Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет9/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
протоалтай  ‒  проалтай  ‒  тектүрік  ‒  түптүрік  ‒  көнетүрік ‒ ортағасыр түрік ‒ 
ескітүрік
 болып келетін даму жолында ажыратылатын әр кезеңге лайық сөздік қорлары 
тек қана осындай төлтума қасиеттерін ескерген тұста ғана сыры мен қырын ашпақ.
Ең ғажабы, тек- және түптүрік ортақтығы сөз болған тақырыптарға байланысты 
дүниежүзі  ғалымдарды  таңғалдырған,  таң-тамаша  қылған,  тіпті  састырған  деуге  де 
болатын жәйттар аз емес.
Сексенінші жылдардың екінші жартысында Алматыға Ленинградтан арнайы ұшақпен 
жетіп келген үнді-еуропа тектілінің маманы профессор Николай Дмитриевич Андреев 
әлі есімде. Ұзақ өмірінің көрнекті нәтижесі іспеттес қолында жаңа ғана шыққан «Ран-
не индоевропейский праязык» деген қалың кітабы бар. Шашы аппақ ақсақалға дәл 
сол жылы біздің «Глагольно-именная корреляция гомогенных корней-основ в тюрк-
ских языках: Явление синкретизма» деген кітаптың артындағы  1-2 мыңдық түптүрік 
(пратүрік) лексиконы қолына түсіпті.
«Мен тірнектеп жинап, мыңдаған сөздерді жіліктеп бөліп, мүшелеп, реконструкция 
жасап, аяғында үнді-еуропа тектілінің ең ерте заманғы байырғы бореал протосөздігін 
қолдан жасап шықтым. Бұлар, былайша айтқанда, «өлі түбірлер», ойдан шығарылған 
лексема түрлері, абстрактты-шартты жорамал атау-сөздері еді...  
Енді, түптүрік сөздігіңізге қарасам, өз көзіме сенерімді де, сенбесімді де білмей, 
дал болдым да қалдым. Өйткені, сіз кітап соңында берген түптүрік сөздігіңізде менің 
бүкіл ойлап тапқан сөздерім өріп жүр ғой! Және де, бақсам, бұл түбірлеріңіздің басым 
көпшілігі әлі де түрік тілдерінің тілдік айналымынан шыға қоймаған сөздік қоры екені 
таңғалдырады. Бұл мүмкін емес нәрсе!»
                                                  
 


18
Мұнан да өрескел көрінсе де, мойындамасқа ылажы жоқ факт  ‒  Америка үндістері 
мен  түрік  тілінің  арасындағы  жақындық  екені  сөзсіз.  Майя,  ацтек  пен  инки,  яғни 
кечуада, 
йаш,  құш,  кел,  кет,  балдыз,  күн,  тек
  ж.с.с.  жүздеген  ортақ  түбірлер  мен 
грамматикалық форманттар ‒ тілші алтаистердің назарына әлі де жеке монографиялық 
зерттеу нысаны ретінде қолға алынған емес. Осы тұрғыдан алғанда, протоүндістердің 
бүгінгі Беринг бұғазы орналасқан жердегі құрғақ үстімен Америкаға ығысқан заманы 
уақыт мөлшері бойынша тектүрік те емес  ‒  одан әргі текалтай дәуіріне сай келетіні 
ерекше назар аудартады.
Әрі-беріден  соң,  мұнымен  де  протүріктерге  қатысты  жұмбақтар  аяқталмайды. 
Оқтын-оқтын түрік, әзери, қазақ, татар, құмық және басқа түріктектес ғалымдардың 
еңбектерінде шумер-түрік, дравид-түрік, этруск-түрік ж.б. салыстырмалар көрініс та-
уып отыратыны аян.
Әлбетте,  қатып  қалған  классикалық  қағиданың  тоңын  жібітіп  сеңді  қозғау  үшін 
жалғыз  тілдік  деректің  аздық  ететіні  ақиқат.  Кешенді  зерттеудің  нәтижесінде  ғана 
қорытынды-қарар бұлжытпас дерекке айналу мүмкін.
Сондықтан,  мақаламызда  біраз  осы  салаға  қатысты  іргелес  ғылым  салаларынан 
ақпарат беріп өтелік.
Паремиологиялық ортақтықтар.
Жуырда  қазақ  ғалымы  Мақсат  Байлының  «Илиада  глазами  тюрколога»  атты 
монографиясының  қолжазбасын  қарап  шығып,  кіріспе  жазып  беруге  келісімімді 
бердім. Жиырма-отыз жылдың нәтижесі екен. Қыруар еңбектің жемісі. 
Көне  грек  тілінің  маман-аудармашыларына  түсініксіз  бірталай  сөз  оралымдарды 
көнетүрік жазбалары мен қазіргі түрік тілдеріндегі, оның ішінде қазақ тіліндегі сөзбе-
сөз сәйкес семантикалық фразеологизм, идиома, мақал-мәтел нұсқаларын келтіреді: 
тәңіртек, жер иіді,  жел аяқ, ағаш атқа мінгізу, еңсесі биік, жел сөз, жан тәтті
 ж.б.
Бұл еңбекті паремиологиялық тек- және түптілдік ортақтықтарды ажырату (қалпына 
келтіру, реконструкциялау) бағытындағы алғашқы зерттеулердің бірі деп саралаған жөн.
Антропологиялық реконструкция.
 
Ең  соңғы  антропологиялық  реконструкцияның  деректеріне  сенсек,  халықтардың 


19
алмасуы, жаппай көшуі, бір жерден басқа жерге аусуы  –  шындыққа қатысы болған 
жағдайдың  өзінде  де,  толығымен,  жүз  пайыз  бұндай  тұжырыммен  сәйкеспейтін 
құбылыс екендігі дәлелденді. 
Басқа  елдердің  тарихына  көңіл  бөлмей-ақ,  тек  қана  қазақ  топырағын  әңгіме 
қылайық. 
Профессор Оразақ Ысмағұлұлының хронологиялық кестесі бойынша:
 
Проф.,  др.  Оразақ  Ысмағұлұлының  ең  соңғы  антропологиялық  зерттеудің 
нәтижесінде жасалынған хронологиялық кестесіне зер салсақ: жоғарғы палеолиттен 
бастап  –  мезолит  –  неолит  –  энеолит  –  қола дәуірі және ерте темір дәуірлерді тал-
дау  нәтижесінде  мыңжылдықтан  мыңжылдыққа,  ғасырдан  ғасырға  адамдардың  бас 
сүйектерінде күрт өзгерістер (халық алмасуы) және көп пайыздық өзгерістер (ассими-
ляция, араласу, кірігу) кездеспегендігі  –  үлкен жаңалық.
Мифтік дәлелдер...
Берелдегі Еуропа, Америка антрополог ғалымдарының «үнсіздігі» туралы...
Мифтік дәлелдерге келсек, олар  ‒  
• Викингтердің төл шежіресінде өз тегін «Нибелунг жырларындағы» бас кейіпкердің 
бірі Етсел  ‒  ғұн патшасы Атилладан өрбітуі, яғни біздің Еділ батырымыздан;
•  Жалпытүріктік  «Сұр  мерген»  аңызы  мен  «Илиада»,  «Одиссей»  жырлары 
арасындағы сюжеттік желілік сәйкестіктер (С.О.Талжанов);
• Америка үндістері мен прототүріктердің күнге табынуы мен күннен жаратылуы 
жөніндегі солярлық мифтері:  Контики   <*Күнтегі,  ж.б.
Жыр-эпостық реконструкция.
Таза  жыр-жыраулық,  эпостық  реконструкцияға  келсек,  ең  бірінші,  атап  өтуге 
тиісті ақпарат  ‒  бір жыл бұрын атақты неміс ғалымы Фридрих фон Дицтің көне грек 
эпосының  қайнар  бұлағы    ‒    түрік  халықтарының  батыр  жырлары,  дәлірек айтсақ, 
Гомердің  «Илиада»  поэмасындағы  сюжеттері  «Қорқыт  ата»  жырынан  алынғанын 


20
ғалымның дәлелдегеніне 200 жыл толуын ‒  ЮНЕСКО деңгейінде атап өткендігін еске 
түсірген абзал.
Археологиялық реконструкция.
Басқасын былай қойғанда, ең ірі жетіктіктерге ие сала болып табылатын жаңалықтар, 
негізінен, археологияға тікелей қатысты. Соңғы жиырма жылдың орасан зор олжасы  
‒  51 протоқаладан тұратын «Арқайым» алып кешені.
Арқайым әрі қала  ‒  әрі қорған  ‒  әрі тәңірлік ғибадатхана  ‒  әрі металлургиялық 
фабрика  ‒  әрі астрономиялық обсерватория көріністері.


21
Соңғы жылдары Қазақстанда дүниежүзіне жақсы таныс Алматыдағы “Алтын Адам” 
типіндегі ‒  оның әрі-бері жағындағы бірнеше мыңжылдық тарихы бар ескерткіштері 
табылды: Батыс Қазақстандағы Жылыой мен Теректіде, Шығыс Қазақстанның Шілікті 
жазығында, Қарағанды Қарқаралыда, Тараз маңында, Астана жанында және Оңтүстік 
Қазақстанда.
     
Алматы, Есік      Қарағанды, Қарқаралы       Батыс Қазақстан, Теректі


22
Берелдегі аттың реконструкциясы (сақ патшасы әйелімен, 13 ат денесі)
Тілдік реконструкциясы.
Тілдік реконструкциясының кейбір нәтижелері.
*p(~b)[i]r 
 ‘бір’, ‘бірінші’, ‘ілкі’, ‘алғашқы’  –
 
 
 
 
 
 
 
 
*түптүрік  >
 
 
 
 
 
 
 
 
көнетүр., 
 
 
 
 
 
 
 
 
жалпытүр.
 
 
 
 
 
 
 
 
және аратүр. 
*Орал-алтай  >  *алтай  >  *тектүрік   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
*үндіеуропа  >
 
 
 
 
 
 
 
 
басқа тілдік 
 
 
 
 
 
 
 
 
топтар
Түп-, тектүрік  *el>грек.  Ελλάδα,  эл-лин
Тіпті,  
*el
  –  түпмағынасы  ‘ел’, ‘мемлекет ( <  * ‘менің мемлекетім’)’, ‘атамекен, 
отан’, ‘туған жер’  >
Эл-лада
 (грек.  Ελλάδα),  
эл-лин, [х]ел-лим, эл‘
қала-қорған’ (“город-
полис”).
Түп-,
 
тектүрік  *er ~ *ar  >
үндіеур. 
 [H]er[o], ar[ias],[г]ер[ой], ар[ий]
*Er
  –  түпмағынасы  ‘еркек’, ‘ер азамат’, ‘қаһраман’  >  үнді еур.  
[g]er-  ~  [h]er-  
(гер-ой, гер [нем.], Гер-акл, т.т.)  /  *ar  ~  *ir  ( >ар-ий, Ир-ан
 сөзіндегі 
“ир-”
 ж.б.).
Түйін.
Ой  сорабын  жинақтағанда,  кешенді  түрдегі  түп-  және  тектүріктік  реконст рук-
циядеректері  бір-бірін  толықтырып,  алтай-түрік  протоортақтық  пен  жалпы  адамзат 
дамуының  бағзы  тұстарынатың  мәлімет  беріп,  жаңаша  ой-өрісін,  көш  бағыттарын, 
ежелгі тайпалар мен ұлыстардың байланыс қарым-қатынастарын, кірігу мен ажырау 
тенденцияларын, мәдени ауыс-түйістердің траекториялық картасын сызуға нақты жол 
ашып, тың мүмкіндіктер берері дау тудырмас ақиқат.
 
 


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет