әліпбиі мәселесі.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін академик Ә. Қайдари алғаш рет осы мәселені
қозғап, орыс жазуына негізделген қазақ жазуының әліпбиінен латын әліпбиіне көшу ту-
ралы жазған еді. Латыннан бұрын қазақ тілінің таңбалық жүйесін жасауды шетелдік
ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі. «Қазақ жазуының теориялық негіздері» атты
2010 жылы жарық көрген зерттеуінде Қ. Күдеринова қазіргі кириллицаға негізделген
әліпбидің жобалары ХІХ ғасырдың соңына қарай жасала бастағанын жазады. Ол бы-
лай деп жазады: «Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жобасын
Н.И.Ильминский жасады. Н.И.Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің өзіне тән дыбыс
дауыстылардың таңбалары мынадай болды: (үстіне ноқат салды – Ғ.Қ.Хасанов)
Достарыңызбен бөлісу: