Йұлай Шәмілұлы Висконсин университетінің (АҚШ) профессоры, Назарбаев университетінің «Түркітану және қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі Құрметті зиялы қауым, әріптестер! «Тамыры терең әліпби: жалпы түркілік бірегейліктің мызғымас негізі» атты
конференцияның ашылуымен құттықтаймын!
Құрметті қауым! Бүгін өзекті мәселені талқылағалы жатырсыздар. Ортақ түркі
әліпбиі туралы 1926 жылы Бакудегі Түркология конгресінде талқыланды. Латын
әліпбиіне Кеңес Одағы құлаған соң, 1990 жылдары Әзірбайжан мен Түркменстан,
2000 жылы Өзбекстан көшті. Қазір Қазақстан да латын қаріпіне көшуге дайындалып
тұр. Бұл өз кезегінде түркі халықтарының мәдени, тілдік, тағы да басқа қатынастарды
нығайтуға өз септігін тиігізетіні анық. Сонымен қатар бұл Қазақстанның әлемдік
кеңістікке де өтуіне де ықпал етеді. Қазақстан тілші мамандарына жаңа ұлттық
әліпбиді жасауда айтар мынадай тілегім бар:
-
біріншіден , Қазақстан қабылдаған латын графикасы негізіндегі қазақ ұлттық
әліпбиі қазақ халқының абыройын көтерсін. Америкада, Еуропада латын әліпбиін
жақсы білетін халықтар бірден түсінетін әліпби болсын;
-
екіншіден , түркі халықтарын біріктіретін әліпби болсын;
-
үшіншіден , жаңа ұлттық әліпби жасауда тілтанымдық принциптер ескеріліп,
кирилдегі кемшіліктер латын қаріпіне көшкенде қайталанбасын.
Бұл мәселелердің сәтті шешілуіне тілектеспін!